Эстетикалық – бұл əсемдiкке, тұрпайылыққа, асқақтыққа, таяздыққа, трагедиялыққа, комедиялыққа жəне өзге де өнер мен өмiрдiң сипаттамаларына тəн жалпылықты бейнелейтiн эстетиканың ең кең жəне фундаменталды категориясы.
ӘСЕМДІК
Эстетикалықтың ең жоғарғы көрiнiсi өнердiң кейпiне енетiн əсемдiк болып табылады. Демек, əсемдiк – бұл «адам» туралы ұғымдардың бiрi, өмiрдiң барлық күрделiлiгi мен тереңдiгiн қамтитын оның анықтамаларының бiрi. Тек нақты өмiрдi ғана емес, əсiресе тарихтың өтпелi кезеңдерiнде өзi тудырған өмiрлiк əлемнiң шеңберiнен тысқа шығып, адамзатты прагматикалық немесе утилитарлық өлшемдерге сыймайтын өзге бағамен бағалайтын рухани өмiрдi де қамтиды».
ӘСЕМДІК ПЕН АСҚАҚТЫҚ
Кант рахаттанудың ауытқыған (потологиялық) және моральдық түрлерін ажыратады. Соңғысын басқаша айтқанда, рахаттану мен қанағаттанбау сезімдерін «құндылықтық эмоция» деуге болады. Осы сезімдердің, яғни эмоцияның негізінде еркіндік пен табиғат арасын жалғаушы және екеуінің ортасында орналасқан өнерді жасаушы «пікір айту қабілеті» туындайды. Осыдан Канттағы ақиқат-ізгілік-сұлулық бірлігін көруге болады.
ЭСТЕТИКА
Кантқа дейінгі зерттеушілер эстетиканы білімге де, моральға да жатқызған жоқ. Бірақ Кант олармен келісе отырып, антитезис ретінде: эстетикалықтың ақиқат пен ізгілік арасындағы жалғаушы буын екенін көрсетіп, дәл сонда теория мен практиканың кездесіп, бір-бірімен тұтасып кететінін көрсетті; оның бір бағытқа ғана қараған ескерткіш тәрізді емес, екі беті бар екенін айтты. Оның бір жақ беті әсемдік жайындағы – білімге қараса, екінші беті моральға қатысты – асқақтыққа қараған.
АСҚАҚТЫҚ
«Түн – асқақ болса, күндіз – әсем. Асқақтық – толғаныстарға жетелесе, әсемдік – өзіне баурайды дейді. Әсемдік – нақты форманы иеленсе, асқақтықта ол жоқ. Немесе асқақтық формасыз нәрселерге де тән». Канттың пікірінше, әсемдікке қарағанда асқақтықта эстетиканың шынайы мәні айқындалады. Себебі, әсемдіктің өзі рахаттануды білдіреді (сұлу, әсем, көрікті нәрселер жай қарағанның өзінде көз қуантып, көңілді марқайтып, жағымды әсер сыйлауы мүмкін), ал асқақтық беретін ләззатты парасат-пайымның ұшқырлығынсыз сезіну де, бағалау да мүмкін емес.