Дәрістік кешен Алматы, 021 ж. Дәріс – Микробиология пәні мен міндеттері. Микроағзалар әлемі. Микробиологияның даму тарихы


Еттің микробтармен экзогенді ластануы



Pdf көрінісі
бет53/64
Дата04.04.2023
өлшемі0,85 Mb.
#79063
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   64
Байланысты:
микро 11)

Еттің микробтармен экзогенді ластануы. Еттің бетіне микробтар қоршаған ортадан 
теріні сыдыру және ұшаны мүшелеу кезінде түседі. Тері әдетте микроорганизмдердің 
қоректік ортасы болып табылатын органикалық заттармен ластанған болып келеді. Тері 
микробтарының арасында коккалар, бактериялар, бациллалар, саңырауқұлақтар
сапрофиттер, дерматомицеттер кездеседі. Мұндай терімен жанасқан ұшаның еті ластанады. 
Ұша бетіне микробтар құрал-жабдықтар, киім-кешектер және жұмысшылардың қолдары 
арқылы түседі. Малды бауыздау кезінде микробтардың күре тамыр арқылы қанға еніп
ұшаға таралуы әбден мүмкін. Міне сондықтан да малының терісі ғана емес, сойыс кезінде 
қолданылатын заттардың бәрі де таза болуы абзал. Ішектің жарылып, жынның ұшаны 
былғауына жол бермеу керек.
Терісі мен ішек-қарындары алынған малдың ұшасын тазартып алған да артық емес. 
Ластану дәрежесіне байланысты ұшаны құрғақ немесе ылғалды тәсілдің көмегімен 
тазартады. Құрғақ тәсілде ұшаның ластанған жерлері судың көмегісіз тазалананады. Сол 
себептен фасциялар, бұлшық еттер, ұйыма сұйықтықтар кебіңкіреп, қабыршақ пайда 
болады. Мұндай жағдай микроорганизмдердің ұлпаларға енуіне, өсіп-өнуіне кедергі 
туғызады. Ылғалды тәсілді қолдану микробтардың 90%-ынан арылуға мүмкіндік береді, 
алайда тазарту кезінде ұлпалар қопсып, ылғалдана түседі. Мұндай ет нашар сақталады. 
Сондықтан да мүмкіндігінше ұшаны тазарту кезінде суды қолданбаған жөн. 
Санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтаған жағдайда ұшаның бір шаршы 
сантиметрінде бірнеше мың немесе ондаған мың микроорганизмдер болады, ал сойыс 
кезінде тазалық сақталмаса олар жүз мыңдап, тіпті милииондап саналады. Ұша бетінде 
стафилококкалар мен микрококкалар, ішек таяқшасы тобына жататын бактериялар, әр 
түрге жататын шіріткіш аэробты бациллалар, анаэробты клостридиялар және спора 
түзбейтін бактериялар, ашытқылар, сүт қышқылды бактериялар, саңырауқұлақтар 
кездеседі. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   49   50   51   52   53   54   55   56   ...   64




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет