Детективті хикаят Алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет237/265
Дата01.04.2022
өлшемі3 Mb.
#29523
1   ...   233   234   235   236   237   238   239   240   ...   265
Сүлеймен қарақшы

—  Сендер  неге  өз  жұрттарыңды  жылатып,  басмашыларға 

болысып жүрсiңдер? Екеуiңдi де қазiр жер жастандыра салайын 

ба?  —  деп  қатар  тұрған  екеуiн  екi  қолымен  ұстап,  бiр-бiрiне 

соғып  жiбердi.

Ұрмақ  түгiлi,  айқайлап  жiберсе  де  жүректерi  жарылуға  шақ 

тұрған Ерсiн мен Ордаш жерге жалп-жалп еттi.  Бұл кезде Пұштай 

Озғардың  атын  әкеп,  ердiң  қасындағы  iлулi  арқанмен  жердегi 

басмашыны  байлауға  кiрiскен.  Арқанды  Озғардың  мойнына 

байлай  берген  оған  Сүлеймен: 

— Ай, итаршы. Арқанды мойнына емес, қолына байла. Әлi 

жаны  бар  өзiнiң.  Мойнына  байласаң,  бiрден  өлiп  кетедi.  Ал 

қолынан байлап сүйрелесең, шыбын жаны көзiне көрiнiп, жұртты 

қинаған қандай қиын болатынына көзi жетiп өлер, — дедi.

Қарсы  бiр  сөз  айтуға  шамасы  болмаған  Пұштай  дiрiлдеп 

тұрып,  Озғардың  қолдарын  байлады.  Сосын  аттың  тартпасын 

жақсылап тартты да ерге қонып, арқанның бiр ұшын тақымына 

басты.


— Тура осы бойда шауып, ауылды бiр аралап өт те, осында 

қайта орал! Егер әудем жер ұзаған соң Озғарды тастай қашсаң, 

жердiң астына кiрiп кетсең де тауып аламыз. Әйда, шап?

Пұштай  атқа  қамшы  басты.  Озғардың  денесi  ат  соңынан 

сүйретiле  кеттi.  Ол  кеткесiн,  Сүлеймен  Ордаш  пен  Ерсiнге 

бұрылды:


— Ал, сенген Озғарларың өлдi. Ендi кiмнiң артына кiрiп өмiр 

сүресiңдер? Жә, сендерге сұрақ берiп, нем бар. Өз қазақтарыңды 

басмашылармен  бiрге  тонап  жүрген  екеуiңе  зауал  келетiн  күн 

туды бүгiн. Бейiсқожа, Мұрсат, айтыңдаршы, бұларға не iстеймiз?

Қатар қойып, екеуiн де атып тастай салайық. 

—  Жоқ,  Мұрсат,  қатын,  бала-шағаларын  жетiмсiретiп  не 

қыламыз. Одан да бұларды да ат көтiне байлап ауыл арасымен 

сүйрейiк. Қаны қарайған ауыл жұрты екеуiнiң беттерiне түкiрсiн.

Осыған  келiскен  қазақ  қаһармандары  Пұштайдың  есiк 

алдындағы байлаулы аттарды әкелiп, екеуiнiң қолдарын байлады. 

Мұрсат пен Бейiсқожа атқа қонып байлаулы екеудi ауылға жаяу 

сүйретiп  әкеттi.  Содан  Озғардың  өлiгiн  сүйреткен  Пұштай, 

Ерсiн  мен  Ордашты  жаяу  сүйрелеген  Бейiсқожа  мен  Мұрсат 



494

Сүлеймен қарақшы

келгенше,  Сүлеймендер  аман  қалған  басмашыға  әлгiнде  ғана 

өлген Озғардың адамдарын көмдiрдi. Пұштай үстiнiң бәрiн дал-

далын шығарып сүйрелеп келген Озғарды да, солардың жанына 

көмдiрiп  тастады.  Басмашы  оны  көмiп  болған  кезде  Сүлеймен 

сұрады:


—  Кәне,  Бейiсқожа,  Мұрсат,  айтыңдаршы.  Жұрт  екеуiнiң 

бетiне  түкiрдi  ме?

— Қатындар беттерiн жұлып, балалар арттарына теуiп, әбден 

мазақ қылды. Ендi бұлардың бұл ауылда тұруға дәттерi жетпейтiн 

шығар.

—  Бейiсқожа-ау,  бұларда  бет  бар  деймiсiң?  Масқара 



болғандарына  қарамай,  көресiң,  екеуi  де  осында  тұра  бередi. 

Тәшкен  асып  кетпесе,  баратын  жерлерi  жоқ,  —  дедi  Мұрсат.

Ат  құйрығына  байлаулы  күйде  сүйретiлiп  келу  оңай  ма? 

Өкпелерi өшкен Ерсiн мен Ордаш ентiге демалып, жерде етпеттей 

жатыр.  Сөйлеуге  шамалары  жоқ.  Осы  кезде  ауыл  жақтан  берi 

шұбырған  адамдар  көрiндi.  Еркектер  бiр  топ,  әйелдер  бiр  топ. 

Оларға  қосылмаған  балалар  бiр  бөлек. 

— Мына жұрт жүдә, жақсы келе жатыр, — дедi Сүлеймен. — 

Қазiр қорадағы жылқыларды бәрiне бiр-бiрлеп таратамыз.

Асыққан жұрт қора алдына тез жиылды. Сақалы белiне түскен 

бiр қария алға шықты. Көзiнен жас ағып тұр.

—  Осы  ауыл  жұрты  талай  уақыттан  берi  Құдайдан  күндiз-

түнi  «басмашылардан  құтқара  көр»  деп  жалынып  жүрушi  едi. 

Сендердiң  арқаларыңда  сол  тiлегiмiз  қабыл  болды-ау  деймiн, 

қарақтарым.  Сендердi  осы  ауылға  тап  қылған  Құдайға  мың 

алғыс... 

Қария  сөзiн  ары  қарай  жалғастыра  алмай,  еңкiлдеп  кеттi. 

Сүлеймен  қасына  барып,  арқасынан  қақты.  Көз  жасын  тыйған 

қария  тағы  сөйледi:

— Бiз бұл Бестоғай жерiне менiң жiгiт кезiмде келген едiк. Ол 

кезде Сыр бойына келген орыстар қазақтарға қатты тiзе батырған 

соң әкем рахметтiк оларға қарсы қол жинап, шайқасқа түскен-дi. 

Бiрақ от қаруы бар орыстар қазақтардың қолын быт-шыт қылған 

соң туған жерден бiр ауыл боп үдере көшiп кеткенбiз. Осында 

келiп тұрақтағалы берi бұл ауыл жұрты тау паналаған қарақшылар 

мен  жергiлiктi  басбұзарлардан  тыныштық  көрген  емес.  Мiне, 




495



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   233   234   235   236   237   238   239   240   ...   265




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет