Детективті хикаят Алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет228/265
Дата01.04.2022
өлшемі3 Mb.
#29523
1   ...   224   225   226   227   228   229   230   231   ...   265
Сүлеймен қарақшы

айрылып қалғаны былай тұрсын, екi мұрнынан қан сорғалап, екi 

көзi  төңкерiлiп  қалыпты.

Шамаң келсе, сөйлет оны. 

Бейiсқожа  басмашының  екi  бетiн  шапалақтап,  ары-берi 

сiлкiлеп,  есiн  жидыруға  қанша  әрекеттенсе  де,  анау  өзiне-өзi 

келмедi.  Былқ-сылқ  күйi  қорылдап  жатты.

— Сен тақымыңа бiр қысқанда, сорлының миына қан құйылып 

кеткен-ау,  шамасы.  Ендi  қалсын  осылай.  Жұртқа  бекерден-

бекерге  зәбiр  көрсеткеннiң  қандай  болатынын  ұғып,  қиналып 

жатсын.  Ой,  жаңағы  әйел  қайда?  Мұрсат,  сен  байқамадың  ба, 

оның  қайда  кеткенiн?

—  Үйiне  қашып  кеттi.  Бiздi  таныса  да,  мына  Парманқұлды 

басмашы  деп  ойлады-ау,  деймiн.  Жә,  не  қыласың  оны.  Мына 

екеуiнiң денесiн анау арыққа сүйреп, тастай салайық. Басқалары 

байқамасын.

Екi басмашыны оңай жайғаған қарақшылар ауыл iшiн аралап

бес-алты үйден өткенде, оншақты жылқыны қуып келе жатқан 

үш  басмашыны  көрдi.  Бiр  тамның  тұсына  олар  жылқыларды 

иiрiп,  бiреуi  тамның  ауласына  кiрдi.  Басмашылар  үй-үйдегi 

жылқыларды шетiнен жиып, айдап келе жатқан сияқты. Сүлеймен 

тобы тағы да бiр тамның тасасына жасырынды.

—  Басмашылардан  басқа  жан  адам  көрiнбейдi  ғой.  Ауыл 

тұрғындары  қайда  кеткен?

—  Сүлеймен,  тұрғындардың  бәрi  үйдi-үйiне  тығылып  алған 

да. Бұлар келгенде сыртта бiр адам жүрмейдi, — дедi Мұрсат.

—  Жаңағыларды  оп-оңай  алдық.  Мыналарды  қалай  алсақ 

екен?


Әркiм  “не  iстесек  болады?”  дегендей  үнсiз.  Қиыннан  жол 

табатын Парманқұл да жуық арада ештеңе айта қоймады. Осы 

кезде  басмашы  кiрген  үйден  айқай-шу  шықты.  Айқай-шумен 

бiрге  тарс  етiп  атылған  мылтықтың  даусы  бiрге  естiлдi.  Бергi 

жақта жылқыларды иiрiп, бетiн қайтарып тұрған екi басмашының 

бiрi  мылтық  даусы  шыққан  сәтте  қаруын  оңтайлады  да,  атын 

тебiнтiп,  үй  жаққа  шапты.  Ал  айқай-шу  басылар  емес.

—  Әй,  осылай  шарасыз  тұра  беремiз  бе.  Жақындайық  та 

аналарға,  —  деген  Сүлеймен  жылқы  иiрген  басмашыға  қарай 

құйғыта  жөнелдi.

Айқай-шу  шыққан  үйге  мойнын  созып,  атын  ары-берi 

ойқастатып тұрған басмашы Сүлеймендi өзiне жақындаған кезде 




476

Сүлеймен қарақшы

ғана  байқады.  Дәу  аттың  үстiнде  алпамсадай  болып  отырған 

Сүлейменге көзi түскенде, ол сорлы сасып қалды ма, атын бұра 

берiп,  қамшысын  қолынан  түсiрiп  алды.  Тiзгiн  ұстаған  қос 

қолымен  атының  мойнын  ұра  бастады.  Алайда  астындағы  аты 

иiрiлiп  тұрған  жылқылардан  ұзағысы  келмегендей,  табандап 

жүрмедi.

Басмашы  қорыққанынан  мылтығын  алып,  кезенудi  де 

ұмытты. Аты ыңғайына көнбеген соң жерге секiрiп түстi. Ойы 

– серiктерiне қарай қашпақ едi. Онысы орындалмады. Өйткенi 

бұл  кезде  Сүлеймен  жанына  жетiп  қалған.  Басмашының  қап-

қара сақал-мұрты болғанымен жас жiгiт екен. Атын өңмеңдетiп 

қасына жетiп келген Сүлейменнен жүрегi ұшып кеттi ме “Ә-ә-ә” 

деп бiртүрлi үн шығарып, аттың тура алдына жата кеттi. Шауып 

келген Сүлейменнiң аты оны басып қалуға шақ қалды. Зады ат 

адамды  баспайды.  Дәу  ат  екпiнiмен  келсе  де,  шетке  бұрылып 

үлгердi.

Ат шалт бұрылғанда, тақымын бос ұстаған Сүлеймен ерден 

ауып түстi. Ерден ауғанда тура жерде жатқан басмашының үстiне 

түстi. Басмашы бұның салмағынан жаншылып қалғандай, “уә-ә” 

деген бiр дыбыс шығарды да талып қалды. Ендi оның қауiпсiз 

екенiн көрген Сүлеймен орнынан тұрды. Бұл сәтте Парманқұлдар 

да  жетiп  үлгерген.  Ал  аула  жақтағы  басмашылар  жұртты  әлi 

шулатып  жатқан.

Бейiсқожа жерде демсiз сұлаған басмашыға қарады:

—  Қалғандарының  берi  шығуын  күтейiк  те,  келе  бергенде 

тарпа  бас  салайық,  —  дедi.

Үй жақтан мылтық тарс етiп, тағы бiр рет атылды.

—  Ойбай,  хайуан.  Өлтiрдiң  ғой,  өлтiрдiң,  —  деген  әйелдiң 

ащы  даусы  естiлдi  артынша.

Мұрсат жердегi басмашының мылтығын алды.

— Мен бiлсем, мыналар бiреудi атып өлтiрген тәрiздi. Тасалап 

барып, өз мылтықтарымен өздерiн жайратып салайық. 

Осы  кезде  тағы  да  мылтықтың  даусы  шықты.  Әлгiнде  ғана 

ойбайлаған  әйелдiң  үнi  бiрден  өштi.  Сiрә,  басмашылар оны  да 

атып  тастаған  секiлдi.

— Бұл кiмнiң үйi едi? Отағасын танитын ба едiңдер? 



477



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   224   225   226   227   228   229   230   231   ...   265




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет