Детективті хикаят Алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет229/265
Дата01.04.2022
өлшемі3 Mb.
#29523
1   ...   225   226   227   228   229   230   231   232   ...   265
Сүлеймен қарақшы

—  Сен  де  болмайтын  сұрақты  бередi  екенсiң,  Парманқұл. 

Мұның кiмнiң үйi екенiн бiлмеушi ме едi, бұлар. Кiм болса да 

бұл жердiң тұрғындары қазақтар ғой. Оларды улатып-шулатып 

қоямыз  ба?

Сүлейменнiң  артынан  серiктерi  iлестi.  Бiрақ  бұлар  үйдiң 

бұрышына  жеткенде,  аула  жақтан  үш  жылқы  шауып  шықты. 

Жылқылардың артынан екi басмашы көрiндi. Мұрсат мылтығын 

жылдам  оқтап,  екеуiн  екi  оқпен  жайратып  салды.

— Ойпырмай, Мұрсат, мерген екенсiң-ау.

— Уа-а, Сүлеймен, құралайдың көзiн ататын мерген ғой бұл.

—  Осыларға  қашаннан  берi  қаным  қарайып  жүр  едi. 

Көргенде  шыдай  алмай  кеттiм,  —  дедi  Мұрсат  аттан  ауып 

түскен екi басмашыны аяғымен кезек-кезек түртiп. — Оқты тура 

шекелерiнен  тигiзген  екенмiн.

Сүлеймен үйдi айналып, аула жаққа барды. Есiк алдында бiр 

еркек, бiр әйел өлiп жатыр.

—  Алда,  жазғандар-ай!  Бұ  байғұстар  осы  ауылға  былтыр 

ғана келген кiсiлер едi. Мына кiсiнiң аты — Оңғарбай. “Сарысу 

жақтың  ыстысымын”  деушi  едi,  бейшара.  Нәлетi  басмашылар, 

өзiн де, әйелiн де атқан екен ғой.

—  Қап,  Бейiсқожа.  Араша  түсуге  үлгере  алмағанымызды 

қарашы.

—  Қойыңдар,  бұлай  тұра  беруге  болмас.  Басмашылардың 

ерттеулi  аттарын  осында  әкеп,  панаға  байлап  қояйық  та, 

қалғандарын  ауыздықтауға  әрекеттенейiк.

— Менiң де, жоқ, бәрiмiздiң де ойымыз сол ғой, Парманқұл, 

— деген Бейiсқожа ауладағы қораны нұсқады:

— Аттардың барлығын анау қораға қамайық. Басмашыларды 

бiр жақты қылсақ, бәрiн қайтадан елге таратып беремiз.

—  Мына  өлiктердi  осылай  ашық  күйлерiнде  тастап  кете 

беремiз  бе?

—  Сүлеймен,  оларды  жерлеуге  қазiр  мүмкiндiгiмiздiң  жоқ 

екенiн  бiлесiң.  Жаңағы  айтқанымыздай,  басмашыларды  бiр 

жақты  қылайықшы.

Бесеуi жылқыларды қораға айдап кiргiздi.




478

Сүлеймен қарақшы

— Бағана сен мұндағы басмашыларды он шақты деп пе едiң? 

Бесеуiн  жайғадық.  Ендi  бесеуi  қалды  ма?  —  дедi  Парманқұл 

Мұрсатқа  үйден  шыға  бере.

— Нақты санын кiм бiлген. Маған солай көрiнген. Бәлкiм одан 

да көп шығар.

Әр жерге шашыла салынған тамдардың бiрталайын айналып 

өткен  Сүлеймен  тобына  басқа  басмашылар  кездесе  қоймады. 

Тiптi ауыл адамдарының бiр де бiрi ұшыраспады. Ойнап жүрген 

бала атаулы да көрiнбейдi. Ит екеш иттер де ұяларына тығылып 

алғандай ма, қалай, алдарынан шықпады. Осындай тыныштыққа 

таңырқаған  Сүлеймен:

— Бейiсқожа, Мұрсат, ауылдарыңның балалары мен иттерi де 

басмашылардан  ығып,  үйлерi  мен  үйшiктерiне  тығылып  алған 

ба? — дедi.

— Мылтық даусынан алдымен бала мен ит қорықпаушы ма 

едi. Басмашылар бүкiл ауылдың үрейiн ұшырып қойған. Мұны 

мана айттым ғой.

— Әне бiр үйдiң бұрышынан сығалап тұрған кiм?

Бейiсқожа  Сүлеймен  нұсқаған  үйге  қарады.  Сығалап  тұрған 

кiсiнi көрген соң:

— Ей, Елемес, берi кел! — деп қол бұлғады.

Анау  бұрыштан  атып  шықты  да  берi  жақындады.  Жүзiнде 

үрей  бар  сияқты.

—  Беке,  “сiздi  Озғардың  адамдарына  қосылып  кеткен  бе” 

десем,  жаныңыздағылар  өзiмiздiң  қазақтар  екен  ғой.  Мұрсат 

көкем де сiзбен бiрге екен. Жол болсын? Озғармен атысуға бара 

жатырсыздар  ма?

— Олар көрiнбейдi ғой. Қайда өздерi?

—  Екi-үш  басмашы  қазiр  ғана  кеше  сiздер  бiзге  берген 

жылқыларды  айдап  әкеттi.  “Бiз  ауылдан  шығып  кеткенше,  бiр 

де  бiреуiң  үйлерiңнен  шығушы  болмаңдар”  деп  кеттi.  Мен  зәр 

қыстап далаға шығып едiм, сiздердi көрiп қалдым. Олар сiздермен 

кездескен  жоқ  па?

— Жоқ, әлi кездеспедi. Озғардың өзi қайда екенiн бiлмейсiң 

бе?


— Ол Пұштай бастықтың үйiнде-ау деймiн.

— Басмашылар жылқыларды қайда айдап кеттi?




479



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   225   226   227   228   229   230   231   232   ...   265




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет