Детективті хикаят Алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет238/265
Дата01.04.2022
өлшемі3 Mb.
#29523
1   ...   234   235   236   237   238   239   240   241   ...   265
Сүлеймен қарақшы

он  жылдай  болды,  сол  қарақшылардан  қалған  сарқыншақтар 

басмашы болып, елдi жүндей түтiп жүр едi. Озғарға күндiз-түнi 

нәлетi айтушы едiк. Сол қарғысымыз бүгiн оған тап келдi. Сен, 

қарағым, баяғының батырындай екенсiң. Атаңа мың алғыс, сенiң! 

Бiрақ  ертең  сен  кеткен  соң  бұл  елдiң  күнi  не  болмақ?  Қалған 

басмашылар келiп, тағы ту-талапайымызды шығармай ма?..

Сөйлеген қарияның сөзiн Бейiсқожа бөлдi:

— Жоқ, Әнуар көке. Озғар өлдi. Ендi келiп, бiздi басынатын 

басмашылар  жоқ.  Қазiр  мынау  Ордаш  пен  Ерсiн  бастықтарға 

өздерiнiң басмашыларға болысып, елдi қинайтын жүгенсiздiктерi 

туралы өз қолдарымен хат жаздырып аламыз да, екеуiн мiлисаға 

өткiзiп  жiберемiз.

Бейiсқожаның сөзiн жұрт iлiп әкеттi.

— Дұрыс, екеуiн абақтыға жаптырып, тәубелерiне келтiрейiк.

— Өз жұртын сатқан мұндайларға аяушылық етпейiк.

—  Жұртқа  әкiреңдеп,  құдайсынған  екеуi  сазайын  әбден 

тартсын.


— Абақтыға жiберерден бұрын қос сатқынды бiраз төмпештеп 

алайық та.

— Өздерi абақтыға кеткен соң, үй-жайларын ауылдан көшiрiп 

жiберейiк.

— Жә, тоқтаңдар! — деп қолын көтердi Бейiсқожа. — Ордаш 

пен Ерсiндi төмпештеп, болмаса бала-шағаларын елден көшiрiп 

жiбергенде  ұтпағымыз  не?!  Онсыз  да  бұлар  ендiгi  —  қарабет. 

Ал  қазiргi  өздерiңiзге  болысқан  мына  Сүлеймен  «қорадағы 

жылқыларды  елге  таратып  жiберейiк»  дейдi.  Ендеше,  жұртым, 

тараңдар да жылқыларды екi-үш үйден бiрiгiп, сойып алыңдар. 

Ал Ордаш пен Ерсiндi қазiрше қамай тұрамыз.

Әрдеңенi күбiрлескен жұрт тарай бастады. Бәрi кетiп болған 

кезде Бейiсқожа колхоз бастығына бұйырды: 

— Пұштай, баста, сенiң үйiңе барайық. Бiлемiн, үйiңде ауқат 

мол. Бiздiң қарнымыз ашты. Сыйла бiздi. Мына екi сатқынды да 

бiрге алып жүремiз. Үйiңде қағаз-қалам бар ғой. Үшеуiң жасаған 

қылмыстарыңды баяндап, өкiметтiң атына хат жазасыңдар. Ертең 

Мұрсат екеумiз үшеуiңдi сол хаттарыңмен бiрге Терексайға айдап 

барамыз.

 Одан соң Пұштай, үйiңе барғанда бiзден құтылайын деп бiр 

қулықты  ойласаң,  мына  Мұрсатты  бiлесiң  ғой,  бiр  атып  жер 



496

Сүлеймен қарақшы

жастандыра салады. Болды, кеттiк жiгiттер! Ой, айтпақшы, мына 

басмашыны да Ордаштарға қосып байлап алайық. Мiлиса алдына 

барғанда, бұл тiрi куә болады.



V

Сүлеймен, Парманқұл, Айдабол үшеуiнiң Қоқанда жүргенiне 

он  айға  жуықтады.  Былтырғы  Бестоғайдағы  оқиғадан  кейiн 

бұлар  сол  ауылда  үш-төрт  күн  болып,  Қоқан  асқан.  Озғардың 

бандыларын  күйреткен  соң  Бейiсқожа  мен  Мұрсат  Желтимес 

жүйрiктi еш жаққа өткiзе алмайтындықтарын айтқан-ды. Содан 

жүйрiктi Қоқанға өздерiмен бiрге ала келген. Ала келгендерi тәуiр 

болды. Сүлеймен мұнда баяғы досы Пұсырманқұлмен табысты. 

Пұсырманқұл Желтиместi бiр тәжiкке сатып бердi. Тәжiк ауған-

тәжiк шекарасынан ары-берi жасырын өте алатын саудагер екен. 

«Мұндай атты ауған асырып жiбермесек болмас. Бұл жерде мұны 

мiнiп жүру қауiптi. Өкiметтiң көзiне түсiп қаламыз», — деген ол. 

Сөйтiп  ол  Желтимес  үшiн  қомақты  ақша  бердi.  Сүлеймендер 

Желтиместi қимай бiраз тұрған. Алайда, амал не, 

оны бағып-күтуге шамалары жоқ.

Сүлеймен  Қоқанға  келе  сала-ақ,  жайсыз  хабар  естiген.  Оны 

айтқан  Пұсырманқұл.  Алғашқы  күнi  ол  бұларға  Қоқанның 

басқа жаңалықтарын айтып, Дилда жайына келгенде кiбiртiктей 

берген.  Осыдан-ақ  бiрдеңенi  сезгендей  едi.  Ертесiне  Дилда 

жайында  ашық  сұраған.  Пұсырманқұл  күмiлжiп  бiраз  отырды 

да: «Е, Сүлеймен, өздерiң кеткен соң Тұрдақтың артында қалған 

сарқыншақтары бiраз лаң салды. Олар алдымен Дилданың көзiн 

жойды.  Содан  соң  менi  өлтiрмекке  әрекеттендi.  Екi-үш  мәрте 

төнген  қауiптен  Құдайдың  арқасы  ма,  әйтеуiр  аман  шықтым. 

Олардың Дилданы өлтiргенiн кейiн бiлдiм. Екi-үш күн сайын бiр 

хабар алып тұратын Дилда бiрде жетi-сегiз күн көрiнбедi. «Неге 

бұлай көрiнбей кеттi? Әлде баласы ауырып, шыға алмады ма?» 

деп үйiне бардым. Есiгiнде қара құлып тұр екен. «Бiр жаққа кеткен 

шығар» деген оймен қайтып кеттiм. Ертесiне тағы бардым. Есiгi 

әлi құлыптаулы. Ойым әрi-сәрi болып тұрғанда, жаныма қоңсысы 

келдi. Мен одан Дилданы сұрадым.



497



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   234   235   236   237   238   239   240   241   ...   265




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет