Детективті хикаят Алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет230/265
Дата01.04.2022
өлшемі3 Mb.
#29523
1   ...   226   227   228   229   230   231   232   233   ...   265
Сүлеймен қарақшы

— Пұштайдың үй жағына. Сiрә, оларды колхоздың қорасына 

жинап жатыр-ау деймiн. Айтпақшы, бағана бiр басмашы “сiздi 

тап” деп Әнесқожаны әбден сабады. Жеңешемдi де аямады.

—  Әйтеуiр  өлтiрiп  қойған  жоқ  па?  —  деп  шап  еттi  Мұрсат 

Бейiсқожадан  бұрын.

Бейiсқожа  ерiнiң  қасын  қолымен  сығымдай  ұстап,  тiстенiп 

отырды.


— Әнесқожа деген кiм?

— Бейiсқожаның iнiсi ғой, — дедi Елемес Мұрсат үшiн жауап 

берiп.

—  Бiрақ  Бәке,  басмашы  оны  қатты  ұрмады.  Қамшымен  екi 



рет салып жiбердi. Ал жеңешемдi бiр-ақ рет ұрды. Мен “әбден 

сабады” деп қатты айтып жiберiппiн. Шынын айтқанда, оларға 

ештеңе де болған жоқ.

Бейiсқожа  әлi  үнсiз.  Түнерген  қалпынан  айнымай  отыр. 

Мұрсат та сөз айтпады. Оның да бетiнен ашудың табы байқалады. 

Болмашы нәрсенi айтып қойғаны үшiн өзiн мына екеуi таяқтап 

тастай ма деп ойлаған Елемес:

—  Атаңа  нәлет  ит  басмашылар.  Адамды  сөзiнен  де  жаң-

ылыстырып  қояды  ғой.  Одан  соң  сiздiң  жаныңыздағы  мына 

бiр дәу кiсiнi көрiп, жүрегiмнiң ойнап кеткенi. Жалған айтсам, 

кешiресiз,  —  деп  қипақтады  екi  көзiн  Сүлейменнен  алмай.

— Әнесқожа басмашыларға не дедi?

— “Көкемдi кешеден берi көргенiм жоқ” дедi. Басқа ештеңе 

айтпады.


— Сен жұрттың бәрiне хабарла. Қорықпай үйлерiнен шығып, 

Пұштайдың  там  жағына  келсiн.  Бiз  қазiр  сол  жерде  Озғардың 

басын  кесемiз.

—  Е,  мейлi,  көке.  Мен  айтуын  айтам  ғой.  Бiрақ  олар  барса 

деңiз.

Бейiсқожа қайтып оған сөйлемедi. Өз серiктерiне бұрылды:



—  Есiттiңдер  ғой,  басмашылар  Пұштайдың  үй  жағына 

кетiптi.  Олар  бiз  жайратқан  сарбаздарын  күтiп  отырған  болар. 

Сәл  кешiксек,  басмашылар  оларды  iздеп  шығуы  мүмкiн.  Ал 

бiз бұрын қимылдап, Озғарды бандысымен қоса, өзiн де қолға 

түсiруге  ұмтылайық.

— Сонда Пұштайдың үйiне қарай осылай ашық жүре беремiз 

бе?



480

Сүлеймен қарақшы

— Саған “ашық жүрейiк” деген ешкiм жоқ, Мұрсат. Сақтық 

амалдарын  жасап  жүретiнiмiз  хақиқат  қой.

Пұштайдың үйi еңiстеу жерде екен. Еңiске түсе берiс жердегi 

бiр  үйдiң  жанына  келгенде  Бейiсқожа  атын  тоқтатты.  Төменгi 

еңiстегi  бес-алты  үй  алақандағыдай  көрiнедi.  Арғы  жақтағы 

таспен қоршалған колхоз қорасы да көзге айқын шалынады. Қора 

iшi жылқыға толы. Ал оның маңында мылтық асынған үш-төрт 

кiсi  жүр.  Олар  жылқыларды  қарауылдап  жүрген  басмашылар 

екенiн бұлар бiрден сездi.

— Алдымен соларды қолға түсiрейiк.

—  Мұның  жөн,  Сүлеймен.  Бейiсқожа,  Пұштайыңның  үйi 

қайсы?  —  дедi  Парманқұл.

—  Бес  үйдiң  ортасындағы  үлкенi  соныкi.  Үй  алдында  бес-

алты  ат  байлаулы  тұр  ғой.  Көрдiңдер  ме?

— Көрдiк.

— Көрсеңдер, “құрбашымын” деп, өз көкiрегiн өзi қағып, өзiн 

осы өлкенiң қожайыны санайтын Озғар сол үйде отыр. Бiз осы 

жерге аттарымызды қалдырайық та, қораға жаяу жақындайық. 

Аттарын  Бейiсқожа  көрсеткен  жерге  байлаған  қазақ 

қарақшылары,  бұқпантайлап  қораға  жеттi.  Осы  жерде  бiраз 

ойласып алды да, қораның дуалынан асып, iшке түстi. Ойлары 

—  қораның  iшiндегi  жылқыларды  тасалап,  ауызда  отырған 

басмашыларға  жету.  Мылтықтарын  оңтайлап  алған  бесеуi 

дiттеген жерлерiне тез келдi. Қора аузында ағаш есiк бар екен. Ар 

жағында үш басмашы мылтықтарын алдарына қойып, беймарал 

сөйлесiп отыр. Бейiсқожа мен Парманқұл шарбақ есiкке асылып 

тұрып:


— Қолдарыңды көтерiңдер! — деп айқайлады оларға. — Кiм 

де кiм мылтығына қол созса, атып саламын.

Үш  басмашы  сасқалақтап,  не  қолдарын  көтермей,  не 

мылтықтарына жармасарларын бiлмей, бiр-бiрiне қарады. Мұрсат 

шарбақ  есiктен  жылдам  асып,  отырғандардың  мылтықтарын 

жинап  алды.

— Қолдарыңды көтерiңдер дедiк ғой сендерге, — деп бiреуiнiң 

iшiне мылтықтың ұңғысымен бiр ұрды.




481



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   226   227   228   229   230   231   232   233   ...   265




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет