Детективті хикаят Алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет231/265
Дата01.04.2022
өлшемі3 Mb.
#29523
1   ...   227   228   229   230   231   232   233   234   ...   265
Сүлеймен қарақшы

Анау екi бүктетiлдi. Қалған екеуi қолдарын көтердi. Мұрсат 

оларды  да  бiр-бiр  тептi.  Iшiн  басып,  бүктетiлген  бойын 

тiктеуге шамасы болмаса да, екi қолын басынан асыра көтердi. 

Басмашылардың  ендi  қауқарсыз  екенiн  бiлген  Бейiсқожа  мен 

Парманқұл да шарбақтан берi өттi. Одан кейiн Сүлеймен келдi. 

Бұл  кезде  мылтықтың  ұңғысы  iшiне  тиген  басмашы  бойын 

жазып,  бұларға  қарады:

— Уай, Бейiсқожа әкамбiсiз? Сiздi бағаналы берi Озғар әкам 

iздетiп жатыр.

—  Iздесе  қайтем.  Менi  тапқанда  атып  тастамақ  па  едiңдер? 

Ендi  өздерiңдi  атамын.  Озғар  қайда?

— Пұштайдың үйiнде.

— Онда тағы кiм бар?

—  Ерсiн  мен  Ордаш  бастықтар  да  келген  анау  ауылдардан. 

Қазiр  бәрi  көкнәр  iшiп,  кәйiп  қылып  отыр.

— Озғарда мылтық бар ма?

— Пүлiмөт бар.

— Сүлеймен, бұларды не iстеймiз?

— Үшеуiн де атып тастайық, — дедi Мұрсат Сүлеймен аузын 

ашып үлгергенше.

— Уай, Бейiсқожа әка. Ататындай сiздерге не жаздық? Жiбере 

салыңыздаршы. Тура қазiр Озғарға да қарамай, тау жаққа кетiп 

қалайық. Бiлесiз ғой, Озғар бiздi зорлықпен қарамағына қосып 

алған. Содан құтылсақ, мылтығымызды тастап, қышлақтарымызға 

тарап кетер едiк.

—  “Озғар  өзiне  зорлап  қаратып  алды  бiздi”  дейсiң-ә? 

Қолдарыңда — мылтық. Қышлақтарыңды сағынып жүрсеңдер, 

оны атып өлтiрiп, тарап кетпейсiңдер ме? Сен, қатынның сөзiн 

айтпа. “Өзiмде билiк жоқ итаршымын” десейшi, одан да. Айтшы, 

қанша  қазақты,  бiр  ғана  қазақты  емес-ау,  қанша  жазығы  жоқ 

адамды  өлтiрдiң?  Қанша  адамның  қатынын  тартып  алдың?

— Уә, әка, мен өздiгiмнен күнә iс iстегенiм жоқ. Бәрi Озғардың 

айтуымен болған.

—  Мiне,  көрдiң  бе,  сен  бiреу  айтақтаса  шаба  беретiн  нағыз 

иттiң  өзiсiң.  Қожайының  жұмсаса  —  адам  өлтiресiң,  қыз 

зорлайсың.  Бiрақ  осының  бәрiне  бiреудi  кiнәлi  санайсың.  Ай, 



482

Сүлеймен қарақшы

сенiмен неге айтысып тұрмын мен. Әйда, анау қораның дуалына 

қаз-қатар  тұра  қалыңдар.  Тiзiп  қойып,  атып  тастайын.

Бейiсқожаның  сөзiне  басмашылар  не  айтарларын  бiлмей, 

аһiлеп-үһiлеп  күрсiне  бастады.  Аздан  соң  жаңағы  сөйлегенi 

Бейiсқожаның  аяғына  жығыла  кеттi. 

—  Ойбай,  әка,  бiз  сiзге  жаманшылық  қылған  жоқ  едiк  қой. 

Рахым қыла көрiңiзшi. Керек болса, қазiр барып, Озғарды атып 

келейiн. Басын кесiп, алдыңызға әкеп тастасам, күнәмдi кешесiз 

бе?


Бейiсқожа  оның  басына  бiр  тептi.  Бiр  тепкенiмен  тоқтап 

қалмады.  Онымен  қоса,  анау  екеуiн  де  оңдырмай  тастады. 

Сүлеймен  Мұрсатқа  қарады:

— Мынау бағаналы берi қақсап жатқанның аты кiм өзi?

— Бейiсқожа, осы сұмның аты кiм?

Ол бiраз ойланып тұрды. Жауапты басмашының өзi бердi.

— Ә, менiң атымды сұрап тұрсыз ба? Құрбан — менiң атым. 

Менi осындағылардың бәрi бiледi.

— Онда, Құрбан..., әй, Бейiсқожа, қоя тұршы тепкiлей бермей. 

Сен, Құрбан, жаңа не дедiң? Озғардың “басын кесiп әкелейiн” 

дедiң бе?

— Иә, иә, әка. Егер менi өлтiрмей тiрi қалдырсаңыздар, қазiр 

барып, Озғарды атып саламын. Оның онсыз да күнi бiтiп барады.

— Осы сөзiңде тұрасың ба?

— Өй, Сүлеймен, сенбе бұған. Ит иесiн қабушы ма едi?

—  Жоқ,  жоқ,  мына  әкам  “сөзiңде  тұрасың  ба”  деп  дұрыс 

айтады.  Әлбетте,  тұрам.  Тек  жiберiңiздершi.

— Онда, тұр орныңнан!

Құрбан  орнынан  көтерiлiп,  үстi-басын  қақты.  Оған  iлесiп, 

анау екеуi де тұра берiп едi, Бейiсқожа оларды тепкiлеп-тепкiлеп, 

қайта  жатқызып  қойды.

— Сендерге әлi ешкiм тұр деген жоқ.

Содан кейiн қазақ қарақшылары өзара айтысып бiраз тұрды. 

Бейiсқожа мен Мұрсат Құрбанды Озғарға жiберуге қарсы болды. 

Екеуiнiң ойынша, бұл сатып кетедi. Ең жақсысы — бұларды атып 

тастап,  Озғарға  өздерi  шабуылдауы  керек.  Сүлеймен  болса,  өз 

айтқанынан қайтар емес.

— Сен екеуiң мынаны ойлаңдаршы. Мақұл, үшеуiн де атып 

тастайық. Сосын Озғарды өлтiрейiк те, жылқыларды жұртқа қайта 



483



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   227   228   229   230   231   232   233   234   ...   265




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет