Детективті хикаят Алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет128/265
Дата01.04.2022
өлшемі3 Mb.
#29523
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   265
Сүлеймен қарақшы

бассалды.  Бiрi  терi  ыдыстың  аузынан  айранды  төге-мөге 

сылқылдатып  жұта  бастаса,  ендi  бiреулерi  ағаш  бөшкедегi 

майды қарпып асап жатты. Одан кейiн қойларға қарай жүгiрiстi. 

Аштықтан  әбден  титықтаған  олар  қойларды  шикiлей  жеп 

қоярдай, бiр-бiрлеп ұстап алып, үйлерi жаққа дедектете сүйредi. 

Сүлеймен  бұлардың  ендi  ештеңеден  тайынбайтынын  сездi:

—  Ей,  бiр-бiр  қой  не  болады  сендерге?!  Әлдерiң  жеткенше 

топ-тобымен  айдасаңдаршы,  түге.  Айтпақшы,  Тәңкi,  бағана 

айтқан Досбол пiркәншiгiңнiң үйi қайда? “Мәгәзiн, қойма бар” 

деп едiң ғой сонда. Баста бiздi соған! Ал, жұртым, бiраздарың 

үйлерiңе қой айдаңдар! Қалған бiразың бiзге ерiңдер! Қоймадағы 

ұнды  керегiмiзше  бөлiсiп  алайық!

  Әп-сәтте  айналаны  азан-қазан  қылған  адамдардың  бiразы 

Сүлеймендерге ерiп, мәгәзiн-қоймаға келдi. Ергендердiң iшiнде 

әсiресе  балалар  көп.  Олар  да  бiледi,  мәгәзiнде  тәттi  қант  пен 

кәмпит  бар  екенiн.

  Тәңкi  мен  Сабашты  алдына  салып,  қоймаға  жеткенде 

Сүлеймен  Ажанға  бұрылды:

—  Бiрдеңенi  ұмытыппыз-ау.  Сен  дереу  бұрыл  да,  мешiтке 

шап! Анау екi мiлиса мен малшылар бiзден қалып кетiптi ғой. 

Нәлетiлер жұртты үркiтiп жүрмесiн. Бәрiн айдап, осында әкел!

  Осы  кезде  күйдiрген  қыштан  соғылған  мәгәзiннiң  iшiнен 

бiреу  шыға  келдi:

—  Не  қылған  шу  бұл?  Өңкей  жалаңаяқтар  неғып  жиналып 

қалған  мұнда?!  Тәңкi,  жаныңдағы  ат  үстiндегiлер  кiмдер? 

Құрт, артыңдағы тобырдың бәрiн көздерiн мөлитпей!

— Бұның кiм? — дедi Сүлеймен Тәңкiге.

— Пiркәншiк Досбол — осы.

—  Аязбек,  жаман  әңгiдей  ақырып  тұрған  неменiң  мойнын 

бұрап  алшы.  Есi  кiрсiн.

  Досбол  аттылардың  кiмдер  екенiн  аңғарып  үлгергенше, 

Аязбек оған жетiп барды да желкесiнен бүрiп, басын тақымына 

басты.  Ол  екi  қолымен  Аязбектiң  санын  сабалап,  қиқылдап-

шиқылдаудан  басқаға  мұршасы  жетпедi.

Ендi мәгәзiнге кiрiп, iштегi заттардың бәрiн талаңдар!




264

Сүлеймен қарақшы

Жұрт iшке лап қойды. Аздан соң қолдарына iлiккен заттарды 

әйелдер етектерiне, балалар қойны-қоныштарына толтырып, ер 

кiсiлер бiр-бiр қап ұн арқалап, тарасып жатты. Қайран, ашыққан 

жұрт,  өздерiн  бiр  күнде  мұндай  ырзыққа  тап  қылған  мынау 

аттылардың кiмдер екенiн сұраған да жоқ. 

 Жалғандықтың адамдарын мәгәзiннен түк қоймай талапайға 

түсiрiп  болған  кезде  екi  мiлиса  мен  төрт  малшыны  желкелеп, 

Ажан  келдi.

— Мал айдағандардың бiреуi көрiнбейдi ғой, — дедi Төрекелдi.

—  Оның  қайда  кеткенiн  бiлмеймiн.  Ал  мына  төртеуi  жолға 

түсiп, күнгейге беттеп барады екен. Сiрә, Ленгiрге кетпек болды-

ау. Менi көрiп, төртеуi төрт жаққа қашпаққа әрекеттендi. Мылтық 

атып, әзер қайырдым.

—  Аязбек,  Досболды  босатшы,  Сорлының  шынымен-ақ 

мойнын  үзiп  тастарсың.

  Аязбек  тақымына  басып  тұрған  Досболды  босатты.  Ол 

желкесiн  ауырсына  басып,  отыра  кеттi.

— Әй, тұр орныңнан. Мәгәзiннiң құлпы бар ма едi?

— Бар ғой, Сүке, бар. Құлып болғанда қандай. Ешкiм бұзып, 

аша алмайды, — дедi Тәңкi ол үшiн жауап берiп.

—  Онда  Тәңкiден  басқаңның  бәрiң  кiрiңдер  мәгәзiнге.  Сен, 

Тәңкi,  бұларды  сыртынан  құлыпта.

—  Досбол,  құлып  қайда?  —  деп  құрақ  ұшты  Тәңкi  өзiнiң 

қамауға түспейтiнiне қуанып кетiп. — Бол, тап тезiрек! Әйтпесе, 

Сүкеңдер  аямайды  өзiңдi.

Құлып iште едi ғой, — деп ыңырсыды анау.

 Мәгәзiнге лып етiп кiрген Тәңкi аздан кейiн дәу қара құлыпты 

алып шықты.

—  О-о-ой,  Сүке.  Заттары  қат-қатымен  жинаулы  тұратын 

мәгәзiннен  түк  қалмапты.  Жұрт  бiр  тiстем  нәрсе  қалдырмай, 

сыпырып  әкетiптi.

—  Бәрiң  кiрiңдер  мәгәзiнге!  —  деп  бұйырды  Сүлеймен.  — 

Бүгiн  осында  түнеп  шығасыңдар.

 Қарсы сөз айтуға шамалары жоқ екi мiлиса мен малшы және 

Досбол үн-түнсiз мәгәзiнге кiрдi. Тәңкi есiктiң сыртына құлып 

салды.



265



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   124   125   126   127   128   129   130   131   ...   265




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет