Детективті хикаят Алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет219/265
Дата01.04.2022
өлшемі3 Mb.
#29523
1   ...   215   216   217   218   219   220   221   222   ...   265
Сүлеймен қарақшы

оларда жаужүректiлiк, содан соң бұл сияқты бiр ұрғанын қатыра 

салатын  соққы  жоқ.  Ең  ақыры  ондайлардың  көбiнде  бұндағы 

сияқты сұстылық жоқ. Түрiне қарашы, дәулiгiн былай қойғанда, 

көзiне адам тiктеп қарай алмайды. Сүлейменнiң жанында сенiң, 

Парманқұл,  жүзiң  әшейiн  шақар  баланың  бетi-әлпетi  сияқты.

— Шақар баланың бет-әлпетi секiлдi болса да, бұдан да талай 

адам ығады.

— Жай айтып жатқаным да, Сүлеймен. Әйтпесе, екеуiң қатар 

келе  жатсаңдар,  айналаның  бәрiн  қара  бұлт  басып  тұрғандай 

болады.  Жүрiстерiң  ауыр,  түрлерiң  суық,  жүздерiң  зәрлi.

— Жә, Мамажан. Бiздi түрмеден шығаруыңды шығарып алып, 

ендi бой тұрқымыз бен дене пiшiмiмiздi сынайын дедiң бе, — деп 

күлдi Парманқұл. — Бұрындары менi түрмеден мезгiлiнен бұрын 

шығарып алғаныңда, “Бiр жаққа кетiп, бас сауғалай тұр” демеушi 

едiң.  Бұл  жолы  басқа  шешiмге  келгенiңнiң  төркiнiн  аңдамай 

отырмын.

— Менi өкiмет басқа жұмысқа ауыстырып жатыр. Сендер үшiн 

ол қызметтi құпия етпей-ақ қояйын. Ташкендегi милициялардың 

бастығы  болмақшымын.  Менiң  де  досым  бар,  дұшпаным  бар 

дегендей, артымнан көп сөздiң ере бергенi де жөн емес. Сол үшiн 

уақытша  бұл  жерден  кете  тұрыңдар.  Ертең  екеуiңдi  бiреулер 

Ташкеннен көрсе, өздерiңдi түрмеден мен шығарғанымды бiрден 

бiледi. Жан-жағымыз күйiп тұр. Бәрiмiз бiрдей жанып кетпейiк. 

Орайлы iс болса, жең астынан жалғаса берермiз.

Сүлеймен де, Парманқұл да үнсiз. Тек бiраздан соң екеуi:

— Е, жаңа орынтағың құтты болсын! — дестi.

— Орынтағымның құтты болуы сендерге байланысты болып 

тұр. Сондықтан да тiлiмдi алып, Ташкеннен кетiңдер. Сүлеймен, 

сен “елiме барсам” дегендi қой. Екi-үш жылға дейiн ол жақты 

ұмыт. Қоқанға барғыларың келмесе, Самарқан жаққа кетiңдер.

— Ол жақта не қыламыз? Барсақ, Қоқанға барамыз, — дедi 

Сүлеймен.



457

Сүлеймен қарақшы

IV

Мамажан  дайындап  берген  екi  атқа  мiнген  Сүлеймен  мен 

Парманқұл  ертесiне  Қоқанды  бетке  алды.  Қоқанға  жету  оңай 

емес.  Алда  ұзақ  жол.

—  Ал  Құдай  алдарыңнан  жарылқасын.  Тек  жол-жөнекей 

абай болыңдар. Заманның тынышы кетiп тұр. Жол торыған ұры-

қары да көп. Жә, сендерге оны үйретiп қажетi не. Әйтеуiр аман 

оралғайсыңдар. 

—  Рахмет,  Мамажан  саған.  Түрмеде  жатқаннан  гөрi  көкжал 

бөрiдей дала кезiп жүрген мың есе артық. Алла жазса, кешiкпей 

дiттеген жерiмiзге жетiп қалармыз. Бiз үшiн алаң болма, — дедi 

Парманқұл.

Сол күнi кеш бата екеуi Тойтөбеге жеттi. Парманқұлдың бiр 

танысының үйiне бiр қонып, Әнгрен асты. Әнгренде Парманқұлды 

танитындар көп екен. Соларға кезек-кезек екi-үш қонды. Соңғы 

қонғандары  Бектемiр  деген  кiсiнiң  үйi  едi.  Бұлардың  Қоқанға 

кетiп бара жатқанын бiлген ол:

— Қыс ауасында олай қарай жол жүру қиын. Ең қиыны – мына 

асудан өту ғой. Мұнда қар жұқа боғанымен тауда қалың, әрi тап 

қазiр аң-құс та құтырып тұр. Осында қыстай салсаңдар қайтедi? 

— дедi.

— Сенiң ас-суыңа ортақтасып, талыстай боп жатып алу — бiз 

үшiн ұят. Ниетiңе рахмет. Асудан төрт-бес күнде өтiп кетермiз. 

Шамаң келсе, бiзге бiраз азық дайындап бер.

Бектемiр  басқа  ештеңе  демей,  Парманқұлдың  айтқандарын 

дайындап,  қоржынына  салып  бердi.  Онымен  қоштасқан 

қарақшылар  Құрама  асуына  қарай  жолға  түстi.

— Бұрын сен, Қоқанға қай жолдармен жүрiп, барып едiң? — 

деп сұрады Парманқұл жолай.

—  Барғанда  Түлкiжортқанның  үстiмен  өтiп,  Тарақорған 

арқылы жетiп едiк-ау. Ал қайтарда Наманганның батыс бетiмен 

өтiп,  Шыршық  тауымен  асып  түскенбiз.

— Осы жолы да Тарақорғаннан өтемiз. Бергi жақтағы тәжiк 

ауылдарға  екi-үш  түнесек,  Құрмантөбенi  басып,  Сырдарияға 

құлаймыз.  Сырдариядан  өтсек,  Қоқанға  тез-ақ  жетемiз.



458



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   215   216   217   218   219   220   221   222   ...   265




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет