В.В.Воскобовичтың ойын әдісі - В.В.Воскобовичтың әдістемелік құралдарын пайдалана отырып, балалардың ой-танымын қызығушылығын, шығармашылығын дамыту, мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру ұйымдарында В.В.Воскобовичтың ойын құралдарымен жұмыс жасай отырып балалардың логикалық ойлау қабілетін арттыру. Ойын барысында танымдық есептерді шешу арқылы зейін қоя білу, есте сақтау, байқағыштық қабілетін дамыту.
Өздігінен даму технологиясы-бұл баланы жан-жақты дамыту, дербестікке тәрбиелеу, бала санасында нәрселер әлемі мен ойлау әрекетінің бірігуі.мұнда оқыту бала дамуына сәйкес табиғи болуы керек, сонда ғана бала өзін дамыта алады.М.Монтесори педагогикасының түсіндіруінше баланың туғаннан азамат болғанға дейін барлық өмірі- оның еркіндігі мен дербестігінің дамуы болып табылады.
Мария Монтессори (1870-1952) Италияда дүниеге келген, сол елдегі медицина докторы дәрежесін алған алғашқы әйел адам болды. Өз ісінің бастапқы негізін ол жүйке- психикалық дамуы бұзылған балаларды емдеумен айналысумен бастайды. Мұндай балалармен жұмыс істеудегі тәжірибесі «зияты дамымаған балалар» емдеуге қарағанда педагогикалық тұрғыдағы мүмкіндік береді. Зияты дамымаған балалармен жұмыс тәжірибесі М.Монтесоридің көңілін қалыпты балаларды тәрбиелеу проблемасына аударады, оның жүйесінде Ж.Ж.Руссо, Ә.Сеген және т.б белгілі философ, педагог және дәрігерлердің тәрбиелеу қағидалары дами түсті. Қазіргі кезде М.Монтесори жүйесін дүние жүзіндегі көптеген балалар мекемелері қолданады.
Біздің балабақшаның педагогтарының аса қызығушылығын туғызып отырған емін - еркін тәрбиелеу ұжымының практикалық тиімділігінің тамаша көрінісі болып табылатын М. Монтессори тәрбиелеу мен оқыту жүйесі болып отыр, бұнда басты назар бала болса, ал ересек адам – баланы жеке тұлға етіп тәрбилеуде кәсіби көмекші әрі бақылаушы есебінде болады. М. Монтессоридің педагогикалық жүйесі көпшіліктің есебі бойынша әлемдегі ең үздік 10 педагогиканың бірі болса, көптеген мемлекеттерде ең таңдаулы педагогика болып есептеледі. М. Монтессори жүйесінің ең басты принципі: әрбір бала жеке жоспар бойынша арнайы дайындалған ортада жеке өз бетінше дамиды, жетіледі, ал негізгі ұраны: «Мен өзім жасауыма көмектес». Ересек адамның атқаратын қызметі; әрбір балаға жеке даму жолын тауып беріп, олардың табиғи қабілеттерін ашу; М. Монтессоридің жүйесінің негізгі құрамдас бөлігі: ересектер дамитын орта, дидактикалық құралдар.
Монтессори технологиясының 7 аймақтан тұратыны баршамызға белгілі. Міне осыған біздің балабақшада тың жаңалық идея қосып, 8 аймақ қылып «Халықтық педагогика» аймағын қостық. Мұндағы мақсатымыз- балалардың бойына қазақи салт – дәстүрімізді, тұрмыс – тіршілігімізді, әдет – ғұрпымызды дәріптеу, ұлтжандылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу болып табылады. Әр аймақтың өзіне сәйкес пайдаланатын құралдары болатыны анық. Сол сияқты осы аймақтың да құралдарын дайындадық.
Мнемокесте – есте сақтау қабілетін жеңілдететін және қосымша ассоциацияларды құраумен есте сақтау көлемін кеңейтетін әр түрлі тәсілдердің жүйесі.
Мнемокесте бойынша жұмыс жүргізу кезеңдері 3 кезеңнен тұрады:
1. Кестені қарастыру және бейнеленген суреттерді талқылау
2. Жалпы символдардан бейнелерді жаңғырту, мысалы: Үй – шатыр, қоян – ұзын құлақтар т.б
3. Қайта кодтаудан кейін құрастырған символдар бейнелер бойыша әңгімені, ертегіні, тақтақтарды мазмұндап бер.Мнемокесте мынадай бағыттар үшін қолданылады:
1. Сөздік қорларын байыту
2. Сөздің дыбыстық жағын дұрыс айтуға үйрету
3. -Сөйлем, әңгіме құрастыру
4. Әңгімені құрастыру
5. Жұмбақтарды жасыру және жауабын табу
6. Тақпақтарды жаттау
Мнемокестелерді баланың деңгейіне байланысты беріге болады. Мнемокестеде символдарды бейнеге аударамыз. Сонда балаға қонымды болады.
Балалардың ақыл-ойына, қабілеттерінің дамуына жетудің бірден – бір жолы – өзара тілдік қарым-қатынас. Біз өз тәжірибемізде жоғары топтарда оқу-іс әрекеттерді күннің ІІ жартысында тақырыпқа сәйкес қолданып отырамыз.Балалар суретте бейнеленген заттарды, құбылыстарды, көре отырып, сөздік байланыс құрады. Тақпақтар, жұмбақтар құрастырады.
«Тәй-тәй» технологиясының мақсаты: балалардың бірегей қабілеттерін дамытуға бағытталған айрықша әдістерді пайдалану арқылы балаларды тәрбиелеу мен білім беру істерін қолдау әрі дамыту, балаларды құбылмалы әлемдегі өмірге бейімдеу, олардың өз бетінше оқып үйренуге үнемі талпынысын қалыптастыру.
«Тәй-тәй» технологиясының міндеті:
Тәрбиелеу мен білім беру ісіне отбасын тарту, ата-аналарды педагогикалық үрдістерді жоспарлау мен ұйымдастыруға қатыстыру.
Технологияның ерекшелігі
Орталықтарға бөлініп, шағын топпен жұмыс атқару болады. Яғни, балаларды бірін-бірі сыйлауға, бір-бірінің сөзін тыңдауға, ынтымақта болуға дағдыландырады. Кіріктірілген сабақтар мен оқыту барысында балалар зерттеу жұмыстарынжүргізуге үйренеді.
ТРИЗ технологиясының ұраны «Барлығын айтуға болады?» Мектепке дейінгі балалық шаққа бейімделген технологиясы баланы шығармашылық тапсырмаларды орындауды үйретеді және оның бойында шығармашылық қажеттілікті дамыта отырып, оның қызығушылығына сүйене отырып, шығармашылыққа жүйелі түрде жетелеуге мүмкіндік береді.
Мектеп жасына дейінгі балаларға арналған әдіс-тәсілдер төмендегідей:
· . Бір-бірімен тығыз байланыста болатын бөлімдерден құралған жүйені біртұтас ретінде түсінік беру, объектінің осы шақтағы, өткен шақтағы және келер шақтағы жағдайын бөліп ала отырып, уақыт және кеңістік туралы ұғым беру.
· Каталог әдісі
Балаларды кез-келген таңдалған сөздің белгілерді екінші бір кез-келген басқа кітаптан алған сөзге ауыстыруға үйрету.
· Қарама-қайшылықты шешу әдісі – ұсынылған заттар мен құбылыстарды әр қырынан қарау;
· Сиқырлы объектілер әдісі – балаға таныс объектінің сипаттарын екініші бір объектіге таңып айту, қолдану;
· Салыстыру әдісі – заттар мен объектілердің ұқсастық, ерекшеліктерін анықтау.
Жүйелік жақындау
Осы әдістерді жүзеге асыру үшін келесі ойындарды қолдануға болады.1-10 дейінгі өткен және өтетін сандарды бекітуде «Не жетпейді?» «Ертегі түстері», «Бейне құрастыр» ойындары кең қолданылады.
Бала тілін дамытуда ТРИЗ технологиясын қолдану арқылы балалардың түсінігін кеңейтіп, сөздік қорын молайтып, ұғымын байыту мен қатар ойлау белсенділігін арттыру, тілдерін ширатып, өз бетімен жұмыс жүргізуін дамытамыз.