Детективті хикаят Алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет177/265
Дата01.04.2022
өлшемі3 Mb.
#29523
1   ...   173   174   175   176   177   178   179   180   ...   265
Сүлеймен қарақшы

шайханаға кiрдi. Кiрдi де бос орын iздегендей, адамдар отырған әр 

нарды айнала өтiп, қазақтардың жанына жақындады. Бұлар оның 

кiм  екендiгiне  назар  аудармады.  Қашғарлық  болса,  бұлардың 

қапталындағы  нарға  тақап  келiп,  бiраз  тұрды.  Келген-кеткендi 

күтiп алып, iлтипатпен шығарып салып жүрген шайханашының 

бiрi оны қонақ деп ойласа керек: «Осы жерге жайғасыңыз, үка. Не 

ауқат iшесiз?» — деп иiлдi. «Жоғалт көзiңдi!» — деп қашғарлық 

зiрк еттi оған. Шайханашы зып еттi. Шайханашы кете салысымен, 

ол қазақтарға қарай тез-тез адымдап, Сүлейменнiң арт жағына 

таяды  да,  бiр  сәт  iркiлместен  үзеңгiмен  оның  басына  қойып 

қалды.  Адам  түгiлi,  көкжал  қасқырды  жер  қаптыратын  үзеңгi 

соққысы  тигенде,  Сүлеймен  есiнен  танып  барып,  алға  еңкейе 

құлады. Оның жанында отырған Қаратай ұшып тұрғанда, оған 

да үзеңгi тидi. Қаратай соққыға төтеп бере алмай, нардан аунап 

түстi. Ә дегенде не болғанын аңғара алмаған қазақтар, ол құлап 

түскенде,  шу  етiсiп  өре  түрегелдi.  Қаскөй  үзеңгiнi  айналдыра 

сiлтеп,  есiкке  ұмтылды.

— Ұста, ұстап қал иттi, — деп айқайлады Қаратай.

Бiрақ бiр де бiр қазақ анаған жақындауға батылдары жетпей, 

үрпиiстi. Осыны пайдаланған қашғарлық сып етiп, сыртқа шыға 

жөнелдi.


Бұл кезде Сүлеймен бiр қолымен бет-аузын жуған қанды, бiр 

қолымен үзеңгi тиген маңдай тұсын сүртiп, орнынан тұра берген. 

Оны көрген Қаратай:

—  Қозғалма,  Сүлеймен!  Отыр,  отыра  тұр,  —  деп  өзi  нар 

шетiнен  көтерiле,  мұның  иығынан  басты.

— Қап! Қайдағы бiреуден таяқ жеп... Қап, ит-ай, қапыда ұрып 

кеттi-ау...

— Бұл пәле қайдан келе қалды?

— Қалай байқамай отыра бергенбiз?

— Әй, мына Сүлейменге бiрдеңе қылайық та. Қан көп кетiп 

жатыр  ғой,  —  десiп  жан-жақтағылар  шулап  жатыр.  Бiр  бұлар 

емес,  шайханада  отырғандардың  бәрi  дүрлiге  орындарынан 

тұрысып,  Сүлейменнiң  жанына  жиналды.  Бiр  шайханашы  таза 

орамал  әкеп,  Қаратайға  ұстатты.




366

Сүлеймен қарақшы

— Қане, қолыңды алшы. Үзеңгi тиген жерге мына орамалды 

басайын.

  Сүлеймен  қан  аққан  басынан  қолын  алды.  Жұрт  тағы  шу 

етiстi. Өйткенi үзеңгi шекенiң үстiн айырып жiберiптi. Мана ғана 

шашы тап-тақыр етiп алынған құйқаның етi екi жаққа ырсиып 

кетiптi. Қаратай сол жерге орамалды басып тұрып, тағы өкiнiшiн 

бiлдiрдi:

— Әттеген-ай, байқай алмағанымызды қарашы.

Сүлейменде  үн  жоқ.  Басы  зырқ-зырқ  етiп  ауырып,  көздерi 

қайта-қайта  тұманданды.  Бiрақ  жанына  батқан  ауруына 

қарамастан,  iшiн  алай-дүлей  ашу  кернеп,  тiстерiн  шықырлата 

тiстенiп, ары-берi қозғалақтай бердi. Дастархан үстiндегi кесенi 

алақанымен  жаба  ұстап,  мытып  жiбергенде,  ол  сынып  кеттi.

—  Абайла,  қолыңды  тiлiп  аларсың,  —  дедi  Қаратай  оны 

жұбататын  басқа  сөз  таппай.

—  Бекабаны...  Қайсың  бiлесiң,  Бекабаның  қай  жерде 

отырғанын? Бүкiл жандайшаптарымен қосып, дәл қазiр бауыздап 

тастайын.

  Шайханадағы  жұрт  тым-тырыс.  Бет-аузын  қан  жапқан 

мынадай  дию  секiлдi  адамнан  зәрелерi  қалмағандай.  Бiреулер 

ақырын-ақырын  басып,  тысқа  беттедi.  Қаратай  бiр  қолындағы 

орамалымен  Сүлейменнiң  жарасын  басып  тұрып,  екiншi 

қолымен  қалтасынан  өз  орамалын  шығарып,  мұның  бетiндегi 

қанды  сүрттi.

— Қаратай, апар деймiн менi Бекабаның ұясына.

— Сабыр ет, бауырым, сабыр ет. Алдымен мына жарақатыңды 

жазып алайық.

— Құрысын жарақаты. Бiлсең, кеттiк қазiр!

Қаратай  жаңа  оның  жарақатын  орамалымен  басқанда  қан 

бiраз тиылған едi. Сүлеймен орнынан тұрып кеткенде, қан қайта 

сау  етiп,  аға  жөнелдi.  Соған  қарамай,  Сүлеймен  далаға  атып 

шықты. Ашудан, әрi таяқ жегендiктен көзiне түк көрiнбей кеттi 

ме,  шайхана  алдында  тұрған  кiсiлерге  тап  берiп,  олардың  кiм 

екендiктерiнде жұмысы болмай, шетiнен ұрып жықты. Бiреулерiн 

қаптай  лақтырып,  шат-шәлекейлерiн  шығарды.




367



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   173   174   175   176   177   178   179   180   ...   265




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет