Детективті хикаят Алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет89/265
Дата01.04.2022
өлшемі3 Mb.
#29523
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   265
Сүлеймен қарақшы

Сүлеймен алдымен өз үйiне келдi. Балдықыз жатып қалған екен. 

Сүлеймендi көрiп:

— Балуаным-ау, ендiгi күнiмiз не болмақ? — деп бiраз жылап 

алды.

—  “Менi  келдi”  деп  ешкiмге  айтушы  болма.  Мен  алысқа 



кетем.  Әйтпесе,  мына  өкiмет  маған  тыныштық  бермес.  Менi 

уайымдамай,  Құлажанға  бас-көз  бола  бер,  —  деп  Сүлеймен 

ұйықтап жатқан баласының басынан бiр сипады да тысқа шықты.

  Мiлисалардын  олжаға  алған  аттың  бiрiне  қайтадан  қонған 

ол, Құлтанның ауылына бет түзедi. Оның ауылы алыс емес. Бiр 

қыр  асса  болды.  Суыт  жүрiп,  дiттеген  жерiне  тез  жеттi.  Иттер 

арсылдап үрiп, белгi берiп қоймасын деп, атын ауыл шетiндегi 

ағаштардың  бiрiне  байлап,  өзi  Құлтан  үйiне  жаяу  келдi.  Үйге 

таяп  келгенде  мылтығын  оңтайлап  алып,  есiк  алдында  аз-кем 

аялдады. Iште жарық та, тырс еткен дыбыс та жоқ. Есiктi жайлап 

тартып  едi,  iш  жағынан  байлаулы  екен.  Жұлқи  тартқанда,  есiк 

ашылып,  қоржын  тамның  айуан  бөлмесiне  кiрiп  барды.

— Құлтан, шық берi! 

 Қап-қараңғы екi жақтағы бөлменiң бiрiнен: 

— Кiм-әй бұл? Құлтан үйде жоқ, — деген әйел даусы шықты.

— Сен, қатын, тұр да шам жақ. Оның үйде еместiгiн одан соң 

көрермiз. 

—  Кiмсiң  өзi?  Есiктi  байлап  қойып  едiм  ғой.  Қалай  кiрiп 

кеттiң? — деп әлгi әйел сипалана орнынан көтерiлiп, шам жақты. 

— Ойбай, көтек, Сүлейменбiсiң? Сен жер айдалып кеткен жоқ па 

едiң?…

—  Иә,  иә,  жер  айдалып  кеткенмiн.  Бiрақ  “сенiң  балаңның 



басын алып кетейiн” деп қайта келiп қалдым, — дедi Сүлеймен 

әйелдiң  Құлтанның  шешесi  екенiн  көрiп.  —  Балаң  қайда?

— Қайдан бiлейiн. Бағана түс қайта “Шошқабұлаққа барамын” 

деп кеткен. Содан жоқ, — дедi кемпiр дiр-дiр етiп.

— Менiң қарагерiмдi мiнiп кеттi ме?

— Жоқ, қарагерiң там артындағы ақырда байлаулы тұр.

— Ертең келсе, айт балаңа, — дедi Сүлеймен қарсы бөлменi 

қарап шыққан соң. — Жақында қайта келемiн. Өлгiсi келмесе, 

сонда жұрттың көзiнше менiң аяғыма жығылып, кешiрiм сұрасын. 



184

Сүлеймен қарақшы

Оған көнбесе, қанын судай шашамын. Бұдан соң тағы айт, елдегi 

басқа  адамдарға  да  тыныштық  берсiн.  Осы  айтқандарымды 

орындамайды екен, өз обалы өзiне.

Сүлеймен  үйден  шыға  қарагерiне  барды.  Оның  мойнынан 

құшақтап бiраз тұрды да, ерттеп, үстiне қонды. Сөйтiп баяғыда, 

орыс  попын  өлтiрген  кезде  өзi  Келеске  қарай  асқан  Қазығұрт 

асуына  қарай  ат  басын  бұрды.

Сүлеймен  бұл  жолы  Шыршыққа  баратын  бағытын  өзгертiп, 

Қазығұртты айнала өтiп, Сырлы даласына тартты. Сонда оның 

өз алдына қандай  мақсат  қойғаны  белгiсiз.  Әйтеуiр  жолай 

кездескен елдерге “Құдайы қонақпын” деп үш қонып, Жылғаға 

тұяқ iлiктiрдi. Көзiн ашқалы бергi ғұмырында “қазақ жерiнiң бәрi 

тау-тасты болып келедi” деп ойлап жүрген ол, Бағаналы тауын 

бөктерлей  батысқа  жүрген  сайын  көде  мен  жусан,  тарғыл  мен 

құмшөп  қана  өсетiн  мидай  жазық  даланы  көргенде  таң  қалды. 

Ел де сирек. Iлгерiде ауыл қариялары: “Сырдың бергi жағы мен 

Әлiмтау маңын жайлайтын сiргелi мен қоңырат елдерi құмдауыт 

даланы жайлайды. Адамдары жазда еттi құдық iшiнде ұстайды. 

Малдары жусан  жеп  семiредi” деп отырушы едi. Ол  кезде бұл 

әңгiмеге  онша  мән  бермейтiн.  Кешеден  бермен  сол  әңгiме 

есiне түсiп, дәл мынадай, көз жетер жерде бiр шоқы жоқ мидай 

сайын даланы мекен еткен адамдардың тiршiлiк нышандары тау 

жақтыкiне  қарағанда  бiршама  бөлектеу  болатынын  ұқты.

Кеше түнде арық сиырдың ырсиған қабырғаларына ұқсайтын 

сайлы-жонды  белдер  мен  далиған  құмдауыт  атыраптың  нақ 

түйiсер  тұсында  орналасқан  Бақабұлақ  ауылындағы  сiргелi 

елiбай  Жошы  дегендiкiне  қонып  едi.  Жошы  көргенi  көп,  естi 

кiсi  екен.  Сүлейменнiң  ауылындағы  бұрынғы  атқамiнерлердiң 

бiрсыпырасын танитын болып шықты. Сол кiсiден шөл даладағы 

адамдардың  тұрмысы  туралы  әжептеуiр  әңгiмелер  есiткен. 

Кетерiнде  Жошы:  “Қандай  ауылға  тап  болсаң  да,  бiр  күннен 

артық  қонба.  Қазiр  баяғыдай  мамыражай  заман  емес.  Құдайы 

қонақ түгiлi, Құдайды да көзге iлмейтiн жаңа өкiмет құтырып тұр. 

Жапан далада да абай болғайсың. Бiрте-бiрте малынан айрылып 

бара жатқан кейбiреулер қу тамаққа сеп болатын атау iздеп, ой-

қырды кезiп жүр. Естуiмше, Жылға жақта ма, жоқ Қатағантөбе 



185



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   265




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет