Детективті хикаят Алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет190/265
Дата01.04.2022
өлшемі3 Mb.
#29523
1   ...   186   187   188   189   190   191   192   193   ...   265
Сүлеймен қарақшы

— Сүлеймен дәу сiз боларсыз?

— Иә, мен. Өзiң кiмсiң?

—  Менiң  атым  —  Қойсал.  Шорабазардағы  Өдiмәт  дәдәмдi 

бiлесiз ғой. Сол кiсi бүгiн бейсенбi болғасын, базарда делдалы 

бар,  қасапшысы  бар,  сондағы  жұмыс  iстейтiндердiң  барлығын 

һәм  тамыр-таныс  кiсiлерiн  шақырып,  тамақ  берiп,  құран 

оқытпақшы.  Сiздi  де  «келсiн»  деп  менi  жiбердi.

— Өкiмет Құран оқып, құдайы беруге тыйым салды деп едi. 

Өдiмәт қорықпай, қалай құдайы өткiзбек?

— Ол жағын кiм бiледi. Бiр есебi бар шығар.

— Сен сәл кiдiре тұр. Мен киiнiп шығайын.

Үстiне  жеңiл  шапанын  iле  салып,  сыртқа  шықса,  Қойсал 

көшеде  тұрған  өгiз  арбасын  керi  бұрып  қойыпты.

— Бүгiн күндегiдей емес, ауа ала бұлтты болып тұр. Жаңбыр 

жауа қоймас, сiрә.

—  Қайдам,  Сүлеймен  әка.  Жаңбырдың  өстiп  тұрып-ақ  жауа 

салатын әдетi бар ғой.

— Мен байқай алмай отырмын. Тәжiксiң бе, өзбексiң бе?

— Түбiмiз сонау Созақтағы Тама екен. Атамыз бай болыпты. 

Орыс келген кезде бар малымнан айырылып қалам деп, Хожент 

жаққа  қашыпты.  Атамның  да,  әкемнiң  де  өлiгi  сол  Хожентте 

қалды. Жаңа өкiмет орнаған соң мен қуғынға түстiм. Содан тау 

асып,  Тәшкен  келiп  тұрақтадым.

— Осы жердiң қазақтары неге бiрiң өзбек, бiрiң тәжiк болып 

бара  жатырсыңдар  өзi?  Сенiң  түрiң  мен  тiлiңе  қарап,  түбiңнiң 

қазақ екенiне ешкiм сене қоймас.

Кiм бiледi, ортамызға қарай бейiмделген шығармыз.

— Қандай ортаны айтып отырсың? — деп гүж еттi Сүлеймен. 

— Әркiм ортасына қарай өз ұлтын жоғалта берсе, бiздiң елдiң 

Сұлтанрабат,  Сайрам  жерiндегi  өзбектер  неге  қазақ  болып 

кетпейдi.  Қайта  соларға  жақын  отырған  кейбiр  қазақтар  өзбек 

болып кеткен. Неге қазақтың намысын ұстамайсыңдар өздерiң? 

Мысалға, менiң осында келгенiме алты ай болды. Әлi бiр ауыз 

сөздi  өзбекше  айтпаймын.  Қоқанда  екi  жыл  жүргенiмде  де 

өзбектiң арасында жүр екенмiн деп тiлiмдi шұбарлағаным жоқ.




393

Сүлеймен қарақшы

 Екпiндей сөйлеген Сүлеймен өзiн бiр ұрып жiберер ме екен 

деп  қорыққан  Қойсал  өгiздi  тоқтата  сап,  жерге  секiрiп  түстi. 

Ойнақшыған  көздерi  ендi  мөлиiп,  бұған  жасқана  қарап,  арба 

шарабасына  сүйендi.

— Неге түстiң?

—  Ойбай,  сiзден  қорқып  кеттiм.  Түрiңiз  әшейiннiң  өзiнде 

қорқынышты көрiнедi. Жаңа екпiндеп сөйлегенiңiзде бiр қойып 

қала ма деп...

—  Сенi  ұрып  нем  бар.  Тек  сен  сияқты  қазақтардың 

намыссыздығын айтам да. Ата-бабаңның тiлiн неге бөгде тiлге 

алмастырасың?

— Бiр мен деймiсiз? Әкем де тәжiкше, өзбекше сөйлеп өттi. 

Жалпы, Әнгреннiң арғы жағындағы қазақтардың бәрi сондай ғой.

—  Қорқақ  пен  сатқындар  өз  ұлтының  намысына  тұрақсыз 

келедi.  Ондайлар  басқа  ұлтқа  айналғанда  да  батыр  болмайды. 

Өзiңдi-ақ алайықшы. Мен сәл қатты сөйлегенге сонша қорықтың. 

Жетi  айдың  iшiнде  осында  маған  қаскөйлiк  жасағандар  да 

сартқа айналған тәжiк пен қазақ. Анау Өдiмәттiң де, жалпы осы 

Тәшкендегi сарттардың жарымынан астамының түптерi — өзбек 

емес,  басқа  ұлттар.  Неге  бұлай  болатынына  қайранмын.  Неге 

тұрсың  қақиып?!  Мiн,  арбаға!  Кеттiк!

  Содан  Шорабазарға  жеткенше  екеуi  ләм  деспедi.  Базар 

ортасындағы  керуенсарай  алдында  ала  шапан,  ала  топы 

киген  адам  көп.  Сүлеймен  арбадан  түскенде  танитыны  бар, 

танымайтыны бар, бәрi жапырылып келiп, сәлем бердi. Өдiмәт 

қолтықтап  iшке  кiргiздi.  Керуенсарайдың  төргi  кең  бөлмесiнде 

үлкен  етiп  дастархан  жасалыныпты.  Бiрақ  Өдiмәт  Сүлеймендi 

онда  отырғызбай,  төргi  жақтағы  кiшкене  бөлмеге  алып  келдi. 

Мұндағы  дастархан  шағындау.  Бес-алты  кiсiге  ғана  арналып 

жайылыпты.

— Сен Тәшкеннiң құрметтi адамысың. Балуан, батыр жiгiттер 

құрметтi  болады  да.  Ендеше,  көппен  бiрге  отырмай,  сыйлы 

қонақтар  отыратын  осы  жерге  жайғас.  Қазiр  мұнда  өкiметтiң 

емес,  Тәшкендегi  базар  мен  шайханалардың  кәттә  ұлықтары 

келедi. Солармен танысып, дастархандас болсын деп, өзiңдi әдейi 

шақырттым,  —  деп  Өдiмәт  мұны  төрге  шығарды.



394

Сүлеймен қарақшы

 Сүлейменнiң артынан төрт-бес адам кiрдi. Бәрiнiң жастары 

Сүлейменнен үлкендеу болса да, бұған iлтипатпен сәлем берiп, 

дастархан басына жағалай жайғасты. Қызметшi отырғандардың 

бас-басына  бiр-бiр  табақ  палаудан,  жеке-жеке  шәйнекпен  шай 

әкелдi.  Қонақтар  «бисмилда»  деп  тамаққа  бас  қойды.  Өдiмәт 

болса, отырғандарды шетiнен Сүлейменмен таныстырып шықты. 

Шынында  олар  Тәшкеннiң  ұлық  саудагерлерi,  кәтта  базар 

басшылары екен. Сүлейменмен танысып болған әлгiлер мұның 

сырт тұрқын мақтай сөз етiсiп, ұзақ қауқылдасты. Саудагерлердiң 

мадақ сөздерiн есiте отырып, бұл бiр табақ палау мен бiр шәйнек 

шайды  тауысып  та  қойды.  Бiр  кезде  басы  айналып,  маужырай 

бастады.  Денесiнiң  бәрiн  зiл-батпан  күш  басып,  қайта-қайта 

мүлги  бердi.

— Уа, Сүлейман әка. Ыстық палау мен шайдан кейiн ұйқыңыз 

келе бастады ма? Жүдаям, көзiңiз жұмылып барады ғой, — дедi 

жанындағы бiр кiсi.

— Өдiмәт, қонаққа ащы етiп тағы ыстық шәй әкелдiр. Ұйқысын 

ашсын, — дедi тағы бiрi.

—  Ұйқының  бұлайша  неге  басып  бара  жатқанына  таңмын. 

Түнде  жап-жақсы  ұйықтаған  сияқты  едiм,  —  деп  Сүлеймен 

екiншi  шәйнектегi  шайды  пияласына  құйды.

— Шайдан басып-басып iшiңiз.

— Иә, кейде адамды ұйқы айналдырып алады...

Бұдан  арғы  сөздер  құлағына  күмбiрлеп,  анық  естiлмедi.  Бiр 

жамбасына қисайып, құлап бара жатты. Содан қанша ұйықтағаны 

беймәлiм, көзiн ашса, қараңғы бiр жерде жатыр. Басын бiреулер 

сойылмен  соққылап  тастағандай  ауыр.  Тiлi  аузына  сыймай, 

қурап  кетiптi.  «Қай  жерде  жатырмын»  тұруға  ыңғайланып  едi, 

тұра алмады. Қол-аяқтары байлаулы екен. Iштей таңырқап, бұл 

жағдайға қалай түскенiн қанша ойланса да, есiне Шорабазардағы 

керуен сарайда шай iшiп, палау жеп отырғанынан басқа ештеңе 

түспедi.

 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   186   187   188   189   190   191   192   193   ...   265




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет