Детективті хикаят Алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет131/265
Дата01.04.2022
өлшемі3 Mb.
#29523
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   265
Сүлеймен қарақшы

  Құлтан  серейген  күйi  мұрны  жер  сүзе  құлады.  Қатыны: 

“ойбай, өлтiрдiң, өлтiрдiң”, — деп сыңси жылап, оны сүйемелдеп, 

көтеруге  талпынды.

—  Төрекелдi  белiңдегi  арқанды  шешiп,  Тәңкi  екеуiнiң 

арқаларын  тiрестiрiп,  қосақтап  байла.  Түнде  қашып  кетiп 

жүрмесiн. Сен, қатын, сыңси бермей, тұр да, бiзге ет ас. Жаңа 

байың  айтты  ғой,  “қонақ  болыңдар”  деп.  Қалың  көрпешенiң 

үстiнде жатып, қонақ болайық. Ажан, мына қатын далаға шықса, 

сен де шық. Үйге кiрсе, сен де кiр. Бiр елi жанына қалушы болма. 

Бiзге  жақсылап  қызмет  қылсын. 

 Қорқып кеткен Нәзия ас қамына кiрiстi. Төрекелдi Тәңкi мен 

Құлтанды қосақтап байлап тастады. Содан ас дайын болғанша, 

төртеуi  байлаулы  екеудi  әбден  мазақ  қылып,  келемеж  етiп 

отырысты.

— Байланып, амалсыз қалған қандай қиын-ә, Құлтан. Жұртты 

қинаудың азап болатынын ендi түсiнген шығарсың. Айтшы, оқу 

қуып,  өсейiн  деп  ойлаған  бас  көтерер  жiгiттердi  неге  “халық 

жауы”  деп  ұстатып  жiбере  бересiң?  Қанша  азаматтың  обалы 

бар мойныңда? Бәрiнен де бұрын Ордабек болыс пен Нарымбет 

байды, мiлиса бастығы болып жүрген Ноғайды, тiлмәш Тәжiбай 

мен Сыдықты, Естеместiң Мәуленiн қайда айдатып жiбердiң?

—  Сыдықты  НКВД-ның  адамдары  ұстаған.  Тәжiбай  мен 

Ноғайды, Мәулендi солар қудалаған. Ал Ордабек пен Нарымбеттi 

Оралға жер айдатқан да мен емес — өкiмет.

—  Құралбайды  он  жылға,  Есенбектi  жетi  жылға  соттатқан, 

Абылайды  ату  жазасына,  кестiрген,  Тұрлыбектi  “мiлисаға  қол 

көтерiп,  мылтығын  тартып  алмақ  болды”  деп  татар  солдатына 

атқызған,  одан  қалса,  қаншама  жiгiттердi  көпе-көрнеу  жазаға 

тартқызған  да,  сен  емес  шығарсың.  Бәрiн  айт  та,  бiрiн  айт,  өз 

ауылдастарың  мен  жамағаттарыңның  малдарын  тартып  алуға 

қалай дәтiң барды? Бала-шаға, кемпiр-шал аштан өлiп жатқанда, 

мынадай  үйде  тұрып,  тамақ  iшуге  қалай  арланбайсың?

— Елдiң малын алған да мен емес. Өкiмет солай бұйырған. 

Мына  Тәңкi  бiледi,  жұрттың  малдарын  сонау  Шымкенттен, 

Кеөргiптен  келген  солдаттар  тартып  алған.




270

Сүлеймен қарақшы

—  Ештеңе  мойындағың  келмейдi  екен  сенiң.  Кiм  екенiңдi 

азанда жұрт көзiңе айтар. Ал бiз қазiр жатып демаламыз. Қоқаннан 

шыққалы  берi  көрпеше  үстiнде  керiлiп  жатып  көрмеппiз.  Сен 

екеуiң  осылай  қосақтаулы  түрлерiңмен  ұйықтап  шығыңдар. 

Қалған  сөздi  ертең  айтармыз.

  Нәзия  асқан  еттен  жақсылап  тамақтанған  қарақшылар 

қарауылдыққа Ажанды қалдырып, өздерi көрпеше үстiне сұлады.

—  Аязбек,  түннiң  жарамында  Ажанды  ауыстырарсың,  — 

дедi Сүлеймен ұйқыға батар алдында. — Бүгiнгi қарауылдықты 

екеуiң  атқарыңдар.

II

  Мезгiз  жәдiнiң  ортасы.  Аспан  күнде  бұлтты  болып,  қыс 

ызғарын сездiрген өкпек жел оқтын-оқтын соғып тұрса да, әлi қар 

жаумаған. Ал бүгiн ауада бұлт та, жел де жоқ. Күн шайдай ашық. 

Таңертең қыстың кеш шыққан күнiмен таласа тұрған Сүлеймен, 

жанындағы  серiктерiмен  Құлтан  мен  Тәңкiнi  қосақтаулы 

күйлерiнде далаға сүйреп шығарып, есiк алдындағы далия өскен 

кәрi  өрiкке  байлады.

— Бiз шайланып алғанша, осы түрлерiңдi жұрт көре берсiн. 

Бiраздан соң оларды жинап, екеуiңнен жауап аламыз.

 Ол екеуiнiң түндi ұйқысыз өткергендерi көрiнiп тұр. Көздерi 

қып-қызыл.  Ауыздарын  ашып,  есiнеп-есiнеп  қояды.  Өрiкке 

байланғанша  бiр  сөз  де  айтпады.  Тек  Сүлеймен  жаңағы  сөздi 

айтқанда:

—  Ой,  Сүке,  жұртқа  таба  қылатын  болдың-ау  менi,  —  деп 

күрсiндi Құлтан. — Мұндай қорлықтан гөрi өлтiре салғаның да 

тәуiр  едi.

—  Өлуге  асықсаң,  оны  да  көрерсiң.  Бiрақ  сен  өлiмдi  нағыз 

еркектей  қарсы  алар  ма  екенсiң?  Ажан,  шекесiнен  дәлдеп  бiр 

атшы.


 Ажан мылтығының құлақшасын тартып, ұңғысын Құлтанға 

қаратып  көздедi:

— Қай жерiнен атайын?

— Шекесiнен атсаң, қиналмай бiрден өле кетедi. Жаны бiраз 

көзiне көрiнсiн, балтырынан ат.



271



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   127   128   129   130   131   132   133   134   ...   265




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет