Дәстүрлі аймақтық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары



Pdf көрінісі
бет7/48
Дата31.12.2016
өлшемі5,5 Mb.
#845
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   48

УДК 37 ББК 30.6-74 И 66 
 
                              ИГРОВАЯ ТЕХНОЛОГИЯ НА УРОКАХ РУССКОГО  ЯЗЫКА 
 
Батырбай Б. Н. 
КГУ «Средняя школа имени Ы.Алтынсарина», Карасайский район, ст. Шамалган, 
batyrbay68@mail.ru 
 
В  нашей  школьной  жизни  появились  новые  информационные  технологии. 
Наибольшую  актуальность  вопрос  о  роли  современных  технологий  получил  в  связи  с 
внедрением в практику учебно- воспитатаельного процесса компьютеров, объединенных как 
в локальные сети, так и имеющих выход в глобальную сеть. 

45 
 
Применение  информационных  технологий  в  процессе  обучения  в  школе  позволяют 
активизировать  познавательную  и  мыслительную  деятельность  учащихся.  Они  дают 
возможность  не  только  изменить  формы  и  методы  учебной  работы,  но  и  существенным 
образом  трансформировать  и  обогатить  оброзовательные  парадигмы.  Изменению 
подвергаются даже такие фундаментальные навыки, как умение читать и писать. 
Новая  грамотность  предпологает  овладение  умением  ориентироваться  и 
информационных    потоках,  в  среде  мультимедиа,  создавать  гипермедиа  объекты. 
Современный  человек  еще  в  школе  должен  научиться  читать  и  писать  применительно  к 
мировому тнформационному пространству. 
Ученик  становится    не  просто  субъектом    педагогического  процесса,  но 
исследователем, умеющим самостоятельно и творчески, в меру своих способностей выявлять 
и  решать  широкий  круг  задач  гуманитарного  и  научного  общения  с  окружающим  миром, 
делать  заключения  и  давать  необходимые  пояснения.  Компьютер  дает  возможность 
максимально  индивидуализированное    обучение,  сделать  процесс  обучения  творческим, 
исследовательским. 
В своей профессиональной деятельности мне посчастливилось работать с опытными 
учителями  информатики,  которые  показали,  как  можно  организовать  самостоятельную 
деятельность, работая с компьютером, научили работать в Aktiv studio, создавать флипчарты. 
В  своей  практике  в  последнее  время  часто  провожу  уроки  с  использованием  презентации. 
Разбудить  интерес  к  русскому  языку  помогают  уроки  с  использованием  информационной 
технологии.  Уроки  с  использованием  информационной  технологией  очень  нравятся 
учащимся. Они с большим интересом выполняют задания на интерактивной доске. 
Презентации составляю как сама, так и даю задания учащимся.  «Интерес к учению, - 
писал  В.  А.  Сухомлинский,  -  появляется  тогда,  когда  есть  вдохновение,  рождающееся  от 
успеха…». Наличие в презентации анимации, звуковых фрагментов, красочного оформления 
позволяют    сделать  урок  более  красочным  и  эмоциональным,  что  очень  важно  для  детей, 
поверьте разного возраста. На уроке ученики играют, читают, пишут, рисуют. 
Текстовой  Microsoft  Word  творит  чудеса,  т.к.  компьютер  подчеркивает 
орфографические,  грамматические,  речевые  и  пунктуационные  ошибки.  Во  время  уроков 
предусматривается чередование различных видов деятельности, чтобы каждый ученик смог 
индивидуально поработать  с интерактивной доской. «Умная машина» оценивает их знания. 
На  уроках  демонстрируются  яркие  и  обширные  возможности  применения  ИКТ.   Учащиеся 
работают на уроке в разных режимах – индивидуальная, парная и фронтальная работы. 
 
Урок русского языка, 8 класс ( игровая технология) 
Урок № 
14-5 
Дата 
20  октября  2014 год 
Предмет 
Русский язык 
Класс 
8  «А», «Б», «В», «Г» 
Тема урока 
Правописание сложных прилагательных. 
Цели урока 
Дать понятие о правописании сложных прилагательных ;путем повторения 
правил  и  выполнении  заданий,  закрепить;  организация  деятельности 
учащихся по овладению новых знании и способов деятельности 
Задачи: 
Образовательная-закрепить    известные  сведения  о  прилагательном; 
продолжить знакомство о сравнительной степени прилагательных;    
о  сложных прилагательных и правописании сложных прилагательных; 
Развивающая:  развитие  речевых  навыков;  развитие  ассоциативного  и 
творческого  мышления;  развитие  коммуникативных  способностей 
учащихся; 
Воспитывающая:  воспитание  активности,  познавательного  интереса  к 
предмету. 

46 
 
Ключевые 
идеи 
Познакомить  с  новым  материалом    по  теме  «Сложные  прилагательные. 
Правописание сложных прилагательных», отработать постер  со способами 
правописания сложных прилагательных ,закрепить навыки правописания. 
Ожидаемый 
результат 
Учащиеся знают, какие прилагательные называются сложными ,различают 
сложные прилагательные от сравнительной степени прилагательных , знают 
правописание  сложных  прилагательных  ,умеют  правильно  читать  с 
интонацией. 
Источники  и 
ресурсы 
Интерактивная доска, стикеры, карточки, маркеры, смайлики. 
         
Ход урока: 
Этапы урока 
Деятельность  
учителя 
Деятельность 
ученика 
Применяемый 
модуль 
Формы работы 
Орг.момент 
Приветствие, 
эмоциональный 
настрой на урок. 
Физминутка. 
Деление на 
группы. 
«Круг большой, 
меньше и более 
маленький» 
Приветствуют 
учителя. Слушают, 
наблюдают, 
настраиваются 
восприятие 
материала урока 
Делятся на группы.  
(Слайд №1) 
Новые 
подходы в 
обучении 
Индивидуальная 
Проверка 
дом.задания 
Прием  горячий 
стул 
Ученики 
задают 
вопросы 
учащемуся,  
сидящему на стуле. 
Сами расскрывают 
новую тему.  
(Слайд №2) 
Оценивание 
для обучения 
И  оценивание 
обучения 
Индивидуальная 
Стадия 
вызова 
Работа с 
эпиграфом 
стр.47 
Внимательно 
читают, обсуждают 
В группе и делают 
свои выводы. 
(Слайд №3) 
Обучение 
Критическ 
Мышлению. 
Групповая 
Осмысление 
содержания 
Прием  
составление 
постера. 
Записи должны 
быть краткими, 
представлять 
собой ключевые 
слова или фразы, 
отражающие 
суть. Защита 
каждой 
Группы. 
Оценивание на 
листе 
оценивания 
работу каждого 
ученика лидером 
в группе и 
Читают параграф, 
обсуждают друг с 
другом и рисуют на 
ватмане по теме 
«Сложные 
прилагательные. 
Правописание 
сложных 
прилагательных» 
постер 
(Слайд № 4) 
Новые 
подходы 
В обучении 
(диалоговое 
обучение) 
Обучение 
критическому 
мышлению. 
Использование 
ИКТ в 
преподовании 
и обучении 
Преподование 
и 
Обучение с  
ворастными 
особенностями 
учеников 
Индивидуальная, 
парная,  
групповая 

47 
 
самооценивание. 
Закрепление 
Выполнить 
упр.1,2,3,4. 
Учащиеся 
выполняют 
задания, 
обсуждают, делают 
свои выводы  
(Слайд № 4) 
Управление и 
Лидерство 
в 
обучении 
Парная, 
групповая 
Рефлексия 
Прием 
«Смаилики» 
Делают  вывод  для 
себя 
(устно) 
Оценивание 
для обучения и 
Оценивание 
обучения 
Индивидуальная 
Домашнее 
задание 
Упр. 5, 6, 7. 
Стр. 47 
Записывают в 
дневниках 
 
Индивидуальная 
 
 
ӘОК37.013.02 
 
ОҚУШЫЛАРДЫҢ  БОЙЫНДА  АДАМГЕРШІЛІК  АСЫЛ  ҚАСИЕТ 
МҰҒАЛІМНІҢ  РОЛІ 
 
Белгібекова Г.Қ., Онгарбаева С.С. 
І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, Талдықорған қ., 
Ongarbayeva_ss@mail.ru 
 
Жаңа  адамды,  болашақ  қоғам  адамын  рухани,  интеллектуалдық  жағынан  дамыта 
тәрбиелеу айрықша қойылған мәселе. 
Ұлт  болашағы  –  ұрпағында  «Елімізді  2030  жылы  Орталық  Азия  Барысында» 
айналдыратын  күш  бүгінгі  мектеп  партасында  отырған  оқушылар  мен  15  -  20  жас  ара-
лығындағы жастар» -деген Елбасы мемлекет тағдыры мен ұрпақ тағдырын қатар қояды [1]. 
Сондықтан, мемлекетіміздің бүгінгі стратегиясы -өз жерін, елін сүйетін, адамгершілік 
қуаты  мол,  парасатты  ата  –бабаның  әдеп  –ғұрпы  мен  салт  –дәстүрін  бойына  сіңірген, 
ғылыми  жұмыстарға  бейім,  өз  ойын  еркін  жеткізе  алатын  дарынды,  білімді  де  салауатты 
тұлғаны тәрбиелеу.  
Ақыл-ой  алыптарының  бірі:  «Халықты  заң  арқылы  басқарса  және  тәртіпті  жазалау 
арқылы  орнатам  десе,  онда  халық  жазадан  қашамын  деп,  ар  –ұяттан  айырылады.  Ал,  егер 
халықты  қайырымдылықпен  басқарып,  тәртіпті  ата  –баба  дәстүр  –салты  бойынша  орнатам 
десе,  онда  халық  ар  –ұятты  сақтап,  қателігін  түзетеді,  нұсқаған  жолмен  жүреді»  -деген. 
Сондықтан  да,  мемлекетіміздің  ертеңгі  болашағы  –  жас  жеткіншектерді  адамгершілік 
қасиеттердің негіздерін қолдану арқылы тәрбиелеу –бүгінгі күннің басты міндеттерінің бірі.  
Қарым–қатынас    мәдениеті  мәселенің  кешеуілді  шешілуі  мектеп  пен  мектептен  тыс 
орындардағы, жанұядан тәрбиенің бір –бірімен үйлесімді, сәйкес келуін талап етеді. 
Қарым – қатынас педагогикалық жұмыстың қажетті кәсіби құралы. Ал, педагогикалық 
қатынасу –бұл жағымды психологиялық климатты жасауға  бағытталған мұғалімнің оқушы 
мен сабақ үстінде және одан бөлек уақыттағы кәсіби қатынасы. 
Дұрыс    құрылған  педагогикалық  қарым  –қатынас  материалдық  және  рухани  байлық 
секілді  ақпарат  алысуды  қажет  етеді.  Оқу  –  тәрбиелеу  үрдістері    әдісінің  дұрыс  жетілуі 
талабын  туындатады,  әлеуметтік  рольдерді  ауыстыруға,    тұлғаның  көпқырлығы  рөліне 
кіруіне  көмектеседі,  адамның  басқа  адамды  қабылдай  алу  үрдісіне  әсерін  тигізеді.  Бұл 
тұлғаның басты құндылығы болып табылады, әрқашан еркін ой, тіл табыса алады. 
Қазақтың  асқан  ойшылы  мен  ағартушысы  Шәкәрім  былай  деген:  «Адамның  жақсы 
өмір  сүруінің  негізі  –адал  еңбек,  арлы  парасат,  адал  болуы  керек»  [2].  Мінеки,  барлығына 
билік  жүргізетін  үш  қасиет  осылар.  Бала  жастан  адамдардың  бойында  биік  адамгершілік 

48 
 
сезімін, өзін -өзі сыйлай білу қабілетін қалыптастыру керек. Әр адамға сиқырлы тастардың 
қазынасы  деп  қарау.  Бұл  қазынаны  тек  дұрыс  тәрбие  ғана  қазып  алып,  адамзат  қажетіне 
жарата алады. 
Жасөспірімдердің  бойына  адамгершілік  асыл  қасиеттерді  дамыта  отырумен  бірге, 
мұғалім  мен  баланы  қарым  –  қатынас  демократиялы  түрде  болуы  шарт.  Қарым  –қатынас 
әдебіне  қатысты принциптердің сипатын табуға тырыстық. Олар төмендегідей: 
1)Үнемі жылы шырай таныту; 
2) Үнемі мадақтап отыру; 
3) Ынтымақтастық; 
4) Оқыту мен тәрбиелеу үрдісінің бірлігі; 
1.  Үнемі  жылы  шырай  таныту.  Мұғалімнің  әрбір  сөзі  оның  көңіл  –күйін  білдіреді. 
Мысалы үшін мына екі сөйлемді салыстырып көрейік: 
-«Айгүл, тыныш, басқалармен бірге қайтала!» 
-«Айгүл, қымбаттым, енді өзіңнің сөзіңмен қайтала!» 
Екінші сөйлем жылы сөзден тұрады. «Қымбаттым» деген сөзді жақсы көрмей тұрып 
та    айтуға  болады.  Мұғалімнің  жылы  шырай  танытуы  оның  сөйлеген  сөзінен,  дауыс  ырға-
ғынан,  қимыл–қозғалысанан  көрінеді.  Балалар  туралы  айтқан  әрбір  әрекетіне  көңіл  бөліп 
отыру баланың рухани өсуіне жақсы әсер етеді. Олар өздеріне сеніп, тапсырылған әрбір іске 
сеніммен кірісіп, өздерінің қабілетін толық ашуына мүмкіндік береді.  
2. Үлкендер қолдап отырғанда, балалар өздерінің біліктерін бұрынғыдан да табысты 
іске асырады.    
Олар өздерінің шығармашылық потенциялын шындап, іске асыруға құлшына кіріседі. 
Мұндай  балаларды  ешқандай  қиындық  қорқыта  алмайды,  қайта  шыңдай  түседі.  Мақтау 
балаға  қанат  бітіріп  қабілеті  мен  мүмкіншілігін  арттырады.  Мұғалім  оқушының  жақсы 
әскерлік жасауға тырысуын көргенде, оны үнемі мақтап отыруы керек. 
Мақтау  –  балаға  білім  беру,  мінезін  тәрбиелеу  жолындағы  ең  маңызды  кілт.  Бірақ, 
сезімге беріліп, баланы көп мақтап жіберуге болмайды.  Ол шын көңілден шығуы керек. 
Мұғалімді  рухани  өнегелі  жетекші  деп  айту  үшін  мына  жағдайларды  топтастыру 
керек: 
-Қиыншылықпен күресуге көмектеседі; 
-Кез келген қолайлы сәтті пайдаланып, баланы оқытып отырады; 
-Баланың өзіне еркіндік береді; 
-Баланы жетістікке жетуге тырысқаны үшін мақтап отырады; 
-Баланы үнемі бақылап, барлық тілегін орындап отырады; 
-Балаға, сізге қарап өзінің талаптын, жетістігін көріп отырып айна болу. 
3.  Ынтымақтастық.  Білім  беру  ісінде  оқушылармен  «Бірігіп  зерттеу  тәсілі»  көптеген 
мұғалімдердің құралы болып келеді. Біздердің, оқушы мен мұғалім ретінде бір  –біріміз бен 
ынтымақтыстығы  күннен  –күнге,  жылдан  –жылға  өсуі  тиіс.  Яғни,  білім  –таным  теңізінің 
атмосферасын құрау керек. Әрі қарай «Бірігіп зерттеу» барысында оқушылардың бір –біріне 
ынтымақтастығы, өзара қарым –қатынасы, таным әрекетінің нәтижесі, оңды әсер ететін атап 
өтуге болады.  «Бірігіп зерттеу» егер ойлау мен әрекет етуде бірігу болса, табыстарымыз да 
қомақты әрі тиянақты болады деген принципке негізделген.  
4. Оқыту мен тәрбиелеу үрдісінің бірлігі. Біздің білім берудегі мақсатымыз балаларды 
зерделі де өнегелі адам болып өсуге тәрбиелеу. Біліммен қатар оларға адамгершілік негіздері 
мен  өнегелі  өмір  принциптерін  бағалап,  өздері  таңдауына  жол  беру  керек.  Осы  нәтижені 
жігерлі  де  нәтижелі  шеше  алатын  балалар  өз  ойларын,  өз  пікірлерін,  өзінің  сезімдерін  дәл 
айта  бере  алуға  тез  үйренеді.  Олар  басқалардың  көңіл  күйін  бөлісе  өнегеліктің  проб-
лемаларын  талқылып,  шеше  алады.  Олар  өзін  -  өзі  танып  біле  алады  өзіне  сенімді,  өз 
сезімдерін  шын  айта  дұрыс  пікір  айтып,  басқаларға  көмектесе  алады.    Осыдан  тәрбие  мен 
тәрбиеленген  оқушылар  дарынды,  тәрбиелі,  адамгершілігі  мол  тұлға  болып  қалыптасады. 
Жалпы жеке тұлға қоғамдық қатынастардың ықпалынан болатындықтан қарым –қатынассыз 
адам  қалыптасуы  мүмкін  емес.  Сондықтан  тұлға  өзінің  айнала  қоршаған  ортаға,  басқа 

49 
 
адаммен қарым –қатынасқа түсуге әрқашан икемделіп, дамуы керек. 
Сонымен  бірге,  оқушылардың  мұғалімдер  олардың  бойындағы  қасиеттері  туралы  да 
ақпарат  алу  мектеп психологы үшін өте қажет. 
Оқушы мен мұғалім арасындағы қарым –қатынасты құру олардың өзіндік тұлғасы мен 
жеке  ерекшеліктерін  ашуға  көмектеседі.  Өзіне  демократиялық  стильді  таңдап  алған 
мұғалімге  оқушының  мақсаты  мен  әдісін  анықтай  алу,  оның  тұлғанысының  жетілуін 
бағдарлай білу, түсінушілік секілді  қасиеттер тән. Өзіне осы стильді   таңдап алған мұғалім 
«А»  тобының  оқушыларының  жауаптарынан  мынадай  қорытындыға  келеді.  Оқушылар 
мұғалімге сеніммен қарайды болашақ туралы жоспарларымен бөліседі. «Б» тобының сауал-
намасының нәтижесімен салыстырсақ, мұғалім бұл жерде авторитарлы стильді қолданады. 
Оқушылар:  «Мұғалім  бізді  түсінбейді,  біз  туралы  бағамызға  қарай  жорамал-
дайды,тұлға ретінде бағаламады, жеке ерекшеліктерімізге көңіл  бөлмейді, біз бір  –бірімізді 
түсінбейміз.Мұғалім үшін біз оның, өзінің педагогикалық әсер ете алатын объектісі ғанамыз» 
деп жауап береді. 
Оқу  тәрбие  үрдісіндегі  педагогикалық  қатынасудың  рөлін  дұрыс  бағаламауға 
болмайды. Қатысудың қызметі – тұлғаның өзін тануы. Бұл жердегі мұғалімнің міндеті –оқу-
шының өзіндік «менін» тануға көмектесу, өзінің қажет екендігін сезіндіру, өз  - өзін бағалай 
білуін  қалыптастыруға  ықпал  етеді.    Мұғалім  мен  оқушы  қатынасуының  өзіндік  мақсаты 
бірін  –  бірі  түсінуі.  Сабақты  жоспарлап  отырғанда,  өз  ойын  жақсы  жеткізе  алуға  өзінің 
талаптарын  туындата  білуге  үйрету.  Әсіресе,  оқушылар  мен  жұмыс  істеп  сабаққа  қызы-
ғушылығын арттыратын әдістерді қолдану қажет. 
Мұғалім  балаға  ең  дұрыс  қарым  –қатынаста  болуы  үшін  олар  туралы  мынандай 
деректерді білу қажет.  
1. Оқушылар туралы жалпы мәліметтер, аты – жөні, мекен - жайы, жанұясы т.б. 
2. Сыртқы қабілеті. 
3. Сөйлеу ерекшеліктері. 
4. Ақыл мен дарындылық құрылмы. 
5. Эмоционалдық сезімдік сферасы . 
 
6. Жеке тұлғаның іскерлік сапалары. 
7. Оқуға (еңбекке) әртүрлі міндеттерді орындауға қатынасы. 
8. Адамдармен қатынасының сипаты: -қатынас формалары. 
Қазіргі әлеуметтік жағдайға байланысты балалардың психологиялық тәрбиесіне көңіл 
толмайтын  жағдайларымыз  көп.  Мысалы,  өтірік  айту,  жағымсыз  қылықтар  т.б.  Қазіргі 
балалардың психологиясы қатты өзгерген. Мұғалімдер немесе ата  – ананалар баланың мек-
тептегі  негізгі  пәндеріне  ғана  (математика,  тарих,  информатика  т.б.)  көңіл  бөледі  де  оның 
ішкі жан дүниесіне сезіміне көңіл бөлмейді. Егер біз бүгінгі күннен балаларды адамгершілік 
қарым  –қатынасқа  тәрбиелемесек,  болашақта    олар  өз  елін  дамытуға,  өркендеуге  өз  үлесін 
қоса  алмайды.  Ал,  ондай  ұрпақ  өз  кезегінде  мемлекет  тірегі  болар  деген  сенімімізді  ақтай 
алмайды.  Сондықтан  қазіргі  жағдайда  бала  тәрбиесіне  басты  назар  аударуымыз  керек.  Тек 
тәрбие ғана емес, құнды, адамгершілік қасиетке, рухани  –білімділікке көп көңіл  бөлгеніміз 
жөн.  Ұстаздармен  қатынасқа  түскен  әрбір  шәкірт  өзіне  қажетті  құндылықтардың  бәрін  өз 
деңгейінде  меңгеруі    тиіс.  Бұл  адами,  біліми  құндылықтар  шәкірт  санасында  мәңгі  қалып-
тасып, өмір сапсында мәңгі қалыптасып, өмір барысында өз жемісін беруі керек.  
Жалпы  қорытындылайтын  болсақ  оқушылар  мен  қарым  –  қатынастағы  ұстаздың 
адамгершілік  позициясы  көп  нәрсені  өзгертетіні  анық.  Ол  тек  тәрбие  процесінде  емес, 
сонымен бірге білімділік, сапалылық деңгейде де көрінеді. Жас шыбықты қисық отырғызсаң 
–қисық,  түзу  отырғызсаң  түзу  өсетіні  сияқты  шәкіртті  де  адами  құндылыққа  толы, 
адамгершілік  таныммен  тәрбиелесе,  ол  ұстаз  тұлғасы  шәкіртінің  ойынан  есте  шықпайды. 
«Ұстазы  жақсының  ұстамы  жақсы»,  «Шәкіртіне  қарап  ұстазын  таны»  деген  асыл  сөздер 
мұғалімдердің  биік  санасына,  білімнің,  адамгершілік  қасиеттерінің  жоғары  деңгейіне 
айтылса керек. 
Шәкіртін  өнер  –білімге  баулап,  адамгершілік  ізгі  қасиеттерді  сіңіре  білген  ұстаз, 

50 
 
шәкіртінің  өмір  бойғы  ақылшы  досына,  сенімді  сырласына  айналады.  Есейіп  кетсе  де, 
өмірдің  қиын  –қиын  қырларын  асарда  мұғаліміне  келіп,  ақыл  –кеңес  алады,  ұмытпайды. 
Ұстазы еңбегінің  ұлылығы да осында жатса керек. 
Жақсы ұстаздан тәрбие алған оқушы да, шәкірті жақсы мұғалімі де бақытты болары 
сөзсіз. Ұстаз бақыты да осындай еңбекпен өлшенеді. 
Адамгершілік тәрбиесі - тәрбие салаларының маңызды бір құрамдас бөлігі. Жеке тұл-
ғаны жан-жақты жетілдіру процесінде ол ақыл-ой тәрбиесінен кейін маңызды рөл атқарады. 
Адамгершілік  тәрбиесінің  негізі  —  адамдарды  жалпы  адамзаттық  мораль  рухында 
тәрбиелеу. Мораль дегеніміз -адамдардың бір-біріне деген міндеттері мен қарым-қатынасын 
айқындайтын  мінез  -құлқының  нормалары  мен  ережелерінің  жиынтығы.  Мораль  латын 
тілінде "адамгершілік" ұғымын білдіреді. Моральдық принциптер адамгершіліктің мазмұнын 
жалпы түрде анықтайды. 
Ал адамгершілік дегеніміз — жағымды мінез-құлқының нормалары мен ережелерінің 
жиынтығы.  Мінез  деп  адамның  жеке  басындағы  қоғамдық  ортаның,  тәрбиенің  әсерімен 
қалыптасып, оның ерік күшімен өзіне және қоршаған өмірге қарым-қатынасын айқындайтын 
күрделі процесті айтамыз. 
Адамгершілік жиынтығы -  борыш болып табылады (Парыз). Яғни: 
-
 
адамның - адам алдындағы, қоғам алдындағы, отан алдындағы борышы; 
-
 
ата-аналардың  балалары  алдындағы  немесе  балалардың  ата-аналары  алдындағы 
борышы; 
-
 
жеке адамның ұжым алдындағы, ұжымның жеке адам алдындағы борышы. 
Адамгершілік борыш идеясы — бүкіл тәрбие процесінің саналы, негізгі өзегі болуын 
назардан  үнемі  тыс  қалдырмау  керек.  Олай  болса  адамгершілікке  тәрбиелеу  дегеніміз 
жақсылық атаулыға деген сезімді дамыту, өзгеге болмайтьш жамандық атаулыга жол бермеу 
деген  сөз.  Әрбір  адам  адамгершілік  ұстанымдарды  бұзу  —  жамандықтың  басталатын 
межесінен аттау екенін сезінуі қажет. 
Адамгершілік  -  қоғамдық  өмірдің  жемісі.  Ол  қоғам  өміріндегі  өзгерістерге  байла-
нысты дамып, жаңа мазмұн алып отырады.  
Таптық  қоғамның  жанашырлары,  соның  ішінде  идеалистік  сипаттағы  психология 
"адамда туа біткен адамгершілік" туралы бірқатар теорияларды дамытты. 
Бүгінгі  таңда  ғасырлар  қойнауында  қалыптасқан  ұлттық  бейненің  озық,  өнегелі 
дәстүрлерін  жас  жеткіншектер  бойында  адамгершілік  асыл  қасиеттерді  қалыптастыру 
қоғамымызда  аса  маңызды  міндеттердің  біріне  айналғаны  даусыз.  К.  Д.  Ушинскийдің: 
"Тәрбие халықтық ілтипатқа ие болған жағдайда ғана өз мақсатына жетеді" - деген идеясын 
дамыта отырып [3], Н. А. Добролюбов: "Нағыз шын адамгершілік қасиеттер қалың халықтың 
ішінде  болып  табылады,  халықпен  біте  қайнап  дамыған  адамгершілік  сол  халықтың 
ерекшелігін,  тілектері  мен  талаптарын,  үміттері  мен  болашақтарын  білдіреді.  Сондықтан 
мектеп  адамгершілігі  жоғары  жастарды  қалыптастыру  үшін  халықпен,  оның  өмірімен  өте 
тығыз  байланыста  болуы  тиіс,  халықтан  нәр  және  әсер  алып  отыруы  тиіс"-[4]  деген. 
Адамгершілік  тәрбиесіне  көзқарасында  ол,  ұлттық  тәлім-тәрбиенің,  оның  іргетасы  бола-
тындығын дәлелдейді. 
Адам  баласы  бойындағы  асыл  қасиеттері  мен  жағымсыз  қасиеттері  жөніндегі  күні 
кешегі  данакөз  қариялар,  ақылман  ата-бабаларымыздың  бізге  қалдырған  өсиет-өнегесін 
көлденең  тартсақ,  бүгінгі  мен  ертеңгі  ұрпақ  содан  тағлым,  тәрбие  алсын  дегеніміз  дағы  - 
деген тағы бір ойымыз адамгершілік тарбиесіндегі халықтық тәрбиенің мадыздылығын тағы 
бір айқақтайды. 

51 
 
Адамгершілік-адамның  рухани  арқауы-демекші,  оны  ұрпақ  тәрбиесінде  қалып-
тастыруда  қазақ  халқында  негізінен  эпостық  жырлар  мен  фольклорлық  шығармаларының, 
соның ішінде ауыз әдебиетінің орны ерекше болған. Адамгершілік қасиетін сіңіруде ұлттық 
салт-дәстүріміз бен халықтық өнеріміз оның берік діңгегі және ажырамас бөлігіне айналғалы 
қашан.  Сондықтан  да,  күллі  дамуымыздың  бағыт-бағдарына,  болашағымыздың  жарқын-
дығына  тікелей  қатысы  бар  ұлттық  тәлім-тәрбие  мәселесі  бүгінгі  өміріміздің  өзегі  бола 
бермек. Оның үстіне Қазақстан Республикасында тұратын әртүрлі ұлттар мен ұлыстар қазіргі 
кезде  өз  тілін,  өз  мәдениеті  мен  салт-дәстүрлерін  қалпына  келтіріп,  оны  жас  ұрпақты 
тәрбиелеу  мақсатына  пайдалануда  игі  істер  атқарып  жатқаны  бұл  мәселеде  оның  мәні  мен 
маңызын одан да жоғары арттыру қажеттілігіне күман туғызбайды. 
Адамгершілік  тәрбие  әр  уақытта,  әр  қоғамда  болып  келген.  Кешегі  кеңестік  дәуірде 
адамгершілік  тәрбие  дұрыс  болған  жоқ  деп  айта  алмаймыз.  Адамгершілік  кейбір  бағыттар 
замана өзгеруіне байланысты өзгеріп отырады. Себебі тәрбие - қоғамдық құбылыс. 
Адамгершілікті  мемлекет  қайраткерлері,  ғалым  ұстаздар,  көсемдер,  небір  жақсылар 
уағыздаған. Олар өз заманына сай ізгілікті, парасаттылықты, сананы, сезімді, саналылықты, 
инабаттылықты,  салауаттылықты,  адалдықты,  шыншылдықты,  т.б.  насихаттаған. 
Адамгершілік  тәрбие  біртұтас  оқу-тәрбие  процесінің  негізі  болып  табылады.  Адамгершілік 
қасиет  мораль,  этика,  өнеге  арқылы  айқындалады.  Мораль,  этика,  өнеге  адамгершіліктің 
күретамыры  болып  табылады.  Сондықтан  да  біз  адамгершілік  тәрбиені  осылардан 
бастағанды жөн деп отырмыз.  
“Мораль  (латыншасы  моралис,  қазақшасы  —  әдет-ғұрып)  -әлеуметтік  шындықтың 
этикалық  саналарын  (ізеттілік,  мейірбандық,  әділеттілік,  мінез-құлық,  әдет-ғұрып,  т.б.) 
бейнелейтін  қоғамдық  сананың  бір  түрі.  Мораль  дегеніміз  —  адамдардың  бір-біріне  және 
қоғамға  деген  міндеттері  мен  қарым-қатынастарын  анықтайтын  қауымдық  өмір  сүру 
ережелерінің,  адамдардың  мінез-құлықтары  нормаларының  жиынтығы.  Моральдың  сипаты 
экономикалық және қоғамдық құрылыспен анықталады, өйткені оның нормаларынан белгілі 
бір таптың, әлеуметтік топтың, халықтың мүдделері байқалады. 
 Бүгінгі жағдайда бұрынғы кеңестік моральдың кейбір түрлері өзгерді. Мораль барлық 
қоғамда  өмірдің  саласында  -  еңбекте,  тұрмыста,  саясатта,  ғылымда,  отбасында,  әр  түрлі 
қатынаста  адамның  мінезін,  іс-әрекетін,  қатынасын,  санасын  реттейді.  Мораль  этикамен 
байланысты.  
Этика  -  бұл  философиялық  ғылым,  қоғамдық  сананың  формасы,  қоғамдық  қаты-
настардың түрі. 
“Этика (грекшесі, қазақшасы - әдет, мінез-құлық) -мораль туралы, оның шығуы мен 
дамуы туралы, адамның өмір сүру салтының аса мәнді жақтарының бірі болып табылатын 
адамгершіліктің әр түрлі қоғамдық құрылыстардағы сан алуан формалары мен нормалары 
туралы ілімдер жүйесі”. 
Гуманистік  мораль  шынайы  адамгершілік  қарым-қатынастарды,  ынтымақтастықты, 
ізеттілікті,  адалдықты,  кішіпейілдікті,  қарапайымдылықты,  қайырымдылықты  қуаттап  уа-
ғыздайды.  
Шынайы  ұжымдық  моральдың  ұраны  “У  жесең  де  руыңмен  же",  немесе  "Біріміз 
бәріміз  үшін,  бәріміз  біріміз  үшін".  Мұндай  принцип  өзімшілдікпен,  менмендікпен, 
пайдакүнемдікпен сыйыспайды, жалпыхалықтың, ұжымдық мүдделерді ұштастырады. 
Адамгершілік, өнегеліліктің өзі: өнегелілік сана, өнегелілік идеал деп бөлінеді. 
“Өнегелі  немесе  адамгершілікті  сана  -  адамның  қарым-қатынасынан,  оның  эмо-
ционалдық іс-әрекетінен, мінез-құлқынан көрінеді. Өнегелілік баланың жас күнінен бастап, 
ата-ананың  үлгісінен  басталып  ағайын-туыстың,  жора-жолдастың  ыңпалымен,  мектептің 
тікелей  басшылығымен  қалыптасады.  Өнеге  -  адамдардың  бір-біріне,  қоғамға  деген  мін-
деттері  мен  қарым-қатынастарын  анықтағанда  көрінетін,  олардың  тәлім-тәрбиелілігі, 
үлгілігі, саналылығы, ережелерінің жиынтығы”.  

52 
 
Өнегелілік сезімнен, ұяттан, ардан басталады. Сезімі, ар-ұяты бар адам адамгершілігін 
жоғалтпайды, қашан да өнегелі болуға тырысады. Ондай адамның өнегелі идеалы (мұраты, 
мақсаты) болады. 
Адамгершілік  тәрбиенің  негізі  отбасынан  басталып,  балабақша,  бастауыш  сыныпта 
өзінің жалғасын тауып, жоғары сыныптарда күрделене береді. 
Адамгершілік  тәрбиесі-тәлім-тәрбиенің  ықпалды  әсерімен  моральдық  сананы 
қалыптастырудың,  этикалық  білімділікті,  адамгершілік  сезімді  дамытудың  сара  жолы.  Ол 
жанұя,  мектеп,  ұстаз,  еңбек,  қоғам,  жеке  ықпал  арқылы  іске  асырылады.  Жас  балалардың 
адамгершілігін қалыптастыруда мектепке дейінгі балдырғандар үшін оларға түсінікті ғибрат 
сөз,  әсерлі  өлең,  сурет,  әңгімелер  пайдаланылады,  үлгілі,  өнегелі  ойын,  еңбек  үстінде 
этикалы  қатынас  жағдайында  әдепкі  адамгершілік  әдет-дағдылары  қалыптасады.  Мектеп 
жасындағылар  үшін  олардың  саяси-әлеуметтік  саналылығын  (гуманизм,  ұлтжандылық, 
отансүйгіштік),  дүниетанымын,  этикалық  талғамын,  ішкі  рухани  байлығын  молайтатын 
жүйелі  жұмыстар  өткізіледі.  Этикалық  әңгіме,  пікір-сайыс,  лекция  өткізу  және  көркем-
өнердің түрлі салалары мен әдебиетті кеңінен пайдалану адамгершілік тәрбиесіндегі игі істер 
болып табылады.  
 
ӘДЕБИЕТТЕР 
1.  Қазақстан  Республикасының    Президенті  Н.Назарбаевтың  Қазақстан  халқына 
жолдауы // Талдықорған газеті, 2005.25.02, - 4 б. 
2. Құдайбердіұлы  Ш.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   10   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет