Детективті хикаят Алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет234/265
Дата01.04.2022
өлшемі3 Mb.
#29523
1   ...   230   231   232   233   234   235   236   237   ...   265
Сүлеймен қарақшы

— Сендердiң ешқайсыңның сөздерiңе сенуге болмайды екен. 

Ант-су iшкен Құрбанды көрдiң ғой. Демде-ақ ант ұрды.

—  Мен  оған  ұқсап  алдамаймын  сiздердi.  Шынымен-ақ, 

Озғарда  пүлiмөттiң  оғы  азғантай-ақ  болатын.

— Анау төртеуден басқа Озғардың жанында кiм бар?

— Ауылда жылқыларды жинап жүргендер келiп қалмаса, үйде 

колхоз бастықтарынан басқа ешкiм қалмады-ау.

— Ей, сен, мұнымен не сөйлесiп жатырсың? — деген дауыс 

шықты осы кезде төбе жақтан.

Сүлеймен басын көтердi. Сөйлеген Парманқұл екен. Дуалдың 

ар жағынан асылып, бұларға қарап тұр.

— Бұл қай тұрысың-ей, сенiң?! Озғар өзiңдi бiр оқпен жайрата 

салсын деп тұрсың ба? Түс, ары. Әй, тығыл деймiн саған!

— Келсейшi, берi. Не iстейтiнiмiздi ақылдасайық та, — деп 

Парманқұл  ары  сырғып  түстi.

Сүлеймен  орнынан  көтерiлдi.  Тiк  жүрiп,  бұрышқа  жеттi. 

Дуалдың арғы бетiнде серiктерi отыр. Сүлеймен оларға жаңағы 

басмашыдан  есiткенiн  айтты.

—  Оған  сенуге  болатын  сияқты.  Расында,  Озғарда  оқ  көп 

болса,  тағы  бiраз  атар  едi.

— Сен, Парманқұл, Сүлеймен екеуiң жүдә, сенгiш екенсiңдер. 

Озғарда оқ жоқ екен деп, ендi үйге қарай ашық жүгiрейiк, — деп 

кейiдi Мұрсат.

— Қалай болғанда да, бiр амалын жасауымыз керек.

Парманқұл  осылай  дегесiн,  не  iстеу  керектiгiн  ақылдасып, 

бiраз отырды. Ақыры бесеуi бес жақтан үйге жақындамақ болды. 

Осыған  келiсiп,  орындарынан  тұрғанда,  үй  жақтан  айқайлаған 

дауыс  естiлдi.

— Бейiсқожа, Мұрсат жандарыңдағы кiмдер едi тағы... Мейлi, 

кiм болса ол болсын. Атпаңдар. Менiң сөзiмдi тыңдаңдар. Жоқ, 

алдымен көрiнiңдер маған. Айтатынымды содан кейiн айтамын.

—  Кiм  айқайлап  тұрған?  —  Бейiсқожа  дуалдан  сығалап 

қарады.  —  Айқайлап  тұрған  —  Пұштай.  О,  сорлы.  Бұл  бiзбен 

атысқан  жауға  ұқсап,  қолына  ақ  орамал  көтерiп  алыпты.  Сiрә, 

мұны  Озғар  жұмсап  тұр-ау.

— Бiлшi, не айтар екен?



488

Сүлеймен қарақшы

—  Ей,  Пұштай!  Сен  де  басмашы  болып  кеткенсiң  бе?  Ақ 

орамал  көтерiп,  не  көрiндi  саған?  Кiмнiң  жаушысысың?

Пұштай Бейiсқожаның даусын таныған сияқты:

— Ей, Бейiсқожа! Мен ешқандай жауың емеспiн. Мен ауылда 

ешқандай қан төгiлмесе екен деймiн. Атысты тоқтатып, мәмлеге 

келiңдер.

—  Мына  сүмелек  қашаннан  берi  ақжүрек  болып  қалған? 

Былай тұршы, Бейiсқожа. Бiр атып, көрге тыға салайын, — деп 

Мұрсат  алға  ұмтылды.

Бейiсқожа алдын кес-кестедi.

Тұра тұр, тұра тұр. Не айтар екен, соны тыңдайықшы...

— Оны тыңдап керегi не? Сатқын сатқындық сөзден басқа не 

айтады дейсiң. Озғарды қазақтарға басындырып жүрген сол емес 

пе? Ендi келiп, кiмдi қорғағысы келедi. Озғарды қорғап тұр да. 

Былай тұршы, Бейiсқожа. Қақпашы қолымды.

—  Оның  сазайын  беретiн  мезгiл  келер.  Бейiсқожа  дұрыс 

айтады.  Пұштай  не  дейдi  екен,  тыңдайық  —  дедi  Сүлеймен.

— Ей, Пұштай айта бер. Құлағымыз сенде.

— Көрiнсейшi көзiме, Бейiсқожа!

—  Неге  мен  сенiң  алдыңда  қасқиып  тұруым  керек?  Арт 

жағындағы  Озғарыңа  менi  оңай  нысаны  болсын  дейсiң  бе?

— Озғар үйде отыр. Мен — жалғызбын. Сендерге Оз-ғардың 

сөзiн жеткiзгелi тұрмын.

— Айт. Ол не дейдi?

— Бағана Құрбан айтты: “Сендердiң араларыңда аю секiлдi 

дәу бiреу бар” деп. Озғар “сол дәумен жекпе-жекке шығамын” 

дейдi.  Дәуiң  кiм  қасыңдағы?  Айт  оған,  Озғармен  жекпе-жекке 

шығар ма екен?

— Ол басмашың неғып жекпе-жекке шыққыш бола қалды?

— Бiлмеймiн. Мен тек оның сөзiн жеткiзушi ғанамын.

Бұны есiткен Сүлеймен елең еттi:

— Не дейдi? Озғар менiмен жекпе-жекке шығуға сұранды дей 

ме? Қане, шақырсын онысын.

— Қоя тұр, Сүлеймен. Мен бiлсем, бұлар бiр қулықты ойлап 

тұр. Бiрақ кiм бiлген, Озғардың денесi де сенен кем емес. Соған 

қарағанда, айтуы да мүмкiн. Дегенмен...



489



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   230   231   232   233   234   235   236   237   ...   265




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет