13-14 ДӘРІС
Мектепке дейінгі ұйымда тәрбиеші жұмысын ұйымдастыруда жаңа технологияларды қолдану әдістері.
Жаңа технология үрдісінің талабы балаға білім беруде мақсатқа жету, іс-әрекеттері арқылы ойлау дағдыларын, таным белсенділігін арттыра отырып, баланың жан-жақты дамуына және жаңалықты тез қабылдауына әсер ету. Біздің балабақшамыздың негізгі мақсаты балаларға сапалы білім саналы тәрбие беру арқылы, денсаулығы мен физиологиялық дамуын қорғау және нығайту. Біздің заманымыз жаңа технология мен компьютер заманы. Соңғы жылдары біздің өмірімізге түбегейлі өзгеріс енгізді. Сонымен бірге педагогтың де рөлі өзгерді. Ол енді жоғарғы деңгейдегі жаңашыл ұстаз болуы тиіс. Оған қойылатын талап та жоғарғы деңгейде болады. Жаңа технологияның дамуының арқасында балалардың дамуына да үлкен үлес қосылды. Мемлекеттік білім стандарты деңгейіне оқыту үрдісін ұйымдастыру жаңа педагогикалық технологияны енгізуді өз міндетімізге алып отырмыз. Сондықтан оқу- тәрбие үрдісіне жаңа инновациялық әдіс-тәсілдерді енгізу бағытында бақша ішіндегі іс- шараларды бейне таспалар арқылы тамашалауға мүмкіндік жасалады. Тәрбиеленушілердің білімге деген қызығушылығын, талпынысын арттырып, өз бетімен ізденуге, шығармашылық еңбек етуге жол салу да ұйымның алдына қойған мақсаттарының бірі.
Мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелеу мен оқытудың инновациялық бағыттары. - Жаңашыл ұстаздар тәжірибесін тарату - Шығармашылықпен жан-жақты жұмыстану. Жалпы балабақшада баланың шығармашылық қабілетін дамыту. Жаңа стандарт негізінде білім беру үрдісі 5 салада ұйымдастырылады: «Денсаулық», «Қатынас», «Таным», «Шығармашылық», «Әлеуметтік орта».
Қазіргі таңда мектепке дейінгі білім беру мекемелерінде қолданылатын педагогикалық технологиялардың бірнеше түріне тоқталайық.
Ақпараттық технологиялар.Ойын технологиясы «Монтесори», «Мнемокесте», «Тәй-тәй», ТРИЗ технологиясы.
Ақпараттық технология мектепке дейінгі мекемелерде инновациялық білім беру құралдарын қолданудың маңызы зор. Инновациялық білім беру құралдарына: аудио, видео, құралдар, компьютер, интерактивті тақта, интернет, мультимедиялық құрал, электрондық оқулықтар, мен оқу әдістемелік кешендер, инновациялық ақпараттық банк, инновациялық сайт және тағы басқалары жатады.
Осындай құралдардың бірі-мультимедиялық оқулықтарды балабақшаларда кеңінен пайдалану. Бұл жағдайда тәрбиеші әр оқу іс-әрекеттерін бастар алдында жиі көрнекіліктер ауыстырмаған болар еді. Ал, мультимедиялық оқулықтар арқылы тәрбиеші уақытты тиімді және ұтымды пайдаланар еді.
Балабақша баласына мультимедиялық оқулықтар біріншіден, балалардың қызығушылығын арттырады, екіншіден, зейін қойып көрумен қатар түсінбеген жерлерін қайта көруге мүмкіндік алады.Мультимедиялық оқулықтар балабақшада балаларға арналған таптырмас құрал болып табылады. Өйткені, балалардың зейіні әр түрлі әдемі түстерге, ойыншықтарға, әдемі суреттерге, әсемдікке әуес болады.
Мультимедиялық электронды оқулықтар бала үшін де, тәрбиеші үшін де күнде дамытылып отыратын анық түрдегі әдістемелік жүйе болып табылады.
Балабақшада биылғы оқу жылдық жоспардағы тақырып бойынша электронды көрнекіліктер дайындадық. Әр пән бойынша бұл электронды көрнекіліктің тиімділігі бала оқу іс әрекетіне қызыға, белсене қатысады.Электронды қазақ үй- бабаларымыздың бізге жеткен бай рухани мұраларын бүгінгі және келешек ұрпаққа жаңаша үлгіде насихаттайтын заманауи тәрбие құралын Алматы қаласындағы «Ұлас» ЖШС-нен электронды киіз үйді алғанбыз. Бұнда 1200 өлең, тақпақ, Абайдың қара сөздері және ертегілері бар.Электронды киіз үйді кез-келген оқу іс әрекетінде күннің ІІ жартысында, түскі ұйқы мезгіліндеде пайдаланамыз.
Cонымен қатар қазіргі заманның талабына сай интерактивті тақтаның функциясының «Активстудио» деп аталатын программамен де жұмыс жасауды қолға алып жатқан жайымыз бар. Яғни тәрбиешілеріміз флипчартпен жұмыста кез келген суретті түрлі фунцияға түсіріп балалардың қызығушылығын арттырып жатыр. Сонымен қатар тақырыпты жақсы түсіндіруге септігін тигізуде.
Ойын технологиясы. Ойын арқылы оқыту технологиясының мақсаты дидактикалық, тәрбиелік, дамытушылық, әлеуметтендірушілік мақсатқа жету. Ойын технологиясының ерекшелігі ойындық іс-әрекеттің психологиялық механизмі жеке бастың өзіндік талап-талғамдарына сүйенеді. Баланың бойындағы білімділік, танымдық, шығармашылық қасиеттерін аша түсуді көздейді.Ойын - балалар үшін оқу да, еңбек те. Ойын айналадағы дүниені танудың тәсілі.Сонымен қатар, ойын балаларға өмірде кездескен қиыншылықтарды жеңу жолын үйретіп қана қоймайды, олардың ұйымдастырушылық қабілеттерін де қалыптастырады.
Ойын-әлеуметтік қызмет. Ол баланың жасына қарай өзін қоршаған ортаны танып білуге құштарлығын арттырады.
Достарыңызбен бөлісу: |