Невроздың себебі – үстемдікке ұмтылу мен өзіндік толымсыздық сезімі арасындағы конфликт.
Невроздың сипаттамасы мынадай:
Неврозбен ауыратын адамдар өздерін басқалар еркелеткенін қалайды, басқа адамдарға тәуелді болуға ұмтылады.
Толымсыздық сезімін бірнеше жолмен жеңуге болады:
жемісті компенсация жолымен, оның нәтижесінде индивид негізгі өмірлік жақсы жағдайларға жету үшін күресу жолында мақсатына жетеді;
шектен тыс компенсация (балалық шағында қағажу көргендер қолына билік тигенде диктаторға айналады);
«ауруға берілу» жолымен, үстемдікке жетудің жасырын тенденциясын көрсетеді.
Бұл жол неврозға әкеледі.
Индивидуалдық психотерапия негізгі үш кезеңге бөлінеді:
1) келушінің өмір стилінің ерекшеліктерін психотерапевтің түсінуі;
2) келушінің өзін және өзінің мінез-құлқын түсінуіне көмектесу;
3) жоғары әлеуметтік қызығушылығын қалыптастыру.
Тақырыпты пысықтауға және бекітуге арналған сұрақтар:
1. А.Адлер өзінің психоаналитикалық бағытын неге және неліктен осылай атады?
2. Адлер классикалық психоанализдің қандай тұжырымдарымен келіскен?
3. Адлер классикалық психоанализдің қандай тұжырымдарымен сынаған?
4. Адлер психоанализге қандай жаңалық енгізді?
5. Толымсыздық комплексінің жағымды және жағымсыз көріністері.
ТАҚЫРЫП 5
ПСИХОДРАМА
Сабақтың мақсаты:
Практикалық психология тәжірибесінде психодраманың элементтерін қолдана алу білім, білік, дағдыларын үйрету.
Жоспар
1. Психодраманың теориялық негіздері
2. Психодраманың психотехникалары
Психодраманың негізін қалаушы америкалық психиатр, әлеуметтік психолог Якоб (Джекоб) Леви Морено (1892-1974) болып табылады.
Психодрама – жүйке-психикалық бұзылуларды емдеу ғана емес, сондай-ақ тұлғалық қорлар мен шығармашылық мүмкіндіктерді ашатын кең тараған әдіс.
Достарыңызбен бөлісу: |