Детективті хикаят Алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет235/265
Дата01.04.2022
өлшемі3 Mb.
#29523
1   ...   231   232   233   234   235   236   237   238   ...   265
Сүлеймен қарақшы

— Ей, Бейiсқожа. Келiсiп болдыңдар ма? Болсаңдар, шығыңдар 

берi!

— Ой, мынау бiзге бұйрық бередi ғой. Қап... әй, жiберiңдершi 



менi. Тiлiне топырақ сеуiп тастайын.

Алға тағы ұмтылған Мұрсатты бұл жолы Сүлеймен ұстады. 

Сүлеймен мұндай сәттерде көп ойланбайтын. Яғни, айналадағы 

оқиға қалай өрбитiнiне көз жiбере бермейтiн. Өзiмен бiреу күш 

сынасам десе болды, ай-шай жоқ, сонымен алыса кетуге бейiм 

тұратын. Осы жерде де сол мiнезiне салды.

— Шақыр Озғарды, Бейiсқожа! Көптен берi ешкiммен жекпе-

жекке  шыққан  жоқ  едiм.  Қолдарым  жұмсарып  қалған  жоқ  па 

екен,  сынап  көрейiн.

—  Жә,  тоқташы,  сен  де,  —  деп  кейiдi  Бейiсқожа  оған.  — 

Алдымен  аналардың  қулығы  бар  ма,  жоқ  па,  соны  бiлейiк. 

Мүмкiн Озғар бiздi алдап тасадан шығарып алып, пүлiмөтiмен 

қырып салатын шығар. Не болса соған сене беретiнiңе таңмын, 

осы.


— Онда Озғардың өзi бiзге көрiнсiн.

— Ол көрiнер-ау. Бiрақ оның артында бiреу тұрмағанына кiм 

кепiл. Пүлiмөттi одан басқа ата алатын басмашы жоқ дейсiң бе?

—  Бейiсқожа,  мен  жауап  күтiп  тұрмын,  —  деп  айқайлады 

Пұштай  тағы.

— Жауапты естiгiң келсе, алдымен мынаны айт. Үйде Озғардан 

басқа кiм бар?

— Ерсiн мен Ордаш бастықтардан басқа ешкiм жоқ. Озғардың 

бар адамдарын өздерiң атып тастадыңдар ғой.

— Озғар шынымен бiздiң дәумен төбелескiсi келсе, анау екеуiн 

ертiп,  берi  шықсын.  Қаруын  тастап  келсiн.  Бiз  оны  қарауылға 

алып тұрамыз. Ешқандай айлакерлiк ойламай-ақ қойсын.

— Жоқ, пүлiмөтiн алып шықсын да, бiздiң көзiмiзше шетке 

лақтырсын де, — дедi Мұрсат.

Бейiсқожа өз серiктерiнiң шартын Пұштайға жеткiздi. Шартты 

жеткiзгелi ол Озғарға кеттi. Көп ұзамай, үйден үш адам шықты. 

Үшеуi де колхоз бастықтары. Орталарында Озғар жоқ. Үш бастық 

қолдарын көтерiп алыпты. Қазақ қарақшылары мына көрiнiске 

таң  қалып,  бiр-бiрiне  не  айтарларын  бiлмей  тұр.  Артынша, 

үй бұрышынан дәу көк атқа мiнген Озғар көрiндi. Қолында — 

тапанша. Анау үшеуiн айдап келедi.



490

Сүлеймен қарақшы

— Ей, Бейiсқожа! — деп айқайлады Озғар. — Егер айтқанымды 

iстемесең,  мына  үш  бауырыңды  атып  саламын.  Бұлардан 

айрылғың  келмесе,  көрсет  қасыңдағы  дәудi!

—  Атсаң,  ата  бер.  Бұлар  маған  бауыр  емес,  сенiң  достарың 

ғой.  Бiрақ  одан  кейiн  “өзiм  құтылып  кетемiн”  деп  ойлама.

Бiр-бiрiне дауыс анық естiлер тұсқа келгенде, аналар тоқтады. 

Үш  бастық  қолдарын  түсiрер  емес.  Озғар  оларға  тапаншасын 

кезенiп тұр. Сүлеймен оған қарап едi, ол шынында нән адам екен. 

Аттың үстiнде таудай боп, өңкиiп отыр. 

— Озғар, тұрған жерiңде жалп еткiзейiн бе?

—  Қалтарыста  тұрып,  ашық  жерде  тұрғанды  атып  жiберу 

оңай.  Шын  жаужүрек  болсаңдар,  берi  шығыңдар!

— Сен қашаннан берi ашық шайқасқа шығатын батыр болып 

қалдың? Мейлi, шығайық. Кел, жақында бiзге!

Бейiсқожа осыны айтты да, Мұрсатқа бұрылды:

— Өңкиген неменi қарауылға алып тұр. Арамдық қылатындай 

болса, басып қал.

Сөйтiп  өзi  бiрiншi  болып,  бұрыштан  шықты.  Артынан 

серiктерi ердi. Серiктерi иығынан ғана келiп тұрған Сүлеймендi 

көргенде, Озғар тапаншасын лақтырып жiбердi. Сосын атынан 

секiрiп  түстi.

— Мынау ма, дәуiң? Шығар берi ортаға!

— Озғар, қулық қылсаң, бiрiншi өзiң ажал табасың.

— Қойшы, Бейiсқожа, соған әрдеңенi айта бермей. Артында 

маған десе он адамы тұрсын. Шығамын мен ортаға. Әр нәрседен 

күдiктенiп тұратын менi қорқақ деймiсiң.

Сүлеймен  алға  атып  шықты.  Аттан  түскен  Озғар  бұл 

уақытта бұларға қарай жүрген. Сүлеймен де оған қарсы жүрдi. 

Бейiсқожалар  соңынан  iлестi.  Әп-сәтте  екi  алып  бiр-бiрiне 

қарама-қарсы  тұрды.  Бiрiншi  болып  Озғар  сөйледi:

— Сен бе, менiң адамдарымды қырып салған?

— Мен.

—  Бәсе,  мен  келгенде  алдымда  тышқанша  жорғалайтын 



мыналар  бүгiн  неғып  құтырды  десем,  сен  екен  ғой,  бұларды 

әңгiдей  ақыртып  жүрген.  Қазiр  басыңды  кесiп  аламын.  Содан 

соң  беремiн  бұл  екеуiнiң  жазасын.

—  Тiлiңдi  тарта  сөйле,  Озғар.  Бiз  сенiң  алдыңда  ешқашан 

тышқандай  жорғалаған  емеспiз.



491



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   231   232   233   234   235   236   237   238   ...   265




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет