Детективті хикаят Алматы, 2021


Иә,  Сүлеймен  қаласын-қаламасын,  оның  өмiрiндегi



Pdf көрінісі
бет172/265
Дата01.04.2022
өлшемі3 Mb.
#29523
1   ...   168   169   170   171   172   173   174   175   ...   265
...Иә,  Сүлеймен  қаласын-қаламасын,  оның  өмiрiндегi 

әр  қадамы  шытырман,  әрi  қауiптi  жайттарға  тап  болып 

тұратын.  Бәлкiм  оның  ғұмыр  жолы  әу  баста-ақ  солай 

жазылып  қойылған  да  шығар.  Бәлкiм  ол  жиырмасыншы 

ғасырдың отызыншы жылдарындағы қиын-қыстау кезеңде 

өмiр  сүргендiктен,  үнемi  қатерлi  iстерге  тап  болып  жүрген 

де болар. Әрине, ол да бейбiт күн кешудi, тыныш та жайлы 

өмiрдi  аңсағаны  кәдiк.  Алайда  отыз  төрт  жасынан  кейiнгi 

өмiрi бiр мың тоғыз жүз қырқыншы жылдардың басына дейiн 

күллi Өзбекстанды дiрiлдеткен жөйiттермен алысумен өттi. 

Бұлармен қатар сан соқпақты сергелдеңдi де бастан кештi. 

Қалай десек те, ғұмыры алыс-жұлыспен өткен Сүлейменнiң 

тағдыры  ешкiмге  ұқсамайтын  бөлек-тi.

 Жалғыз ат жегiлген қоқанарба Сүлеймендi ауырсынып, базар 

қақпасынан шиқылдай шықты. Әудем жер жүрiп, бiр тар көшеге 

түскен соң Андақұл сөйлей бастады:

— Жаңа сен ұрып жыққан жөйiттер Бекабаға барып, болған 

жайдың  бәрiн  ендiгi  айтып  та  жатқан  болар.  Сұм  жөйiт  ертең, 

ертең  емес  ау,  бүгiн-ақ  отыз  жiгiтiн  сенi  iздетуге  аттандыруы 

кәдiк.  Бiраздан  соң  олар  базарға  келiп,  ылаң  салуы  мүмкiн. 

Анада, күз айында Шыршық жақтан келген бiр қазақ осылармен 

саған  ұқсап  ұстасып  қалып,  бiр-екеуiн  ұрып  жыққанымен, 

қалғандарына  әлi  келмедi.  Әлi  келмедi  деппiн,  бiрнешеуi 

жабылып  кеттi.  Содан  оны  ұрып-соғып  талдырып  тастады  да, 

арбаға  салып  алып  кеттi.  Ертесiне  сол  жiгiттiң  кесiлген  басын 

базардың  кiре  берiсiне  iлiп  қойыпты.  Түнде  келiп  iлiп  кеткен 

де. Сәске мезгiлiнде мiлисалар қаптап келiп, әлгi iлiнген басты 

алып кеткенше, базардағы жұрттың зәре-құты қашып, аһ ұрумен 




354

Сүлеймен қарақшы

болды. Жұрт ол басты кiм кесiп, кiм базар алдына iлiп кеткенiн 

бiлсе де, қорыққанынан мiлисаға айтпады. Ай, оны мiлисалардың 

өзi де бiлмей қалған жоқ. Бiрақ Бекабаның бiр де бiр адамдарын 

қамамады.  Керек  болса,  олардан  өздерi  қорқады.  Қорықпаса, 

тыймай ма пәлелердiң сойқандарын? Тал түсте-ақ базар iшiнде 

талайды пышақтап жүргендердi абақтысына тоғытпайды ма? О, 

Құдай, Тәшкен қайта баяғы гүбiрнәтiр кезiнде тәртiптi едi. Кеңес 

орнағалы  берi  тiптi  бұзылып  кеттi.

—  Жаңағы  айтқан  Бекабаң  қай  жерде  тұрады?  Ол  жайлы 

осыдан бес жыл бұрын Жылғаның қамысты сайында кездескен 

адам етiн жейтiн бiреуден есiтiп едiм. Кейiн Қоқанда жүргенде 

де  көп  есiттiм.  Бәрi  оның  атын  айтқандарымен,  қай  жерде 

тұратынын, қандай адам екенiн анық бiлмейдi. Сен көрiп пе едiң 

оны?

—  Көрген  емен.  Бiреулердiң  айтуынша,  ол  Бозсудың 



орталығындағы сарқыраманың астындағы үңгiрде тұрады екен. 

Ал  бiреулер  “Шыланзарда”,  кейбiреулерi  “Мыңөрiкте”  тұрады 

дейдi. Ол жақтың бәрi жөйiттердiң қиқы-жиқы үйлерi. Қай үйде 

екенiн кiм бiлсiн? Ә, айтпақшы, бiз бара жатқан Құрақ оны жақсы 

бiледi.  Қазiр  өзiң  сұрарсың.

— Құрақтың төсекке таңылғанына көп болды ма?

— Қыстың басынан берi шығар.

Арба батпақты көшенi бойлап бiршама жүрген соң Андақұл 

оны  оңға  бұрды.  Бiр-бiрiне  жағалай  салынған  майда  тамдарды 

артқа қалдырып, тағы бiраз өткенде Андақұл арбаны тоқтатты.

— Мiне, Құрақтың үйiне де келдiк. Түсейiк.

Өзi Сүлейменнен бұрын түсiп, кiшкене қақпаны ашты да:

— Құрақ! — деп айқайлады.

 Бiр бала жүгiрiп келдi.

Көкеңе айт, қонақтар келдi де.

 Әлгi бала “мақұл” деп зып еттi. Аула iшi тар. Там да пәс екен. 

Сүлеймен  мен  Андақұл  кiшкене  есiктен  еңкейiп  дәлiзге  ендi. 

Осы  жерде  аяқтарын  шешiп,  төргi  бөлмеге  өттi.  Бөлменiң  сол 

жағындағы  қабырға  түбiнде  күркiлдей  жөтелiп  Құрақ  жатыр. 

Жоқшылық  қой,  жастық  орнына  сабан  толтырылған  қапшық 




355

Сүлеймен қарақшы

жастаныпты. Едендегi ши үстiне жыртық-жыртық киiз төселiптi. 

Алба-жұлба  киiнген  екi-үш  бала  пеш  түбiнде  тығылып  отыр.

—  Ассалаумағалейкум,  —  деп  кiрiп  келген  екеуге  Құрақ 

қадала  қарап  жатты  да:

— Андақұлмысың? Уа, сенiң де келетiн күнiң бар екен-ау. Ой, 

жаныңдағы Сүлеймен бе? Пәлi, қайдан келдiң, бауырым-ау! — 

деп  қозғалақтап-қозғалақтап  қойды  да  тұра  алмайтыны  есiне 

қайта түскендей, жатқан күйi екi қолын бiрден алға созды.

Келдiк қой, Құрақжан, келдiк. Өзiңдi зорға таптым. 

Сүлеймен оның қолын алды. Құрақ жата-жата қамкөңiл болып 

қалған ба, бiрден екi көзiнен жас сорғалап, жылап жiбердi.

—  Жылағаның  не,  Құрақ?  Қайта  бiз  келгенге  қуанып,  мәз 

болмайсың  ба?

  Құрақтың  иегi  кемсеңдеп,  сөйлеуге  шамасы  келмедi.  Оның 

осындай  бейдауа,  қауқарсыз  кейпiне  Сүлейменнiң  жүрегi 

шымырлады.  Құрақтың  осы  жатысына  құдды  бiр  өзiн  кiнәлi 

санады.  “Қап,  баяғыда  елге  өзiммен  бiрге  алып  кетпеппiн-ау. 

Менiмен  бiрге  сотталып  кетсе  де,  әйтеуiр  аяқ-қолы  сау  жүрер 

едi”.


  Сүлейменнiң  аянышын  сездi  ме,  Құрақ  көздерiн  екi 

алақанымен  сүртiп-сүртiп  тастап,  зорлана  жымиды.

—  Қалай,  Сүлеймен?  Аман-сау  келдiң  бе?  Төрге  шық. 

Түнде  ғана  сенi  түсiмде  көрiп  едiм.  Балдар-әй,  тулақты  төрге 

төсесеңдершi.

Үйде әйелi көрiнбейдi. Бiр бала тұрып, астында жатқан ешкi 

бөстектi  төрге  жайды.  Оның  бiр  шетiне  Сүлеймен,  бiр  шетiне 

Андақұл  отырды.

— Бұл күйге қалай түсiп жүрсiң, Құрақ? Естуiмше, Бекабаның 

адамдары өзiңе қысастық жасаған ба, немене?

—  Е-е-е,  Сүлеймен,  “сорлы  сордан  көз  ашпайды”  дегендей, 

маңдайым сордан көз ашпайтын жазған екенмiн де. Бекабаның 

бандысына  қосылып,  сарбаз  атанғанымды  қайтейiн?  Ол  топта 

да  таулықтардан  көп  шеккi  көретiнмiн.  Ең  ауыр  да  қауiптi 

iстерге  менi  жұмсайтын.  Оқ  өтiне  менi  жiберетiн.  Қит  етсем: 

“Бiзге кiрдiң бе, ендi бiздiң топтан шығу жоқ. Шығам десең — 

жаныңды  бересiң.  Одан  қалса,  барлық  бала-шағаңды  қырып 



356

Сүлеймен қарақшы

тастаймыз. Сол үшiн де алып кел дегендi — алып келесiң, атып 

кел дегендi — атып келесiң! Басқа жол жоқ”, — дейтiн. Содан 

жүретiнмiн, оқ пен шоқтың ортасында итаршы болып. Қоқанда 

сенi  өлтiрмей,  қайта  қан  iшiсiп,  анда  болғанымды  Бекаба  мен 

мұнда  жеткенiмше-ақ  бiлiп  қойыпты.  Иттiң  шапшаң  хабар 

жеткiзетiн  жындары  бар  ма,  қайдам.  Өзiм  де  Қоқаннан  берi 

аттанғанда, бiр қауiптiң боларын сезiп едiм. Содан тезiрек жетiп, 

бала-шағамды алып, бiр жаққа кетiп қалсам ба деп ойлағанмын. 

Бiрақ  Бекабаның  үш-төрт  жандайшабы  менi  Қамшық  асуының 

етегiндегi  Ахангаран  маңында  тосып  алды.  Жандайшаптар 

жолай  ештеңе  деместен,  бiрден  Бекабаға  алып  келдi.  “Иә,  айт, 

Қоқанда не тындырып келдiң?” — дедi Бекаба. Мен сенi ұстай 

алмағанымды айттым. Ол мырс етiп күлдi де: “Ұстай алмадым 

дейсiң бе? Сүлеймендi төрт-бес серiгiмен Тұрдақтың үйiне ертiп 

келген кiм сонда? Тұрдақтың қарауылын өлтiрген кiм сонда? — 

деп бақырая қарады. — Жоқ, әлде сенiң онда не iстеп келгенiңдi 

мен бiлмейдi дейсiң бе? Осы үшiн қандай жаза күтiп тұрғанын 

бiлемiсiң?  Сен  бiздi  жауымызға  сатып  келдiң!”

Шынымды  айтсам,  сонда  қатты  қорықтым.  Қорықсам  да 

“әйтеуiр бала-шағамды аман қалдырса екен” деп ойлап тұрып: 

“Сүлеймен сiзге жау емес едi ғой. Өзiмдi өлтiрсеңiз де балаларыма 

тиiспей-ақ  қойыңызшы”,  —  деппiн.  “Сүлеймен  маған  жау 

болмаса да, қоқандық ортақтарыма жау. Менiң ортақтарымның 

жауы — маған да жау. Ал сол жауды жер жастандырудың орнына 

қан  iшiсiп,  анда  болып  кеп  отырсың.  Демек,  ендi  сен  маған 

дұшпансың. Менiң сертiм бойынша, дұшпандарым топырақ басып 

жүрмеуi керек. Азапты өлiммен өлуi хақ. Қазiр сенi жiгiттерiм 

үйiңе  апарады  да,  қатын-балаларыңның  көзiнше  омыртқаңды 

сындырып,  жұлыныңды  созып,  зақымдап  кетедi.  Зақымданған 

жұлынды ешбiр тәуiп жаза алмайды. Жазатынына сенiң беретiн 

малың  жоқ.  Жат,  содан  соң  қиналып  алты  ай.  Алты  айдан  соң 

сары  су  үймелеген  жұлының  iрiп-шiрiп,  азапты  өлiмге  тап 

боласың. Айтпақшы, сен төсек тартып жатқанда, қарайласатын 

қатыныңды  да  алып  кетемiз.  Бiреулердiң  айтуынша,  ол  сұлу 

екен. Оныңды мен қатын етемiн. Сен өлгенше ол осында астым 

мен аяғымды жуып жүретiн болады. Тағы бiр айтарым, мiлисаға 



357



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   168   169   170   171   172   173   174   175   ...   265




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет