Дәрістің тақырыбы



бет4/6
Дата05.12.2023
өлшемі207,2 Kb.
#134410
1   2   3   4   5   6
Байланысты:
11 тақырып. Өнер философиясы 2021

Жаңа дәуірдің эстетикасы

  • Олар да өнерді өмірге, табиғатқа еліктеу деп білді. Бірақ осы кезеңдегі философ әрі өнер теоретигі, француз ойшылы Дени Дидро ағартушылық реализм саналған өз ұстанымының классицистерден айырмашылығын қарапайымдылық пен табиғилықта деп санады. Ол классикалық өнерді, трагедияны жоғары бағалай отырып, өз тарапынан трагедия мен комедияны біріктіретін «байыпты комедияны» жасайды. Барлық ағартушылар сияқты Дидро да өнердің міндетін қоғамға пайда әкелу, адамдарды жақсы мінез-құлыққа тәрбиелеу деп білді. Сонымен қатар Дидро ақиқат, ізгілік және әсемдікті қатар қояды. Және де оларға сирек кездесетін немесе көздің жауын алатын бір нәрсені қосатын болсаң, ақиқат әсемдікке, ал әсемдік ізгілікке айналып шыға келеді деп олардың бір біріне өтпелілігін көрсетеді. Сондай-ақ Дидро дүниені эстетикалық қабылдаудың, әсіресе, философ пен қарапайым адамды салыстырғанда әр түрлі болатынын жақсы аңғарған

Иммануил Кант

  • Канттың «Пікір айту қабілетіне сын» (1790) атты қабырғалы еңбегі эстетика мәселесіне арналған. Егер оның «Мен нені біле аламын?» - ақиқат, таным, «Мен не істеуім керек?» - мораль, этика, «Неге үміт арта аламын?» - сенім, дін мәселесіне қатысты болса, оның аталған үш шығармасы да тиісінше, алғашқысы – таным философиясына, екіншісі – эктикаға, ал үшінші «Пікір айту қабілетіне сын», ойшылдың бірінші, екінші және үшінші сауалдары жауап беретін – ақиқат пен ізгілікке – әсемдікті, яғни таным мен этикаға – эстетиканы қосып, осы негіздегі ойшылдың философиялық жүйесінің толықтай көрінуіне мүмкіндік берді.

Арсений Гулыга (1921-1996)

А.Гулыганың пікірінше: «Кант, таным мен этика, немесе ақиқат пен ізгіліктің арасына, екеуін біріктіруші буын ретінде әсемдікті орналастырады.

Және оның қалған екеуінің мәнін толықтыра түсетінін айтады. Философиямен танысудың жүйесін әсемдік теориясынан бастау керек дейді. Яғни үшінші «Сынмен» таныстық алдыңғы екі «Сынмен» таныстықтан бірінші жүруі керек, сонда барып ізгілік пен ақиқат мәні толықтай ашылады».



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет