Детективті хикаят Алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет236/265
Дата01.04.2022
өлшемі3 Mb.
#29523
1   ...   232   233   234   235   236   237   238   239   ...   265
Сүлеймен қарақшы

—  Бейiсқожа,  қоя  тұр.  Бұл  оттай  берсiн,  —  дедi  Сүлеймен. 

Сосын  Озғарға  қарады:  —  Қане,  айт,  қандай  шартың  бар?

— Ешқандай шартым жоқ. Арманым сенi — өлтiру. Бұл өлкеде 

менiң  алдымда  тұратын  ешкiм  болмауы  керек.  Тұрған  адам  — 

азаппен өледi.

— Басқа айтатын ештеңең жоқ қой.

— Жоқ.


— Қалай төбелесемiз? Жалаң қолмен бе, әлде пышақпен бе?

—  Менiң  қолдарымның  өзi  —  пышақ.  Қорықсаң,  қолыңа 

қалағаныңды  ал.

Бет-әлпетi жаман екен найсаптың. Аузы-басын жапқан сақал-

мұрты  тiкiрейiп,  көздерi  құтырған  бұқаның  көздерiндей  қып-

қызыл болып кетiптi. Бiрде тiстерiн шықырлата тiстенiп, бiрде 

тiлiн  жалақтатып,  шығарып-шығарып  қояды.  Тайсақтайын 

демейдi. Қайта мысымен басқысы келгендей, ұмтылып-ұмтылып 

тұр. Оның бұл қылығын Сүлеймен басынғандық деп ұқты. Ал 

бiреудiң  мұндайын  көрсе,  Сүлейменнiң  шыдай  алмай  кететiнi 

бар.

— Жақында берi, ит басмашы! Кiмнiң-кiм екенiн көрейiк қазiр.



Таясып  қалған  екеуi  бiр-бiрiн  құлаштай  соқты.  Екеуiнiң  де 

соққысы  бастан  тидi.  Екеуi  екi  жаққа  тәлтiректедi.  Өз-өзiне 

тез  келген  Озғар  айналып  тұрып,  бiр  ұрып  үлгердi.  Соққысы 

сойылмен соққандай екен. Сүлеймен тағы тәлтiректеп, құлауға 

шақ қалды. Озғар құлатам деп ойлады ма, ақырып тұрып және 

ұрды.  Сүлеймен  қолын  тосып  үлгердi.  Екi  жуан  қол  бiр-бiрiне 

тигенде, тақ еткен дыбыс шықты. Озғар қолын ауырсынып қалды 

ма,  дереу  кейiн  шегiндi.  Сосын  қолын  сiлкiп-сiлкiп  жiберiп, 

Сүлеймен  шабуылдаса,  қарсы  алуға  дайын  болайын  дегендей, 

екi қолын алға жiберiп, сәл еңкейдi. Сүлеймен бiрден шабуылға 

шықпады.  Аңысын  аңдып,  сәл  тұрды.  Алайда  Озғар  шыдай 

алмай, тағы айқайлап ұмтылды. Сүлеймен перiп жiбердi. Жүгiрiп 

келе жатқан Озғар, бiр жағына жалп еттi. Оны жатқан жерiнде 

ұрмады. Тұруын күттi. Озғар сүйретiле әрең көтерiлдi. Осы кезде 

желкеден  тиген  соққыдан  жер  сүзе  құлады.  Бiрақ  жаны  бекем 

екен. Қолымен жер тiреп зорға орнынан көтерiлдi. Қаны қарайған 

Сүлеймен тұмсықтан бiр пердi. Озғардың аяғы жерден көтерiлiп 



492

Сүлеймен қарақшы

барып,  шалқасынан  құлады.  Дәу  адамның  құлағаны  да  жаман. 

Жер ойылып кеткендей гүрс еттi.

Озғар сонда да тыпырлап, тұрмаққа әрекеттендi. Алайда миы 

шайқалып  кеткен  бе,  басын  көтере  алмады.  Оң  аяғын  жиып, 

қолын етегiнiң қонышына жүгiрттi. Оның қонышынан бiр қару 

шығаруға әрекеттенгенiн сезіп, жетiп барды да, қолының бiлек 

тұсын  табанымен  басты.  Озғар  айқайлап  жiбердi.

Айқайлауын  айқайлағанымен  артынша  үнi  өшiп,  Сүлей-

меннiң табанынан қолын тартып алмаққа әрекеттенiп, бұлқына 

бастады.  Босқа  бұлқынды.  Қанша  әрекеттенгенiмен  қолын 

шығара  алмады.

— Ей, дәу қазақ, менi бәрiбiр жеңе алмайсың. Айқас әлi бiткен 

жоқ, — деп екi аяғын көтерiп алып,  бiр тептi.

Қарын  тұсынан  тиген  тепкiден  Сүлеймен  артқа  теңселдi. 

Осыны пайдаланған Озғар атып тұрды. Атып тұрды да, бiрден 

атылды.  Екеуi  тағы  да  ұстаса  кеттi.  Бұл  жолы  екi  дәу  күреске 

түскен  балуандардай  бiр-бiрiн  ары-берi  бiраз  ырғасты.  Аздан 

соң  Озғар    жамбасқа  алып,  атып  ұруға  ыңғайланды.  Алайда 

тәсiлi iске аспай, өзi етпеттей құлады. Бiрге құлаған Сүлеймен 

дереу оның үстiне қонып, басынан аямай үш-төрт мәрте соқты. 

Алдымен  жұдырықпен  соққан-ды.  Кейiн  шынтағымен  екi  рет 

ұрды.  Бағаналы  берi    дүлей  соққыға  төтеп  берген  Озғар,  осы 

жолы  серейдi  де  қалды.  Мұны  көрсе  де  әлi  ашуы  басылмаған 

Сүлеймен:

— Ит басмашы. Пiрiңдi танымай жүр екенсiң, — деп және бiр-

екi рет сабалады. Сосын дереу көтерiлiп, Пұштайдың жағасынан 

алды.


—  Сен,  итаршы  сүмелек!  Мына  басмашыны  ат  құйрығына 

алып, ауылдың арасымен сүйре! Қазiр өлмесе, сонда өлсiн. Әйдә, 

iсте  айтқанымды!

Сүлеймен өлтiрiп қоя ма деп қалтыраған Пұштай:

—  Мақұл,  көке,  мақұл,  —  деуден  басқаға  шамасы  келмей, 

анадай  жердегi  Озғардың  атына  жүгiрдi.  Ол  атқа  жеткенде, 

Сүлеймен  не  iстерiн  бiлмей  аңтарылған  Ерсiн  мен  Ордашқа 

жақындады.




493



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   232   233   234   235   236   237   238   239   ...   265




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет