Детективті хикаят Алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет188/265
Дата01.04.2022
өлшемі3 Mb.
#29523
1   ...   184   185   186   187   188   189   190   191   ...   265
Сүлеймен қарақшы

 Жәлелдин Тұрлыбайдың қақпасын өздерiне белгiлi соққымен 

төрт-бес мәрте тарсылдата ұрды. Қақпаның ар жағынан қатқыл 

үн естiлдi.

— Қайсың бұл?!

Тұрлыбай, әш-ү дарбазаны! Шаруа бар-үу.

—  Жәлелдинбiсiң?  Әй,  түннiң  жарымында  сенiң  де  iсiң 

бiтпейдi  екен.  Бекаба  жәкемнен  бiр  хабар  келiп  қалды  ма?

— Шықсаңшы-ә. Әйтәм ғуй.

  Шиқылдап  қақпа  ашылды.  Сүлеймен  еңкейiңкiреп, 

Жәлелдиндi  паналап  тұрған.  Анау  үшеуi  сыртқа  ашылған 

қақпаның  тасасына  тығылды.

— Айт, не болды?

— Әкеңнiң... болды. Мә, сұмырай!

 Қақпадан жайбарақат шыққан Тұрлыбайды Сүлеймен осылай 

деп бiр соқты. Анау қақпаға жабысып барып, сырғып жер құшты.

— Пархад, Жәлелдиндi ұста. Мен мұны сүйреп қамыс арасына 

апарайын.

  Сәл  мезгiлден  соң  Тұрлыбай  мен  Жәлелдин  ну  қамыстың 

арасында  төртеуiнiң  қоршауында  отырды.

—  Сөйле,  Тұрлыбай.  Баяғыда  аязды  түнде  су  iшiнде  қатып 

қалмай қалай аман шықтың? Бәрiнен бұрын қасқырлар қалайша 

саған  тиiспедi?  Әй,  бiрақ,  сауал-жауап  алып  отыратын  менде 

уақыт  жоқ.  Тек  мынаны  түсiндiр.  Маған  өзiң  тиiспей,  неге 

адамдарыңды жiбересiң? Тасадан тас ататын қорқақтың нақ өзi 

екенсiң  сен.  Егер  менiмен  өзiң  төбелеске  шығып,  жеңсең,  яки 

жеңiлсең,  бәрiн  кешiрер  едiм.  Ал  мен  ешуақытта  араға  адам 

салып, қапияда бас салдыратын қорқақтарды кешiрмеймiн. Ендi 

өлдiм  дей  бер.  Баяғыда  аязды  түнде  мұздай  өзенге  батырып 

кеткенiмде  сау  қалыпсың.  Бүгiн  тағы  суға  батырам.  Бiрақ  сол 

кездегiдей  аяз  болмаса  да  қазiр  өлесiң.

 Жоқ, әлде, Бекабаның алдына өзiң ертiп барасың ба? Сұрашы 

менен.  Қандай  айламен  өлу  оңай?  Суға  батып  па,  әлде  басың 

қырқылып  па?  Әй,  жауап  бер  маған!  Әлi  есiңдi  жинай  алмай 

отырмысың?

  Тұрлыбайдың  бет-әлпетiнде  қандай  өзгерiс  бар  екенi 

қараңғылықтан көрiнбейдi. Бiрақ iштей аһ ұрып, өкiнiп отырғаны 

даусыз.  Сүлеймен  бiр  нұқығанда  жанындағы  Жәлелдинге 

бассалды.

— Аһ, сатқын! Сен мақұлыққа баяғыдан сенбеушi едiм, — деп 

оны төмпештей бердi.



389

Сүлеймен қарақшы

  «Ит  ашуын  тырнадан  аладының»  керiне  салынған  оның 

басына Сүлеймен гүрс-гүрс еткiзiп екi рет ұрды. Тұрлыбайдың 

миы аузына түстi. Оның шалқалай сұлағанын көрген Жәлелдин:

—  Өлiп  қалды  ма,  өлiп  қалды  ма?  Ә-ә-ә,  ендi  менi 

өлтiрмеңiздершi,  —  деп  зарлана  жылады.

Пархад Тұрлыбайды ары-берi аударыстырып көрдi.

— Қазiрше өлмептi. Талып қалыпты.

Парманқұл  Тұрлыбайдың  бiлегiн  ұстап,  тамыр  соғысын 

байқады:


— Жалаң қолыңның өзi сойылдай екен.

— Қап, Құдай-ай!.. Жәй ғана ұрған сияқты едiм... — Сүлеймен 

қатты  күрсiндi.  —  Мұны  естiсе,  Мамажан  тамырымыз  «бекер 

бопты-ау» деп ренжитiн шығар.

— Кiм ренжiсе де, болар iс болды. Әй, Жәлелдин неге сонша 

дiрiлдейсiң?  Тұрлыбайды  сүйретiп  бар  да,  анау  өзенге  таста. 

Көрген  жұрт  «суға  батып  өлiптi»  десiн.

  Пархад  осыны  айтуы  мұң  екен,  Жәлелдин  Тұрлыбайдың 

аяқтарынан сүйреп, суға күмп еткiздi. Су жағасынан берi қарай 

бұрыла  бергенiнде,  Парманқұл  артынан  бiр  теуiп,  өзiн  өзенге 

батырды.  Содан  шашала  жөтелiп,  жағаға  тырбанып  шығайын 

деп  едi,  Пархад  қамшымен  бастан  салып  жiбердi.

— Арғы бетке жүзiп жете алсаң, аман жiберемiз.

—  Ойбай,  әка.  Судың  ортасы  терең.  Жүзе  алмаймын.  Су 

мұздай.  Суық  тиiп,  өлiп  қалам  ғой.

 Жәлелдин су ортасында дiр-дiр етiп, осылайша қақсап тұр.

— Онда, шық жағаға.

  Жәлелдин  жағаға  ұмтылды.  Осы  сәт  Пархад  маңдайынан 

бiр  теуiп,  суға  тағы  шалқасынан  түсiрдi.  «Мыналар  судан 

шығармайды» деп ойлады ма, ол қақала-мақала ары қарай жүрдi. 

Өзеннiң  қараңғы  бетiнен  оның  жәй  басып  кетiп  бара  жатқаны 

бұларға анық көрiнiп тұрды. Бiр кезде: «Ойбай, мына жер терең 

екен.  Өте  алмаймын,  өте  алмаймын»,  —  деп  бақырып,  керi 

бұрылды.


— Бақырма, сұмырай. Бiреу естiп қояды. Сөйлей бермей, кел 

берi!


 Ол жиекке жақындап келген кезде:

—  Тоқта  сол  жерде,  —  дедi  Парманқұл.  —  Судан  шыққың 

келсе, бiзге «Бекабаның отырған жерiне ертiп барам» деп уәде 

бер.



390



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   184   185   186   187   188   189   190   191   ...   265




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет