Детективті хикаят Алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет176/265
Дата01.04.2022
өлшемі3 Mb.
#29523
1   ...   172   173   174   175   176   177   178   179   ...   265
Сүлеймен қарақшы

бетiне шекпен тигенде, кiлт тоқтады да, жан-жағына алақ-жұлақ 

қарап, кейiн шегiндi. Шегiнiп-шегiнiп барып, ары қарай зуылдай 

қашты.


— Сужүректiгi бар екен, адамға пышақ алып ұмтылғаны несi-

ей, бұл дәйiстiң.

  Төбелес  басталған  кезде  жұрт  бұлардың  жанына  жиналып 

қалған-ды. Жөйiттердiң екеуi сұлап, үшiншiсi қаша жөнелгенде, 

бiреулер  мырс-мырс  күлiсiп,  «жүдә  дауа  болды  бұларға»  деп 

тараса бастады. Әлдеқандай екi кiсi құлап жатқандарды сүйеп, 

тұрғызуға  кiрiстi.

—  Бүгiн  де  сазайларын  бердiң,  балам.  Алайда  басқалары 

неғып келмегендерге таңым бар, — дедi егде кiсi. — Ойпырмай, 

шынымен-ақ  сенен  қорқайын  дегенi  ме?

— Олар осы үшеуiн жiберiп, әдейi сынаған ғой.

— Құдай-ай, осы базар iшiнде қашан тыныштық болар екен? 

— дедi бiреулер.

—  Сiз,  көке,  бақылдаған  мынадай  жаман  текесымақтарға 

ешқашан  да  ақша  берушi  болмаңыз.  Әлiмжеттiк  жасап,  әбден 

басынған  екен.

— Ойбай, балам-ау! Ақша бермесек, күн көрсетпейдi. Күнде 

жанымызда сен жүрген жоқсың...

— Қаласаңыз, күнде осында боламын. Ендi қорықпаңыздар.

Сүлеймен бағанағы Тұрлыбайлар тұрған тұсқа қарады. Олар 

жоқ.

— Мана менiң көзiме бiр дұшпандар түскен сияқты едi. Қазiр 



көрiнбейдi. Қайда кеттi екен-ә?

Осы кезде кеше шайханада танысқан қазақтар сау еттi.

— Ой, жiгiтiм, тағы да бiразын қиратып тастадың ба?

— Сендердiң кiсiлерiңнiң ақшасын тартып алмақшы едi. Жай, 

араға түскенiм ғой.

—  Тұмсықтарына  таяқ  тимей  жүрген  қабаған  иттер  сияқты 

бұлар.  Жақсылап  бiр  таяқ  жесе,  қайтып  бас  көтере  алмайды.

— Әй, қайдам? Солар бұл кiсiге қайта жоламай кетедi дегенге 

мен сенбеймiн. Түбi бiр зұлымдықты iстеп қалулары хақ.



364

Сүлеймен қарақшы

— Сендер осылайша олардың тепкiлерiн көрiп, бұғып жүре 

бересiңдер  ме?  Қосылыңдар  маған.  Құтырынған  қашғарлық 

жөйiттердi  жуасытып  қоялық.

— Осы кiсi жөн айтады. Қашанғы зәбiр көрiп жүре беремiз. 

Бiз  де  еркек  шығармыз.  Күшiмiздi  үйдегi  қатындарға  көрсете 

бергенше, зорлықшыларға да көрсетейiк те. Осы бiз үймелеп неге 

тұрмыз? Ортамыздағы қонақты шайханаға шақырып, бiр сыйлап 

жiберейiк. Лажы болса, ауылымызға меймандыққа шақырайық. 

Мұндай  күштi  де  батыр  жiгiттi  сыйламасақ,  қазақтығымыз 

қайсы? — дедi топ iшiндегi семiздеу келген жiгiт.

  Оны  бәрi  қостады.  Саудасын  әлi  бiтiрмеген  егде  кiсiнiң 

орнына бiр жiгiттi қалдырды да, басқалары Сүлеймендi ортаға 

алып, шайханаға беттедi. Шайханаға кiрмес бұрын шаштаразға 

бұрылып, Сүлейменнiң өсiп кеткен шашы мен сақалын алдырды.

—  Сүлейменнiң  киiмдерi  де  кiрлеп,  әрi  ескiрiп  қалыпты. 

Абақтыда жату оңай деймiсiңдер. Бәрiмiз ортадан пұл шығарып, 

үстi-басын  жаңалап  берейiк,  —  дедi  манағы  сөйлеген  жiгiт 

шаштараздан  шыққан  соң.

— Алдымен қарын тойдырып алайық.

Қазақтар  шайхана  iшiнде  ұзақ  отырды.  Бәрi  Сүлейменнiң 

тамақ жесiне таңқалысып «е, батыр жiгiт осылай тамақ жейдi де» 

десiп,  бiраз  қауқылдасты.

—  Сендер  менiң  тамақты  опырып  жейтiнiмдi  әңгiме  етiсiп 

отырсыңдар.  «Барда  батып  iш»  дегендей,  өздерiң  сыйлаған 

соң  асап  жатқаным  да.  Айтсам,  сенбеулерiң  мүмкiн.  Айлап  су 

iшпейтiн түйе секiлдi, кейде мен бiрнеше күн нәр татпай жүре 

берем. Тамақтануға мұрсат болмаса, iздемеймiн. Содан шығар, 

артық  ет  жинай  алмай  жүргенiм.

—  Ойбай,  Сүке,  мына  денеңе  артық  ет  жинасаң,  Құдай 

салмасын, қандай боласың? Бiрақ таңқалып отырғаным, осынша 

дәу бола тұрып, көп тәулiк бойы қалай тамақ iшпей жүре бересiң?

—  Қаратай,  жақсы  бураның  артық  етi  болмайтынын  сен 

бiлмеушi  ме  едiң.  Бiздiң  Сүлеймен  нар  ғой,  нар,  —  дедi  оған 

қатарласа  отырған  бiреуi.

  Қазақтар  осылайша  даурығысып  отырғанда,  қолындағы 

үзеңгiсiнiң  таралғысынан  шұбата  ұстаған  бiр  қашғарлық 



365



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   172   173   174   175   176   177   178   179   ...   265




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет