Детективті хикаят Алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет96/265
Дата01.04.2022
өлшемі3 Mb.
#29523
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   265
Сүлеймен қарақшы

мен  қарақшылық  iстерге,  жаңа  өкiметтiң  адамдарын  өлтiруге, 

бидай мен мақта керуендерiн тонауға өзi басшылық етедi екен. 

Былайша айтқанда, қызылдар мен қоқандық қарақшылардың әлi 

жүрiп жатқан майданының көрiнбейтiн басшысы. Қарамағында 

баскесерлерi қырғын. Олардың бiрi мiлиса болса, бiрi кәлхүзшi, 

бiрi белсендi… әйтеуiр өзiнiң тiлiмен айтқанда, жаңа өкiметтiң 

жалшылары. Ал ендi бiразы “барып кеп, шауып кел” — жұмсаушы 

сарбаздары.

 Исламқұлдың сондай сарбаздарының бiрi — Шалпар Дилданы 

иеменденiп  жүредi  екен.  Иемденгенде,  ешқандай  байланысы 

болмаған, тек көңiлдес ретiнде ұстауға талпыныс жасап жүредi 

екен.  Сол  бiрде  Пұсырманқұл  мен  Сүлейменнiң  Дилдамен 

сөйлесiп  тұрғанын  көрiптi.  Бұлар  кеткесiн  Дилдаға  келiптi  де: 

“Егер  анау  қазақтармен  сөйлескенiңдi  ендi  көрсем,  өлдiм  дей 

бер.  Мен  өлтiрмесем  де,  Исламқұл  өлтiредi.  Ал  Исламқұлдың 

кiм  екенiн  бiлесiң  ғой”,  —  деп  қорқытып  кетiптi. 

  Пұсырманқұл  төртiншi  барғанда  Дилда  осыны  айтыпты. 

Пұсырманқұл  оның  сөзiн  Сүлейменге  жеткiздi.

— Көңiлiм ауған қатыннан қайдағы бiр қарақшыдан қорқып 

бас тартамын ба? Өзi не дейдi? Көнетiн сыңайы бар ма? 

— Сенен ат-тонын ала қашып тұрған ол жоқ. Тек “жаңағылардан 

қорқамын” дегендi қайта-қайта айтады. 

— Онда оны бүгiн кешке сенiң үйiңе әкелемiз. Исламқұл ма, 

Шалпар ма, мейлi, қайсысы болса да, одан соң менi iздеп келе 

берсiн.


  Кешке  екеуi  барып,  Дилданы  алып  келдi.  Пұсырманқұл 

әйелiне  дастархан  жасап,  молда  шақырып  қоюды  тапсырып 

кеткен едi. Үйге келсе, бәрi дайын. Сәлдесi салбырап молда да 

отыр. Дереу Сүлеймен мен Дилданың некесiн қиюға кiрiстi. Неке 

рәсiмi бiтер сәтте сыртқы дарбазаны бiреулер тарсылдатып ұра 

бастады. Есiк ашуға шығып кеткен Пұсырманқұлдың әйелi аздан 

соң ебiл-дебiлi шығып, қайта жүгiрiп келдi. Өңi құп-қу. Екi көзi 

бақырайып  кеткен.

— Не болды-ей, сонша дүрлiгiп? — дедi Пұсырманқұл.

—  Байеке,  анау  жақта…  дарбаза  сыртында...  қолдарында 

сойыл ма, мылтық па, әйтеуiр бiрдеңелерi бар үш-төрт кiсi тұр. 



198

Сүлеймен қарақшы

Сiздердi “шақыр” дедi. “Егер шықпаса, тура отырған жерлерiнде 

бастарын  аламыз”  дедi.  Қорыққанымнан  дарбазаны  жабуға  да 

шамам  келмей,  берi  қаштым. 

 Сүлеймен мен Пұсырманқұл бiр-бiрiне қарасты. Дилда болса: 

— Ойбай, Шалпарлар ғой келiп тұрған. Айттым ғой сiздерге, 

олар бәрiмiздi қырып кетедi деп”. Үйбай-ау, ендi қайттiк? — дедi 

де Сүлейменнiң артына тығылды.

— Не дейдi? Шалпар дей ме? Астапыралла! Қой, мен кетейiн. 

Келiн, мына тамның арт жағындағы дуалдың асып түсетiн тұсы 

бар ма? — деп Дилдаға қосыла үрейi ұшқан молда орнынан атып 

тұрды да, кебiсiн кие сала, сөзiне жауап күтпестен сыртқа атып 

шықты. 

—  Жә,  қорықпа,  —  дедi  Сүлеймен  Дилдаға  қарап.  Сосын 

Пұсырманқұл бұрылды: — Жүр, шығайық сыртқа. Көрейiк те, 

кiмдердiң келiп тұрғанын. Келiп тұрған шынымен анау қаңғыбас 

қарақшы  болса,  көрсетейiн  мен  оған  басынғанды. 

— Сен барып, сөзге айналдыра тұр. Мен ұраға тығып қойған 

мылтығымды  тауып  алайын.  Ол  қарақшыларға  сенiм  жоқ.  Ата 

салудан  тайынбайды.

 Пұсырманқұл айуан тамның бұрышындағы ұраға түсiп кеттi 

де, Сүлеймен дарбазаның сыртына шықты. Дарбазамен шектес 

дуалды жағалап бiр топ кiсi тұр. Қараңғылыққа сәл көзi үйренген 

Сүлеймен бажайлап қараса, тұрғандар төртеу екен. 

— Берi жақында!— деп дауыстады бiреуi. 

—  “Берi  жақында”  деп  бұйыратындай  кiмсiң  сен?!  Керек 

болса,  өзiң  жақында! 

— Бұқа тәрiздi неме. Менiң кiм екенiмдi бiлмей жүр екенсiң. 

Әйдә, жiгiттер, қоршаңдар жан-жағынан! — дедi бiреуi айқайлап. 

  Сосын  бәрi  қолдарындағы  таяқтарын  сүйретiп,  бұған  таяй 

түстi. 

— Ей, сойылдасу қашпас. Алдымен жөндерiңдi айтсаңдаршы.

— Бiреудiң қатынын алып қашып кеткен саған жөн сұраудың 

керегi не? Дәл қазiр өлiгiң осы жерде қалсын демесең, Дилданы 

маған  алып  шығып  бер,  —  дедi  айнала  қараңғы  болса  да  қаба 

сақалы байқалып тұрған бiрi.




199



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   92   93   94   95   96   97   98   99   ...   265




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет