Дәрістік кешен Алматы, 021 ж. Дәріс – Микробиология пәні мен міндеттері. Микроағзалар әлемі. Микробиологияның даму тарихы



Pdf көрінісі
бет61/64
Дата04.04.2023
өлшемі0,85 Mb.
#79063
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   64
Бақылау сұрақтары: 
1. Еттің микробтармен эндогенді және экзогенді ластану көздері. 
2. Еттің жетілуі кезінде микробтардың өсіп-өнуіне әсер ететін факторлар.
3. Токсикоинфекциялар және микроорганизмдер тудыратын токсикоздар. 
4. Жұмыртқаның микробтармен эндогенді және экзогенді ластану көздері. 
Пайдаланылған әдебиеттер: 
1. Төлемісова, Ж.К. Тағамдық микробиология [текст] . - Алматы : Нур-Принт, 2015. - 
152 б. - Библиогр.: б.150-151. - ISBN 978-601-7390-51-8 
2. 
Салтыбаев, А.Д. Микробиология [текст/ Электронный ресурс] : Оқу құралы. - 
Алматы : Альманахъ, 2017. - 144 б. - ISBN 978-601-263-298-9
3. Уәлиева, П.С. Микробиологиядан зертханалық сабақтарға әдістемелік нұсқаулар 
[Текст] . - Алматы : Қазақ университеті, 2016. - 98 б. - ISBN 978-601-04-1873-8 


4. Батыргалиева, М. Микробиология [текст] : оқу құралы. - Астана : Фолиант, 2016. - 
96 б. - (Кәсіптік білім). - ISBN 978-601-302-449-3 
5. Рябцева, С.А. Микробиология молока и молочных продуктов [Текст/Электронный 
ресурс] : учебное пособие. - СПб. : Лань, 2018. - 192 с. - (Учебники для вузов. 
Специальная литература). - ISBN 978-5-8114-2752-9 http://library.atu.kz/files/9719.pdf 
Дәріс 14-15 –Спирттік ашу, оның химизмі мен қоздырғыштары
Дәріс жоспары 
1. Мәдени және жабайы ашытқылар спирттік ашудың қоздырғыштары 
2. Ашытқыларды спирт өнеркәсібінде, шарап дайындауда, сыра қайнатуда және нан 
пісіруде қолдану.
3. Спирттік ашуда глицеринді алу.
1. Этил спиртінің негізгі продуценттері практикада кеңінен қолданыс тапқан, 
жоғары сатыдағы
саңырауқұлақтардың әртүрлі кластарына жататын біржасушалы 
эукариотты ағзалар — ашытқылар болып табылады. Ашытқылардың ең көп тараған көбею 
әдісі — бүршіктену. Ашытқылар — тыныс алу аппараты қалыптасқан аэробтар, бірақ 
анаэробты жағдайда спиртті ашытуды жүзеге асырып, субстратты фосфорлану есебінен 
энергия алады.
2. Өнеркәсіптің бірқатар салалары ашытқылардың тіршілік әрекетіне негізделген 
(шарап дайындау, спирт өндірісі, сыра қайнату, нан пісіру өндірісі). Спирт синтетикалық 
каучук өндірісінде химиялық шикізат және еріткіш ретінде кеңінен қолданылады. Оның 
қосымша өнімдеріне глицерин, жоғары спирттер, сивуш майы, альдегидтер, органикалық 
қосылыстар, эфирлер, көмірқышқыл газ жатады.
Шикізаттарына: 1. Құрамында крахмалы бар материалдар: астық (қара бидай, бидай, 
жүгері, арпа, сұлы, тары, картоп); 2. Құрамында қанты бар материалдар: меласса (қант және 
крах өндірісінің қалдықтары), қант қызылшасы; 3. Ағаш сүрегі; 4. Ауыл шаруашылық 
өндірісінің қалдықтары. 
Спиртті өндіру технологиялары. 
1. Құрамында крахмалы бар материалдар: 1 сатысы. Крахмалды еріту үшін шикізатты 
майдалайды және езілгенше қайнатады. Алынған массаны салқындатады және 
саңырауқұлақтардың (Aspergillus niger) немесе солодтың амилолитикалық ферменттерімен 
өңдейді. Бұл үрдісті міндетті түрде жасаған дұрыс, себебі ашытқылар тек моно – және 
дисахаридтерді ғана сіңіре алады. Қантталған меласса (затор) мальтоза, глюкоза, декстрин 
көмірсуларының қоспасынан тұрады. Сонымен қатар, онда пептидтер, аминқышқылдар, 
фосфоорганикалық қосылыстар, минералды тұздар, микроэлементтер бар.
2 сатысы. Қантталған массасының ашуы. Заторды пастеризациялайды және 30°С дейін 
салқындатады, күкірт қышқылымен рН 3,8 – 4,0 дейін қышқылдайды. Ашытқылар жоғары 
ашыту белсенділігіне ие болуы керек, яғни, анаэробты жағдайда қоректік ортаның басқа да 
компоненттерін пайдаланып, қантты тез және толық ашытуы тиіс. Ашытқылар өздерінің 
зат алмасу өніміне және инфекциялардың дамуына төзімді болуы тиіс. Қазіргі уақытта 
өндірісте басқа ашытқыларға қарағанда беттік ашуды қамтамасыз ететін Saccharomyces 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   56   57   58   59   60   61   62   63   64




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет