Детективті хикаят Алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет187/265
Дата01.04.2022
өлшемі3 Mb.
#29523
1   ...   183   184   185   186   187   188   189   190   ...   265
Сүлеймен қарақшы

 Мұзапар үйлердi iштей санап, күбiрледi:

— Тоғызыншы үй.

— Бұл айтпаса да бiлем ғой, — дедi Қаратай.

— Жақсы, бiз келгенше аттар мен арбаға қарай тұр.

  Жағасын  қамыс  басқан  өзен  мен  ұзыннан-ұзақ  созылған 

махалла  арасын  бiр-ақ  көше  бөлiп  жатыр.  Мұзапардың  үйiнен 

шыққан  төртеу  бiр-бiрiне  жабыса  салынған  тамдарды  санап 

келiп,  тоғызыншыға  келгенде  тоқтады.  Дуалдың  ар  жағынан 

шәуiлдеп  иттер  үре  бастады.

—  Бiз  дуал  жағалай  тұрайық.  Жәлелдин  шыққанда,  бiздi 

бiрден  байқап  қоймасын.  Ал,  Қаратай,  шақыр  оны.

 Қаратай аласа дарбазаны қамшы сабымен дүңкiлдетiп ұрды. 

Ар жақтан:

— А, кiм-ә дүр бұ? — деген дауыс шықты.

— Жәлелдин, бiр сәтке берi шығып кетшi. Тұрлыбай жiбердi, 

— дедi Қаратай.

 Тұрлыбайдың атын естiген анау атып шықты.

— Не, жайшылық па?

—  Жай  тiрлiк  болмай  тұр  ғой.  Былайырақ  жүрiп,  анау 

кiсiлермен 

сөйлесшi.

 Ойында ештеңе жоқ Жәлелдин Қаратайдың соңынан ердi.

— Қараңғыдан анық көрмей тұрмын. Бұрын екеумiз таныс па 

едiк өзi?

 Жәлелдин осылай дегенi сол едi, дуал түбiнен шыға келген 

Сүлеймен, оның басынан бiр қойып, жерге былш еткiздi. Одан 

соң  бiр  аяғынан  ұстап,  қамыс  арасына  сүйреледi.  Қамыстың 

қалыңдау тұсына келгенде сiлкiп-сiлкiп, есiн жидырды. Есiн әрең 

жинаған Жәлелдин басын қысып, бiраз отырды. Айқайлайын деп 

әрекеттенiп едi, бiрақ жан-жағындағы төртеудiң бәрiбiр өлтiрiп 

қоятынын бiлдi ме, Сүлейменнiң аяғын құша құлады.

— Кешiрiңiз, әка. Айып менде. Сiз базардағы мен ұрған дәу 

емессiз бе? Құдай ақы, ұрам деп ұрғаным жоқ... Тұрлыбай әкам 

қоймады. Ойбай, өлтiре көрмеңiзшi.

 Басын Сүлейменнiң тобық тұсына тiреп, етпеттей жатқан ол 

еңкiлдеп жылады.



387

Сүлеймен қарақшы

— Жылама, хайуан! Сырттан келiп ұруға батыр едiң ғой. Осы 

үшiн қазiр мына басыңдағы миды анау өзенге ағызып кетем.

Сүлеймен басына бiр тептi. 

Тепкi  қатты  болмаса  да,  оңай  тимедi  бiлем,  Жәлелдин  тағы 

талықсып  қалғандай,  үн  шығаруға  әлi  жетпедi.  Аздан  соң  жан 

бiтiп,  қозғалақтады.  Сүлеймен  оның  желкесiнен  бүре  ұстап 

тұрғызды да, қалай қинасам екен дегендей қолдарын жәй бұрай 

бастады.

— Сүлеймен, қоя тұр. Бұл бiзге Тұрлыбайды шығарып берсiн.

—  Ә,  үкам  дұрыс  айтады.  Бәрiн  бастаған  —  сол.  Шығар 

десеңдер, шығарып берейiн. Тек өзiмдi аман қалдырыңдаршы, — 

деп  Жәлелдин  төртеуiнiң  аяқтарына  кезек-кезек  жығылды.

— Сен өйтiп бiздi алдама. Оған бiр жетiп алсаң, бiр қулықты 

ойлап қаша жөнелерсiң. Айт, Тұрлыбайдың үйiнде мылтық бар 

ма?


—  Мылтығын  бiлмеймiн.  Бiрақ  мiне  —  иманым,  мiне  — 

шыным, алдарыңызға әкеп берем. Керек десеңiздер, оны өзiм-ақ 

ұрып  берейiн.

—  Бүйтiп  жәдiгөйлiк  жасама.  Менi  сендей  опасызға  сенедi 

деймiсiң?  Одан  да  қалай  шақыратыныңды  айт!

— Сiздер бергi жақта тұрасыздар. Мен шақырып келем.

— Оттапсың. Бiз сенi ұстап тұрамыз. Сен айқайлап шақырасың. 

Басқа бiрдеңе деп жүрсең, жон арқаңа қанжарды қадай саламын.

— Бопты, үка, бопты.

 Төрт қарақшы алдарына Жәлелдиндi салып, қамыс арасынан 

шықты. Азғантай жер жүрген соң: «Тұрлыбайдың үйi осы», — 

деп Жәлелдин таспен қоршалған бiр тамның тұсына тоқтады.

— Расымен осы ма? — деп Сүлеймен Қаратайға қарады.

— Осы.


—  Бiз  ешкiмдi  аямаймыз.  Сатқындық  жасағандарды  айтам. 

Егер сөз арасында оған белгi берiп қойсаң, бала-шағаларыңнан 

түк  қалдырмаймыз,  —  дедi  Пархад  әдейi  ананы  одан  бетер 

қорқытып.

— Қам жемеңiз, үка, қам жемеңiз. Айтқанымда тұрам. Белгi 

бермеймiн.




388



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   183   184   185   186   187   188   189   190   ...   265




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет