Детективті хикаят Алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет173/265
Дата01.04.2022
өлшемі3 Mb.
#29523
1   ...   169   170   171   172   173   174   175   176   ...   265
Сүлеймен қарақшы

шағым  айтам  деп  ойлама.  Ойлағаныңмен  де  түк  шықпайды. 

Қайта  бала-шағаңнан  айырылып  қаласың”,  —  дедi.

 Айтқанындай, түн iшiнде менi байлап-матап алып келдi де, 

үй-iшiмнiң  көзiнше  сойылмен  арқамды  тоқпақтап,  мойнымды 

екi  бұтымның  арасына  қысып,  әбден  азаптады.  Улап-шулаған 

балаларымды бiр-бiр ұрып, үндерiн өшiрдi. Мен жаныма батқан 

аурудан талып қалдым. Есiмдi жисам, мына ботақандарым отыр 

басымда жылап-сықтап. Қатынымды әкетiп қалыпты. Хайуандар, 

шынымен-ақ  омыртқамды  сындырып,  жұлынымды  зақымдап 

кетiптi.  Үш  ай  бойы  ойбайлап,  ұйқы  көрмедiм.  Есенжар  тәуiп 

келiп,  бiр  маймен  сылағалы  берi  ауруым  аздап  тынышталды. 

Менi  мүгедек  етiп,  жанымды  бiр  жаралап,  қатынымды  әкетiп 

екi жаралап кеттi сұмдар. Мiне, Сүлеймен жатырмын содан берi 

осылай,  балаларымның  аман  қалғанына  тәубе  деп.

—  Одан  қорықпай-ақ  өкiметтiң  адамдарына  хабар  берсең 

болмас  па  едi?

— Ой, Сүлеймен, айтасың-ау. Бекаба айтпақшы, одан ештеңе 

өнбейтiнiн бiлемiн ғой. 

— Iшiп-жемдi қайдан тауып жатырсыңдар?

—  Анау  екi  балам  көшеге  шығып,  әркiмге  малайлыққа 

жалданып, нан пұл тауып келiп жүр. Кей күндерi аш қаламыз. 

Қазiр  сендерге  не  беретiнiмдi  бiлмей  жатырмын.

— Бiздi қоя бершi. Өзiң мен балаларыңа қиын екен-ау. Осы 

балаларыңның бiрiн оқтын-оқтын маған жiберiп тұрсаң қайтер 

едi. Бұлай жатқаныңды бiлгенiммен, қатыныңды әкетiп қалғанын 

бiлмеушi едiм. Сен Сүлеймен екеуiң әзiрше отыра тұрыңдаршы. 

Мен базарға барып, жейтiн бiрдеңе алып келейiн, — деп Андақұл 

тысқа беттедi.

Құрақты  көргенде  жүрегiнiң  шымырлағаны  түк  емес  екен. 

Әңгiмесiн есiткенде, Сүлейменнiң аза бойы қаза болды. Бiр жағы 

—  мұны  аяп,  iшi  қан  жыласа,  екiншi  жағы  —  Бекабаға  деген 

өшпендiлiгi одан бетер артып, орнында байыз тауып отыра алмай 

кеттi.


— Бекабаның мекенi қай жерде, Құрақ?

—  Сабыр  сақта,  батыр.  Ол  жаз  бен  қыста  мекенiн  өзгертiп 

отырады.



358

Сүлеймен қарақшы

—  Бұрын-соңды  қаншама  қатыгездiктi  көрсем  де,  бiреудiң 

қатынын  тартып  алған  қаныпезерлiктi  көрген  жоқ  едiм.  Қап, 

осынысы  үшiн  астын  кесiп,  аузына  тығар  едiм!

— Iшiм қанша қайнаса да, тұруға дәрмен болмай жатқаным 

мынау. Өкiнiштен мың өлiп те жатырмын. Амалым қайсы? Саған 

оған жету оңай емес. Бекаба менен кейiн Қоқанға сенi өлтiруге 

тағы  бiреулердi  жiберiптi.  Күдiк  қылатын  бiр  нәрсем  —  солар 

Пұсырманқұлға, Дилдаға залалдық қылмады ма екен?

— Мен сол жайын ойламаппын-ай. Қазiр елдегi Балдықыздан 

хабар  алуға  мұршам  жоқ.  Сенi  кездестiрiп,  бiраз  пұл  тапсам, 

Қоқанға барып, Дилданы осында алып келемiн деп едiм. Оның 

да  амандығы  беймәлiм  десейшi.

— Жә, менiкi тек күдiк қой.

— Ылайым күдiгiң терiске шыққай.

— Тағы бiр ұмытып жатқаным, Бекабаның сапында Тұрлыбай 

деген бiреу жүр. Өзiңдi танитынға ұқсайды. Оны бiлгенiм, менi 

үйге  әкеп  қинағандардың  iшiнде  ол  да  болды.  “Баяғыда  тау 

арасында  менi  суға  тастап  кеткен  Сүлейменнiң  досы  екенсiң 

ғой-ә? Онда кегiм кетiп едi. Сол кектi ендi сенен қайтарам”, — 

деп ол басқалардан гөрi көбiрек соққы тигiздi. Сондайды танитын 

ба едiң?


— Тұрлыбай дей ме? Ол кiм болды екен? Е, ендi есiме түстi. 

Осыдан көп жыл бұрын Құрамадан Елсапаны iздеп таба алмай, 

Шыршыққа қайтып келе жатқанымда, мылтық кезенген бiреулер 

ұстап алып, екi-үш күн мұздай жертөле-зынданға қамап қойған 

едi.  Кейiн  құтылып,  Тұрлыбай  деген  басшысын  аязды  түнде 

өзенге тоғытып кеткенмiн. Ойпырмай, ол қалай тiрi қалды екен? 

Аяз бен судан құтылғанымен түн кезiп, өрiп жүрген қасқырлар 

қалай түтiп тастамаған?

— Ұзын бойлы, суық жүздi, қарасұр, мұртты кiсi ме өзi?

— Солай сияқты-тын.

 Құрақ Бекаба мен оның адамдары жайында ұзақ әңгiмеледi. 

Бiр уақытта сыртқы қақпаны бiреу дүңкiлдете соқты. Құрақтың 

үлкен баласы жүгiрiп далаға шықты да, иығына қап арқалаған 

Андақұлды ертiп кiрдi.




359



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   169   170   171   172   173   174   175   176   ...   265




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет