Дәстүрлі аймақтық ғылыми-әдістемелік конференция материалдары


Группа  2по  формуле  для  расчета    гармонического    колебания  определяет



Pdf көрінісі
бет9/48
Дата31.12.2016
өлшемі5,5 Mb.
#845
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   48

 
Группа  2по  формуле  для  расчета    гармонического    колебания  определяет 
используя понятийный аппарат  

61 
 
 
Фаза колебаний 
  
учащиеся 3 группы  строят график гармонических колебаний  
 
Частота колебаний 
 
Циклическая частота 
 
В  них  ученик  может  по  своему  усмотрению  изменить  исходные  параметры  опытов, 
наблюдать,  как  изменяется  в  результате  само  явление,  анализировать  увиденное,  делать 
соответствующие  выводы.  Использование  компьютерной  поддержки  делает  урок 
творческим,  позволяет  ученику    более  глубоко  разобраться  с  физическими  понятиями, 
которые трудны для понимания.  
Внедрение  в  образовательный  процесс  современных  образовательных  и 
информационных технологий позволит учителю:  

 
отработать глубину и  прочность знаний, закрепить  умения и навыки в различных 
областях деятельности;   

 
развивать  технологическое  мышление,  умения  самостоятельно  планировать  свою 
учебную, самообразовательную деятельность;  

 
выстраивать индивидуальную траекторию обучения каждого ученика;  

 
воспитывать  привычки  чёткого  следования  требованиям  технологической 
дисциплины в организации учебных занятий.   
Однако  внедрение  современных  образовательных  и  информационных  технологий  не 
означает,  что  они  полностью  заменят  традиционную  методику  преподавания,  а  будут 
являться её составной частью. Ведь педагогическая технология – это совокупность методов, 
методических  приемов,  форм  организации  учебной  деятельности
,  основывающихся  на 
теории обучения и обеспечивающих планируемые результаты. 
Использование  инновационных методов и форм обучения на уроках физики показал 
возросшую  интенсивность  и  активность  занятий,  повышение  интереса  к  изучению  физики. 

62 
 
Как  следствие,  перенос  этого  интереса  и  на  другие  виды  деятельности,  особенно,  когда 
аргументируется их важность для будущей профессии  
 
ЛИТЕРАТУРА 
1. Апатова Н.В. Информационные технологии в школьном образовании. – М., 1994. -
16с 
2. Махмутов М.И. Проблемное обучение. – М.: Педагогика, 1975.- 368с. 
3  Каменецкий  С.Е.,  Солодухин  Н.  А.  Модели  и  аналогии  в  курсе  физики  средней 
школы: пособие для учителей. - М.:Просвящение, 1982.-96 с. 
4.  "Большой  энциклопедический  словарь  Физика"  глав.  ред.  Прохоров  А.М..  -  М. 
"Большая Российская энциклопедия". - 1998. 
5.  Карнильцев  И.  Н.  "Значение  моделирования  при  постановке  демонстрационного 
эксперимента  по  физике"  Преподавание  физики  в  высшей  школе  Научно-методический 
журнал №23.- М. 2002 
 
 
УДК 574:37.015.3 (045) 
 
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ӘДІСТЕР МЕН ОҚЫТУДЫҢ АҚПАРАТТЫҚ 
ТЕХНОЛОГИЯЛАРЫН  БИОЛОГИЯ  САБАҒЫНДА ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ 
ОҚУШЫЛАРДЫҢ ҚЫЗЫҒУШЫЛЫҒЫН ДАМЫТУ 
 
Бокаева Ш. А. 
«Ы.Алтынсарин атындағы орта мектебі» КММ, Алматы облысы, Қарасай ауданы 
Bokaeva1973@mail.ru 
 
Қазақстан  Республикасының  президенті  Н.Ә.Назарбаев  «Инновациялар  мен  оқу-
білімді  жетілдіру  арқылы  білім  экономикасына»  деген  тақырыпта  оқыған  лекциясында: 
«Осы  заманғы  әлем  жаһандану  кезеңін  –  адамзаттың  біртұтас  ақпарат  және 
коммуникациялар  кеңістігінде  жан-жақты  бірігу,  бүкіл  планетаның  біртұтас  экономикалық 
рынокқа айналуы дәуірін бастан кешіруде»  деп көрсеткен болатын . Бүгінгі  күні  Қазақстан 
Республикасының  білім  беру  реформасы  бойынша  білімді,  ойлы  және  өнерлі  тұлғаны 
қалыптастыруға  бағытталған  және  қазіргі  білім  беру  жүйесі  негізінде  оқушылардың 
танымдық  белсенділігін  дамытатын  оқытудың  дәстүрлі  емес,  жаңа  белсенді    және 
инновациялық  әдістерді  енгізу  биология  пәнін  оқытудың  негізгі  мәселелерінің  бірі  болып 
табылады.  Білім  берудің  дәстүрлі  әдісінен  оқу  процесінде  оқушылардың  пәнге  деген 
қызығушылығын  арттыратын  білім  берудің  жаңа  белсенді  әдісіне  көшу  керек.  Бұл 
тапсырманы  оқыту  үдерісінде  тек  жаңа  технологияларды  қолдану  арқылы  жүзеге  асыруға 
болады.  
Әлемдік  білім  беру  кеңістігіне  ену  мақсатында  еліміздің  білім  беру  жүйесіне  қазіргі 
уақытта  көптеген  өзгерістер  енгізілуде.  Осыған  орай  республикамыздың  мектептерінің  оқу 
үрдісіне инновациялық технологияларды енгізу белсенді түрде  қолға алынып жатыр.  Жеке 
тұлғаның  қалыптасуын  қамтамасыз  ететін  деңгейлеп-саралап  оқыту  ,сын  тұрғысынан 
ойлау,ақпаратты-коммуникациялы  оқыту,модульді  оқыту  технологияларының  негізгі 
қағидалары  -балаға  ізгілік  тұрғысынан  қарау,оның  өз  бетімен  білім  алуына  ықпал 
ету,қоғамдық-саяси  өмірге  белсене  араласуға  қабілетті,өзіндік  пікірін  анық,жүйелі  жеткізе 
алатын  жеке  тұлға  қалыптастыру.    Елімізде  қолданылып  жүрген  технологиялар  қатарында 
биология  пәнін  оқытуда  коммуникативті  оқыту  технологиясының  маңызы  зор.  Қоғам 
талабына  сай  биология  пәнін  оқытуда  қойылып  жүрген  ортақ  міндет  коммуникативті 
бағытта үйрету. Коммуникативтік оқыту технологиясының мақсаты: биология пәнін оқытуда 
оқушылардың  өз  ойларын  еркін  жеткізуі  мен  өзара  пікір  алысып,қоршаған  ортаға  деген 

63 
 
қызығушылығын  дамыту.  Коммуникативті  оқыту  технологиясы  дегеніміз  пікір  алысуға 
негізделген әдіс.  
 
Адам  іс-әрекетінің  әртүрлі  салаларында,  сонымен  қатар  білім  беру  саласында 
ақпараттық технологиялардың жаңа құралдарын қолдану бүгінгі күннің өзекті мәселелерінің 
бірі болып отыр. Отандық және шетелдік оқулықтарда білім беру үрдісін компьютерлендіру 
ең маңызды мәселелердің бірі ретінде қарастырылады. 
Қазақстан  Республикасының  «Білім  туралы»  заңында  белгіленгендей,  білім  беру 
жүйесін  ақпараттандыру,  мемлекеттік  білім  беру  саясатының  негізгі  қағидаларын  жүзеге 
асырудың маңызды бір механизмі  болып табылады. Ақпараттық  ортаны құруға негізделген 
білім берудің жаңа жүйесін қалыптастыру және педагогикалық практикаға жаңа ақпараттық 
құралдарды, сонымен қатар технологияларды енгізу білім жүйесін дамытудағы стратегиялық 
тапсырма болып саналады. 
Қазіргі  кезде  жаңа  білім  беру  жүйесінің  заманауи  технологиялар  мен  интернеттің 
пайда  болуының  арқасында  дамығанын  барлығы  мойындайды.  Көптеген  әдіскерлер 
мультимедиялық презентация, видеофильм, электрондық пошта, анимациялық суреттер және 
т.б.  көмегімен  биология  пәнін  оқытуда  оқушылардың  пәнге  деген  қызығушылығын 
қалыптастырады.   
XXI  ғасырды  қоғамдық  ақпараттандыру  ғасыры  деп  бекерге  атамаған.  Компьютер 
адам әрекетінің барлық салаларында қолданылады. Дүниежүзілік қоғамдастықта әлеуметтік 
өмірдің барлық саласын жаппай ақпараттандыру үдерісі қолға алынуда. Елдің экономикалық 
жағдайы,  адам  өмірінің  сапасы,  ұлттық  қауіпсіздік  және  мемлекеттік,  дүниежүзілік 
қоғамдастықтағы  рөлі  оның  ақпараттық  технологиялық  даму  дәрежесіне  байланысты 
болатыны белгілі. Экономикалық тұрғыдан дамыған елдерде және көптеген дамушы елдерде 
білім  беру  жүйесін  ақпараттандырудың  қарқынды  үдерісі  жүріп  жатыр.  Жалпы  білім 
сапасын  жақсарту  жолдары  жасалып  жатыр  және  оқыту  процесіне  жаңа  ақпараттық 
технологияларды енгізуге көп қаражат бөлінуде.  
  
«Қазақстан 2030 стратегиялық бағдарламасы приортитетінің бірі ұлттық білім моделін 
қалыптастыру  тенденциясымен  және  Қазақстан  білім  беру  жүйесін  бүкіл  әлемдік  білім 
кеңістігіне кіріктіруіне сипатталатын білім беру саласы болып табылады. Кәзір бүкіл әлемде 
индустриялық  қоғамнан  интерактивті  қатынас  жасауға  оны  жүзеге  асыратын  техникалық 
мүмкіндіктерді  дамытып  отыра  алатын  информациялық  қоғамға,  яғни,  негізгі  рөлді 
информацияны  алу,  өңдеу,  сақтау,  тасымалдау,  тарату  және  пайдалану  істерді  атқаратын 
жаңа қоғамға көшу процесі жүріп жатыр. 
Инновациялық  әдістермен  оқытудың  ақпараттық  технологияларын  қолдану  арқылы 
оқушының  ойлау  қабілетін  арттырып,  ақпарттық  технологиялар  негізінде  ізденушілігін 
дамытып, құзыреттілігін қалыптастыру. 
Ақпаратты  технологияларды  пайдалану  арқылы  мектептегі  сабақтарды  жаңаша 
ұйымдастыру, мұғалімнің рөлі мен қызметінің артуына жағдай жасау, теориялық, ғылыми – 
педагогикалық  және  психологиялық  зерттеулерге  сүйене  отырып,  оқушылардың 
құзыреттілігін  қалыптастыру,  ақпараттық  технологиялар  мен  инновациялық  оқыту  әдістері 
арқылы  оқушыларды  ізгілікке,  елжандылыққа,  саналыққа,  адамгершілікке,  имандылыққа, 
еңбексүйгіштікке  тәрбиелеу.  Инновациялық  әдістерді  баланың  білім  деңгейіне  және  жас 
ерекшелігіне қарай оқу үрдісінде пайдалану негізгі міндет болып табылады. 
«Ұстазы жақсының ұстамы жақсы» – деген бүгінгі тәуелсіз мемлекетіміздің ертеңі біз 
тәрбиелеп отырған жас ұрпақтың меңгерген біліміне, алған тәжірибесіне байланысты екеніне 
еш күмәнім жоқ. Оқушылардың танымдық көзқарасын байыту ақыл-ой қабілетін жетілдіру, 
өзіндік  ойлау  және  өмірлік  ұстанымын  қалыптастыру  мұғалімнің  шеберлігіне, 
шығармашылық қабілетіне байланысты. 
Биология    сабақтарында  ақпараттық  коммуникативті  технологияны  келесі 
нұсқауларда қолданамын. 
• көп тараған түрі ол – мультимедиялық презентациялар. 
• Флеш-фильмдер. 

64 
 
• Келесі менің сабағымда қолданатын әдіс ол – мультимедиялық карталар. 
•  Сонымен  қатар  өз  педагогикалық  іс-тәжірибемде  оқу-әдістемелік  құралдарды  да 
қолданамын. 
•  Берілген  материалды  терен  бекіту  мақсатында  сабақта  тестер  мен  тренажерларды 
пайдаланамын. 
Кроссвордтарды қолданамыз. 
Сондықтан  ақпараттық  технологияны  қолдану  және  ашық  бағалау  жүйесін  қолдану 
мұғалімге оқушылардың пәнге деген қызығушылығын жоғарлатуының тиімді жолдары: 
• оқушылармен материалды игеру үрдісін психологиялық түрде женілдетеді. 
• Пәнге деген танымдылық қызығушылығын тудырады. 
• Оқушылардың көз қарасын кенейтеді. 
• Сабақ үстінде көрнекілікті қолдану мүмкіндігі өседі. 
• Биологияны оқуға және үлгерімді жоғарлату қызығушылығы туады. 
• Теориялық материалды толық игеру болады. 
• Ақпаратты табу, оны компьютерлік технология арқылы өндеу. 
• Өз көз қарасын нақты және қысқаша қалыптастыру дағдысы. 
• Сабақ үстінде оқушының да мұғалімнінде еңбек өнімінің жоғарлауы болады. 
Ақпараттық технологияларды пайдаланудың негізгі артықшылықтары мынадай: 
1.  Олар  оқушыларға  тақырып  шеңберінде  немесе  белгілі  бір  уақыт  аралығында 
айтылуға тиіс мәліметтер көлемін ұлғайтады. 
2. Білімге бір-бірінен үлкен ара қашықтықта орналасқан әр түрлі оқу орнында отырып 
қол жеткізуге болады. 
3. Оқыту жүйесінің көп деңгейлі жетілдіру 
Бүгінгі  күні  республикамызда  білім  беру  жүйесінің  түбегейлі  өзгеріске  ұшырауы 
анықталғаны  баршамызға  аян.  Оның  негізгі  факторы  жаһандану  үрдісіндегі  білім  беру 
саласында жаңа моделдердің дүниеге келуі, білім беру үрдісінің ақпараттандырылуы болып 
табылады.  Прогрессивті  концепциялардың  пайда  болуы,  білім  беру  үрдісінде  алға  кеткен 
мемлекеттердің  тәжірибесімен  танысу  және  соның  нәтижесінде  ұлттық  білім  беру  моделін 
құрастыру  бүгінгі  күні  өте  өзекті  мәселе  болып  табылады,  өйткені  нарықтық  экономикаға 
негізделген  мемлекетіміздің  келешегіне  мамандар  қажеттігінен  туындайды.  Ақпараттық 
және педагогикалық технологиялар негізінде мұғалімнің рөлін түбегейлі өзгертуге мүмкіндік 
туды,  мұғалім  тек  қана  білімді  алып  жүруші  ғана  емес,  сонымен  қатар  оқушының  өзіндік 
шығармашылық жұмысының жетекшісі және бағыт берушісі болып анықталды. Осыған орай 
сабақ  беру  үрдісінде  кәзіргі  күннің,  яғни  инновациялық  әдістерді  оқытудың  интерактивті 
оқыту моделі болып табылады. 
Оқыту  процесін  жоғары  деңгейге  көтерудің  негізгі  әдісі  ретінде  проблемалық 
шығармалық әдісті пайдаланамын. Бұл әдісті қолдану барысында өтілген әрбір сабақ сұхбат 
болып  өтіп,  сабақ  беру  барысында  зерттеушілік  үрдісті  жетекшілікке  аламын.  Бұл  әдістің 
ерекшелігі оқушыны оқыту процесіне қызықтырады. Сабақтың белгілі бір тақырыбын бастау 
барысында  оқушыларға  проблемалық  сұрақ  немесе  проблемалық  тапсырма  беремін. 
Проблеманы  шешу  барысында  оқушының  біліміне  қойылатын  талаптар  мен  оны  түсінуі 
арасындағы  қарама-қайшылықты  мен  болдыртпауға  тырысамын.  Оның  үстіне  негізгі 
проблемалар  оқушылардың  өздерімен  көтеріп,  сол  проблемаларды  шешу  оқушылардың 
өздеріне жүктеймін 
Инновациялық  әдісті,  оқытудың  ақпараттық  технологияларын  тәжірибеде  қолдану 
барысында өзінің тежеуші жақтары, кемшіліктері, қарама-қайшылық жақтары да кездеседі. 
Келер  ұрпаққа  қоғам  талабына  сай  тәрбие  мен  білім  беруде  мұғалімдердің 
инновациялық  іс-әрекетінің  ғылыми-педагогикалық  негіздерін  меңгеруі  маңызды 
мәселелердің бірі. 
Қазақстанда  Ш.М.Қаланова,  Ж.А.Қараев,Ш.Т.Таубаева,  Қ.Қ.Қабдықайыров,  М.М. 
Жампейісова т.б. ғалымдардың зерттеулерінде оқытудың жаңа технологиялары жан – жақты 
қарастырылады.  

65 
 
Ж.А.Қараевтің  ОҮӘЖ  технологиясын  қолдану  арқылы  келесі  тиімділіктерге  қол 
жеткізеді: 
• 
Деңгейлік  саралау  оқушылардың  білімін  жаңа  әдіспен,  яғни  рейтинг  жүйесі 
бойынша бағалауға мүмкіндік береді. 
• 
Деңгейлік  тапсырмаларды  (олардың  қаншалықты  орындап  жатқанын  бақылап 
отыру  мақсатымен)  оқушы  тақтадағы  ілулі  тұрған  тізімдегі  және  «жұмыс  дәптерінің» 
соңындағы өзінің тұсына мұғалімнің тексеруінен кейін«+» белгісімен белгілеп отырады. 
• 
Қалғанын  үйде  орындайды,  олар  «V»  белгісімен  белгіленеді.  Берілген  кесте 
«ашық журнал» деп аталады, көрнекі түрде тақтаның шетіне ілінеді. 
Бір-бірінің  алға  жылжуын  бақылау  мүмкіндігі  олардың  арасында  жарысу  жағдайын 
туғызады. Әр оқушы өзінің ілгерілеу динамикасын жоғары бағытта көрсетуге ұмтылады. 
Әр жаңа тақырып бойынша жасалған деңгейлік жұмыстардың үш деңгейге бөлінуі, үй 
жұмысын  жақсы  ұйымдастыруға  және  реттеуге  мүмкіндік  береді.Себебі,  тақырыпты 
меңгеудегі төрт деңгейлік тапсырмалар үлгерімі өте жақсы оқушыға есептеліп, соған сәйкес 
құрылғандықтан,  бұл  жұмыстарды  толық,  сабақ  үстінде  орындап  бітіруге,  барлық 
оқушылардың  мүмкіндігі  жете  бермейді.  Сондықтан  да,  олар  үйде  өз  бетімен  немесе 
сабақтан тыс уақытта мұғалімнің көмегімен аяқтауға беріледі: 
• 
Бірінші  деңгейдің  тапсырмаларын  орындап  үлгерген  оқушыларға  екінші 
деңгейдің тапсырмалары; 
• 
Екінші  деңгейдің  тапсырмаларын  орындаған  оқушыларға  одан  да  жоғары 
деңгейлік тапсырмалар беріледі; 
• 
Тапсырмалар  деңгейден деңгейге көтеріле береді. 
Ең  жоғары  деңгейдегі  шығармашылықты  қажет  ететін  тапсырмаларды,  әрине, 
дарынды да, еңбекқор оқушылар орындай алады. 
Осылайша,  әр  тақырып  бойынша  оқушыларға,  сыныптан  тыс  уақытта,  жоғары 
деңгейлік  тапсырмаларды  орындау  арқылы  көбірек  ұпай  жинап  көтеріңкі  баға  алуға 
мүмкіндік  беріледі  және  дамыта  оқыту  қағидасы  орындалады.  Нәтижесінде  оқушылардың 
табиғи қабілеттері мен дарындылық қасиеттерінің ашылуына жақсы жағдай жасалады. 
Жинаған  ұпайларын  оқушылар  кестеге  әр  сабақтың  соңында  белгілеп  отырады, 
соңында  график  салады.  Ол-  оқушының  даму  мониторингісі  деп  аталады.  Педагогика 
ғылымында  баланы  оқыту  мен  тәрбиелеудің  мақсаты  –  жан-  жақты  дамыған  жеке  тұлғаны 
қалыптастыру  болып  табылғандықтан,  бұл  жерде  де,  жаңа  технология  бойынша  –  оқыту 
мақсаты болып табылады. 
Мақсат-  өздігімен  дамуға  ұмтылған  жеке  тұлғаны  қалыптастыру,  сондықтан  оның 
өзіндік  танымдылық  іс-әрекеті  белгілі  бір  дәрежеде  белсендірілуі  қажет.  Жаңа  мақсат 
оқытудың  әдістемелік  жүйесінің  қалған  бөліктерінің  өзара  байланыстағы  қалыптармен 
өзгерулерін талап етеді. 
Жоғарыдағы талапты орындау үшін төрт ұсынысты қажет деп санаймын: 
1.  Жаңаша  өзгерген  мақсат  оқушылардың  өздігімен  танып,  іздену  іс-әрекетінің 
әдістерін меңгерулерін талап етеді. Бұл жағдайда бірінші орынға оқушы тұрады және оның 
өз бетімен білім алудағы белсенділігіне аса назар аударылады. 
2.  Жаңаша  оқытудың  негізгі  түрлері  болып,  оқытудың  дербес  және  топтық  түрлері 
табылады.  Оқытудың  бұл  түріндегі  ең  бастысы-  оқушыға  деген  сенім,  оның  өз ісіне  жауап 
беру мүмкіндігіне сүйене отырып, өз беделі мен қадір- қасиетін сезімін дамыту. Оқытудың 
фронталды түрі, бағыт беру, талқылау, түзеті енгізуде ғана пайдаланылады. 
Оқытуды  ізгілендіру-  оқыту  құралдарына  деген  көзқарасты  өзгертуді  талап  етеді. 
Өзгерістер  бойынша  оқу  құралын  оқушылардың  өздігімен  танымдық  іс-әрекетін  жүргізе 
алатындай  құралдар  болу  керек.  Осы  жерде  компьютерлік  техниканың  функционалдық 
мүмкіндіктерінің  мол  екендігін  ескере  кету  керек,  себебі,  компьютерлік  техника-  оқушыға, 
ол ізденіс және зерттеу жұмыстарын  жүргізе  алатындай, оқытушы орта құруына мүмкіндік 
береді.  Оқушының  өздігімен  жаңа  тақырыпты  меңгеруіне  қолайлы  және  қызықты 
мазмұндалуы қажет.  

66 
 
Технологияның  тағы  бір  психологиялық  негізі  болып  табылатын  теория  – 
Л.С.Выготскийдің  «оқыту  процесінде  оқушының  ақыл-  ойының  дамуы  «актуальды  дамуы» 
аймағынан «жақын арадағы» аймағына ауысу» туралы теориясы.Бұл ауысу – тапсырмаларды 
қайталап  орындауға  ғана  арналған  1-  деңгейден  өнімді  іс-әрекетті  қажет  ететін  жоғары 
деңгейлерге ауысу негізінде іс-әрекет арқылы жүзеге асады. 
Осындай  іс-әрекет  деңгейлері  арқылы  оқушылар  оқу  материалдарын  әр  түрлі 
деңгейде қабылдайды. 
Биология  пәнінің  мазмұнымен  мақсат-  міндеттері  төмендегі  шешуші  біліктерді 
қалыптастыруға  бағытталған:  Оқушылардың  өздігінен  білім  алуын  жағдай  жасай  отырып 
қалай оқу керектігін үйрету, шешім қабылдай білуі, қоғам дамуының проблемаларына сыни 
көзқарасының болуы, еңбек нарығында белсенді түрде бейімделу қабілеті. Когнитивтілік- өз 
білімін  үнемі  жетілдіруге  дағдылану,  шешімін  іздеу,  түсінігін  білдіру,  нақты  өмірдегі 
оқиғалардың себеп- салдарын өздігінен тану. 
Дүниетанымдылық-  әлем  туралы  біртұтас  көзқарасты  қалыптастыру,  қоғамдағы 
әлеуметтік  орнын  дұрыс  таба  білу.Биология  пәніне  деген  қызығушылығын  арттыру 
мақсатында  сабақты  түрлендіре  отырып,  оқушылардың  өз  қабілетін  таныта,  дамыта  түсу 
бағытында  әрқилы  әдістер  негізінде  пайдалану  тиімді.Оқушылардың  пәнге  деген 
қызығушылығын арттырудың сызба нұсқасы төменде көрсетілген: 
Барлық жаңа технологияның мақсаты- пәнді оқытуда оқушының жеке басының дара 
және  дербес  ерекшеліктерін  басқарып,  олардың  өз  бетінше  ізденуін  арттырып, 
шығармашылығын  қалыптастырып,  пәнге  деген  қызығушылығын  арттыру.  Заман  талабына 
сай,  электронды  оқулық,  интернет,  web  сайдты  қолданудағы  жаңа  ақпаратты 
технологияларды пайдалану биология  пәні үшін маңызы зор. 
 
 
ӘОК 37.013.2 
 
ҚАЗІРГІ ЗАМАНҒЫ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ОҚУ-ТӘРБИЕ 
ҮДЕРІСІНДЕ ТИІМДІ ПАЙДАЛАНУ 
 
Бөрібекова Ф., п.ғ.к., доцент 
І.Жансүгіров атындағы Жетісу мемлекеттік университеті, Талдықорған қ. 
 
 
Қазақстан  Республикасының  Білім  туралы  Заңында:  «Білім  беру  жүйесінің  басты 
міндеті  –  ұлттық  және  жалпы  адамзаттық  құндылықтар,  ғылым  мен  практика  жетістіктері 
негізінде  жеке  адамды  қалыптастыруға  және  кәсіби  шыңдауға  бағытталған  білім  алу  үшін 
қажетті  жағдайлар  жасау;  оқытудың  жаңа  технологияларын  енгізу,  білім  беруді 
ақпараттандыру,  халықаралық  ғаламдық  коммуникациялық  желілерге  шығу»,  -  деп  білім 
беру жүйесін одан әрі дамыту міндеттері көзделеді. Бұл міндеттерді шешу үшін әрбір білім 
беру  мекемесіндегі  ұжымның,  әрбір  мұғалімнің  күнделікті  ізденісі  арқылы  барлықұ 
жаңалықтар мен қайта құру, өзгерістерге батыл жол ашатын жаңа практикаға, жаңа қарым-
қатынасқа өту қажеттілігі туындайды.  
Бүгінгі  күні  мұғалімдерді,  оқытушыларды  қазіргі  заманғы  педагогикалық 
технологияларды қолдануға дайындау  – өте маңызды, өте өзекті және күрделі мәселе деуге 
толық негіз бар.  
Жеке  тұлғаны  жан-жақты  дамыту  шеңберінде  білім  берудің  мақсаты  мен  мәнінің 
өзгеруі  «білім беру технологиясы» деп аталатын жаңа ұғымның пайда болуына  ықпал етті. 
Бұл  ұғымның  мәнін  білім  беру  процесін  өздігінше  дамытатын  жүйе  деп  түсінуге  болады, 
онда  білім  алушылардың  қызметі  жетекші  фактор  болып  табылып,  онда  мұғалім  мен  білім 
алушының  субъектаралық  өзара  әрекетін  қарастыратын  және  олардың  мүмкіндіктерін 
қамтамасыз ететін рефлексиялық басқару ретінде көрінеді.  

67 
 
Қоғамның  жаңарып  өзгеруіне  байланысты  өзекті  проблемалардың  бірі  –  жастардың 
шығармашылық  қабілеттерін  қалыптастыруда  жаңа  дидактикалық  әдістер  мен  жолдар 
іздестіру.  Осы  ізденістердің  нәтижелері    қазіргі  заманғы  педагогикалық  технологиялардың 
маңыздылығын айқындайды.   
Қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды білім беру саласында пайдаланудың 
әдіс-тәсілдері,  шарттары,  дидактикалық-әдістемелік  негіздері  В.П.Беспалько,  Г.К.Селевко, 
В.Ф.Шаталов,  П.М.Эрдниев,  Ж.А.Қараев,  Ш.Т.Таубаева,  М.М.Жампеисова,  Б.Т.Барсай, 
Д.М.Жүсібалиева,  М.В.Кларин,  Қ.Ө.Қариева,  С.А.Көшімбетова,  Қ.Қабдықайырұлы, 
А.А.Саипов,  Б.К.Төлбасова,  А.Қ.Мынбаева,  Л.А.Шкутина  және  т.б.  ғалымдардың  зерттеу 
еңбектерінің арқауы болды.  
Қазіргі  Республика  оқу  орындары,  педагогикалық  ұжымдары  ұсынылып  отырған 
көпнұсқалыққа  байланысты  өздерінің  қалауына  сәйкес  кез  келген  үлгі  бойынша  қызмет 
етуіне  мүмкіндік  алды.  Бұл  бағытта  білім  берудің  әртүрлі  нұсқадағы  мазмұны,  құрылымы, 
ғылымға  және  тәжірибеге  негізделген  жаңа  идеялар,  жаңа  технологиялар  бар.  Сондықтан 
әртүрлі  оқыту  технологияларын  оқу  мазмұны  мен  білімгерлердің  психологиялық 
ерекшеліктеріне  орай  таңдап,  тәжірибеде  сынап  қараудың  маңызы  зор.  Қазіргі  білім  беру 
саласындағы  оқытудың  қазіргі  заманғы  педагогикалық  технологияларын  меңгермейінше 
сауатты,  жан-жақты  маман  болу  мүмкін  емес.  Жаңак  технологияны  меңгеру  оқытушының 
интеллектуалдық,  кәсіптік,  адамгершілік,  рухани  азаматтық  және  басқа  көптеген  адами 
қабілетінің  қалыптасуына  игі  әсерін  тигізеді,  өзін-өзі  дамытып,  оқу-тәрбие  үрдісін  тиімді 
ұйымдастыруына көмектеседі.  
Жаңа  педагогикалық  технологиялар  білімгерлердің  шығармашылық  қабілеттерін 
арттыруғка өз үлесін қосады.  
Қазіргі  заманғы  педагогикалық  технологияларды  қолдану  төмендегідей  кезеңдер 
арқылы іске асады: І кезең: оқып үйрену; ІІ кезең: меңгеру; ІІІ кезең: өмірге ендіру; IV кезең: 
дамыту [1]. 
Қазіргі  заманғы  педагогикалық  технологияларды  оқу-тәрбие  үдерісінде  пайдалану 
үшін  төмендегідей  алғы  шарттар  қажет:  оқу  үрдісін  интенсивтендіруді  жаппай  қолға  алу; 
білімгерлердің  сабақтастылығын  болдырмау  шараларын  кешенді  түрде  қарастыру.  Оның 
ғылыми-әдістемелік,  оқыту,  әдістемелік,  ұйымдастырушылық  себептеріне  үнемі  талдау 
жасап,  назарда  ұстау;  жаңа  буын  оқулықтарының  мазмұнын  зерттеп  білу,  пәндік  білім 
стандартымен  жете  танысу,  білімді  деңгейлеп  беру  технологиясын  игеру  арқылы 
білімгерлерге білімді мемлекеттік стандарт деңгейінде игертуге қол жеткізу;  оқыту үрдісін 
ізгілендіру  мен  демократияландыруды  үнемі  басшылыққа  алу.  Өйткені  оқыту  –  тәрбиенің 
негізі. 
Қазіргі заманғы педагогикалық технологияларды оқу-тәрбие үрдісінде пайдаланудың 
әдістемелік талаптарын, салаларын, құрылымын, қолдану деңгейлері мен кезеңдерін саралай 
отырып,  ЖОО  бастауыш  білім  беру  педагогикасы  мен  әдістемесі  мамандығы  білімгерлерін 
оқытуда  қазіргі  заманғы  педагогикалық  технологияларды  пайдаланудың  педагогикалық 
шарттарының мәнін, әдістерін, іс-әрекеттерінің өзара жүйелік бірлігінің моделін жасап, сурет 
арқылы өрнектейік  (сурет 1). [1]         

68 
 

Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   48




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет