Детективті хикаят Алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет189/265
Дата01.04.2022
өлшемі3 Mb.
#29523
1   ...   185   186   187   188   189   190   191   192   ...   265
Сүлеймен қарақшы

— Оның отырған жерiне кiрген емеспiн. Менi онда кiргiзбейдi. 

Беймарал кiретiн Тұрлыбай едi ғой.

— Өтiрiктi соқпа.

— Оллаһи, шыным.

— Тұрлыбайдан басқа кiм кiре алады?

— Достұр кiредi.

— Ол кiм?

— Базардағы мiлисада iстейдi.

— Мiлисаның керегi жоқ бiзге. Басқа адамды айт.

—  Пархад,  Бекабаны  қоя  тұр.  Қаратай,  Сүлейменге  пышақ 

ұрғанның  атын  кiм  деп  едiң?  Кәрiмхан  дейсiң  бе?  Жәлелдин, 

бiзге  қазiр  Кәрiмханды  Тұрлыбайға  ұқсатып,  далаға  шақырып 

берсең,  судан  шығарамыз,  —  дедi  Парманқұл.

— Мақұл, мақұл. Кiмдi айтсаңдар да шақырып беремiн.

Төртеуi  Жәлелдиннiң  киiмдерiнiң  суын  сорғалатып, 

дiрдектеткен  күйi  Кәрiмханның  үйiнiң  алдына  айдап  келдi.

  Тiстерi  тiстерiне  тимей  қалшылдап,  әзер  сөйлеп  тұрса  да, 

Жәлелдин  Кәрiмханды  көшеге  шығарды.  Кәрiмхан  сорлы  да 

оның  қандай  жұмыспен  келгенiн  бiлiп  үлгергенше,  арт  жақтан 

тиген  соққыдан  есi  ауып  түстi.  Қамыс  арасында  өз-өзiне  зорға 

келдi.


— Мен ұрсам, бұл да өлiп қалатын шығар. Сендер ұрып-ұрып, 

менiң кегiмдi қайтарыңдар.

 Анау үшеуi оны әбден қинады. Жәлелдинге ұқсатып, әбден 

суға  тоғытты.  Айқайлайын  десе,  Парманқұлдың  қолындағы 

маузерден қорықты. Пархат Кәрiмханмен қатар Жәлелдиндi де 

өлгенше  таяқтады.  Ол  аздай,  Кәрiмханның  аяқтарына  пышақ 

сұққылап,  жаралап  тастады.

—  Осы  таяқ  жегендерiңдi  мiлисаға  айтсаңдар,  болмаса 

базарда, көшеде бiзге тосыннан шабуыл жасасаңдар, бұдан бетер 

азаптаймыз, — деп екеуiн қосақтап байлап, қамыс iшiне тастап 

кеттi.

—  Бұл  иттер  ашуым  басылғанда  кездестi.  Базарда  қолға 



түскенде аямас едiм. Жаңа олардан сұрамаппыз ғой, Бекабаның 

адамдарына  жейтiн  адамдарды  осылар  тасып  жүрген  жоқ  па 

екен?  —  дедi  Сүлеймен  қамыс  шетiне  шыққанда.

— Ә, ондайға бұлардың да қатысы бар, — дедi Қаратай.

—  Онда  керi  бұрылып,  екеуiн  де  байланған  күйлерi  суға 

тастай салайық. Өлсе — өлер, өлмесе — жағаға шығар. Талай 

пәк  сәбидiң  қанын  шашып  жүргендердi  несiне  аяймыз.



391

Сүлеймен қарақшы

Төртеуi осыған келiстi де, iшшайлап жатқан екеуiн домалатып, 

өзенге  тастады.  Қол-аяқтары  байлаулы  екi  сорлы  су  ағысымен 

ағып кете барды...



VII

  Содан  берi  алты  айдай  уақыт  өттi.  Сол,  1932-шi,  мешiн 

жылының  күзi  жаңбырлы  болды.  Әдетте  Тәшкенде  қараша 

айының  өзi  де  ыстық  болатын.  Ал  осы  жылы  күн  құрғатпай 

шелектеп құйған жаңбыр бiр ашылмай-ақ қойды. Әр он-он бес 

жылда бiр болатын мұндай жаңбырлы күз Тәшкен жұртын әбден 

мезi  етiп-ақ  тастады.  Диқанның  жұмысы,  саудагердiң  базары 

оңды  болмаған  соң,  көбiне  осы  екi  нәрсенi  кәсiп  ететiн  өзбек 

халқының көңiлi қайдан көтерiле қойсын. Дегенмен Тәшкендегi 

әр  жетi  сайын  болатын  базар  тоқтап  қалмайды.  Бiрақ  жайма-

шуақ  мамырлы  күндерге  қарағанда,  жаңбырлы  уақытта  мұнда 

қызу  сауда-саттық,  қарбалас  тiршiлiк  бола  қоймайды.

 Сүлейменге Мамажан «Әстi имам» мешiтiнiң жанынан бiр үй 

әперген. Ауласы тар, төбесi пәс демесең, бөлмелерi кең. Пархад та, 

Парманқұл да осында. Соңғы кезде үшеуiнiң жұбы жазылмады. 

Қайда барса да бiрге. Үшеуiнiң үнемi бiрге жүргенiнен сескендi 

ме, әйтеуiр базарда да, көшеде де ешкiм тиiспедi. Тұрлыбайдың, 

Кәрiмхан  мен  Жәлелдиннiң  таяқ  жегенiне  Бекаба  жөйiт  кек 

алғысы  келмегендей  жым-жырт.  Алты  ай  iшiнде  үшеуi  қарап 

жатпады.  Тәшкенге  Қазақстандағы  аштық  зобалаңынан  ауып 

келген, әлi де келiп жатқан ашқұрсақ қазақтар көп. Үшеуi алты 

ай  бойы  сол  қазақтарды  тойындырамыз  деп,  тыныш  таппады. 

Оларға  базар  саудагерлерiнен,  көше-көшелердегi  шайхана-

асханалардың  қожайындарынан  тартып  алған  малдар  мен  ас-

ауқаттарды  таратып  берiп,  қолдарынан  келгенше  көмектесiп 

бақты. Осылайша, басы ауған талай қазақ осы үшеуiнiң арқасында 

жат жерде аштан қатпай, аман қалды. 

Кеше  Пархад  пен  Парманқұл  «Қатағантөбе»  жаққа  кеткен. 

Сүлеймен  үйде  жалғыз  отырып,  көршi  өзбек  қатын  дайындап 

берген ауқатын ендi алдына алғаны сол едi, қақпаны бiреу қатты 

тоқылдатты. Кебiсiн сүйрете шыққан Сүлеймен қақпаны ашса, 

көздерi ойнақшыған орта бойлы бiреу тұр екен.




392



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   185   186   187   188   189   190   191   192   ...   265




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет