Детективті хикаят Алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет88/265
Дата01.04.2022
өлшемі3 Mb.
#29523
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   265
Сүлеймен қарақшы

— Қалай, мұндайды күтпеп пе едiң? — дедi бетiндегi орамалды 

жұлып алған әлгiлердiң бiрi.

— Ой, Кендiр! Уай, айналайын бар екенсiң ғой. Бәсе, “сендердi 

қалай  ғана  менi  тамұққа  аттандырып  жiберiп,  қарап  отырады” 

деп ойлаған едiм.

— Тыныш, атымды ақырын айт. Мыналар есiтiп жүрмесiн, — 

деп Кендiр Сүлейменнiң қол-аяқтарындағы жiптердi пышағымен 

қиып тастады.

— Естiсе, естидi де. Бәрiбiр, қазiр бұлар о дүниелiк болады 

емес  пе?

—  Қой,  қайдағы  бiр  ит  секiлдi  жандайшаптарға  қол  былғап 

не  қыласың.  Одан  да  ұрып-соғып,  өлiмшi  қып  тастап  кетейiк. 

Сауыққан  соң  ендiгәрi  мiлиса  болмайтын  болады.

— Жаныңдағылар кiмдер?

— Бәрiн танисың. Өзiмiздiң жiгiттер ғой. Әзiрше, мына екеуiн 

бiр жақты қылмайынша, беттерiн ашпай-ақ қойсын.

 Байлаудан босанған Сүлеймен арбадан секiрiп түсiп, бағанадан 

берi  жанына  тиiп,  боқтаған  мiлисаға  жақындап,  жағасынан 

көтерiп,  тұрғызды:

— Қане, жаңағы сөзiңдi ендi айтшы.

 Ол сорлыда үн жоқ. Екi бетi қуарып, сөйлеуге шамасы келмедi. 

Қорыққанына  бұтына  жiберiп  қойыпты.  Зәрi  шалбарының 

балағынан  сорғалап  тұр.

— Жаңа ғана батыр едiң, қояннан бетер қорқақ екенсiң ғой, 

сүмелек, — деп Сүлеймен оны арбаға қарай тулақ лақтырғандай 

лақтырып  жiбердi.

Арба  дөңгелегiне  оңбай  соғылған  ол,  етпетiнен  сұлап  түстi. 

Одан соң бәрi жабылып, екеуiн арбаның екi дөңгелегiне шандып, 

байлап тастады. Қос атты арбадан босатып, жетекке алды. Қалың 

талдың  iшiне  қарай  жүрген  бұлар,  арық  жағасында  тұрған  өз 

аттарына  жеттi.

Осы жерге келгенде қалған жiгiттер беттерiндегi орамалдарын 

сыпырды. Кендiрдiң сөзiнен кейiн олардың сұлбаларын таныса 

да  аттарын  атамаған  Сүлеймен,  бәрiмен  құшақтасып,  қайта 

көрiстi. Бәрi өз жiгiттерi.

—  Сенi  мiлисаханадан  шығарғаннан  арттарыңнан  аңдып 

келдiк,  —  дедi  Әрiпбай.

— “Ұрымтал тұс осы” деп, тәуекел етiстiк, — дедi Тастан.

— Бұларыңа рахмет. Босануын босандым. Ендi не iстеймiз?




182

Сүлеймен қарақшы

—  Бiз  парызымызды  орындадық.  Сенi  босатқан  бiз  екенiн 

ешкiм бiлмес. Ал ендi өз жайыңды өзiң ойлан. Сiрә, елден бiраз 

уақыт  кетуiң  керек  шығар.

— Сонда маған тағы “тауға барып, басмашы бол” дейсiңдер 

ме?  Ой,  бiрақ,  басқа  амал  жоқ  екен  ғой.  Әлде  Түлкiбасқа, 

Жұмабайдың  ауылына  кетсем  бе  екен?

—  Оның  болмайды-ау.  Түлкiбас  дегенiң  мынау  тұрған  жер. 

Сыбысың жетсе, мына мiлисалар iздеп тауып алады. Шыршыққа 

кет. Үйренiп қалған жерiң. Әрi таныстарың да көп.

— Айтпақшы, менiң қарагерiм қайда?

—  Оны  “жүрiске  шыдамды,  белi  мықты  қазанат  екен”  деп 

Құлтан  мiнiп  алған.  Қарагердi  қайтесiң?  Қос  атты  ал  да,  бүгiн 

түннен  қалмай  жүрiп  кет.  Бүгiн  түнде  Қазығұрттан,  ертең 

Келестен  бiр  ассаң,  ешкiмге  ұстатпай  кетесiң.

—  Жоқ,  мен  Құлтанның  басын  кеспей  кетпеймiн.  Басқа-

басқа, менiң кiм екенiмдi Кендiр мен Әрiпбай, сен екеуiң жақсы 

бiлесiңдер.  Өзiмдi  талай  қатерден  аман  алып  қалған  қарагердi 

Құлтан  жақыбайдың  тақымында  жүргенiн  ойлап,  iшiм  күйiп 

өлермiн.  Жүрейiк.  Ауылға  бiз  жеткенше  түн  ортасы  болар. 

Одан арғы iстi жалғыз өзiм iстеймiн. Ауылға жете, үй-үйлерiңе 

тараңдар.  Осы  жақсылықтарыңды  бек  ұмытпаспын.

Сүлейменнiң алған бетiнен қайтпайтынын бiлетiн Кендiрлер 

үндемей,  аттарына  мiнiстi.  Шоқыта  жүрген  бұлар  Бадам 

жағасындағы  қырқаның  үстiне  шыққанда:

—  Айтпақшы,  Кендiр,  Ордабек  болыстың  ақбоз  жорғасы 

қайда  қазiр?  —  деп  сұрады  Сүлеймен. 

— Ә, оны мынау Тоғыс пен “Маятас” кәлхүзiне бастық болған 

Көшкiнбай мiнiп жүр. Бiрақ ол Құлтандай емес, ағайынға онша 

тiзе батыра бермейдi. Түсiнiгi бар ол кiсiнiң.

—  Алдында  “әртiл”  дедi,  қазiр  “кәлхүз”  дейдi.  Ойпырмай, 

заман  не  болып  барады  өзi?

—  Жаңа  өкiметтiң  бiлгiштерiнiң  айтуларына  қарағанда, 

“келешекте жұрттың қазаны да ортақ болады” дейдi ғой. Кәлхүз 

сол  ортақ  қазанның  иесi  болса  керек…

 Төте жолмен жүрген Сүлеймендер ұзамай өз ауылдарына да 

жеттi. Ауыл шетiнде бәрi тарасты. Серiктерiмен қош айтысқан 



183



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   265




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет