Детективті хикаят Алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет90/265
Дата01.04.2022
өлшемі3 Mb.
#29523
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   265
Сүлеймен қарақшы

жақта  ма,  әйтеуiр  сол  төңiректе  жолаушыны  ұстап,  өзiн  жеп 

қоятын  көрқау  қарақшылар  пайда  болғанға  ұқсайды.  Елдiң 

ұйыған  айран  секiлдi  мамырлы  тiрлiгiн  iрiткi  салып  ашытып 

жiберген мына кеңестiң заманында бар пәле шығып жатыр. Өзiң 

ертегiнiң батырына ұқсаған нән жiгiт екенсiң. Дегенмен де сақ 

болғайсың”,  —  деген.

Сүлеймен жолда келе жатып, сол әңгiме есiне түсiрдi. “Суыр 

мен  сарышұнақ  мекен  ететiн  мынау  шағыл  топырақты  далада 

қарақшылар не қылсын, — деп iштей күлдi. — Жауыннан қорғар 

үңгiрi, желден қорғар ағашы жоқ қу мекиенде өзi секiлдi қашқын 

бiреу болмаса, жөнi түзу пенде жүрушi ме едi, тәйiрi”.

Түс ауғанда сонау көз ұшында ұзыннан-ұзақ созылған бiр ну 

көрiндi. Қамыс дейiн десе, мына сусыз далада ол өспейдi. Ал оны 

ағаш деп ойлаудың өзi әбес. Кеше Жошы бiр әңгiмесiнде “құм 

iшiнде  сексеуiл  ормандары  болады”  деген  едi.  “Бәлкiм  сондай 

ормандардың бiрi ме екен?” 

Тегiс жерде алыстағы қарайғанның өзi жақын көрiнедi емес 

пе. Сүлеймен сол нуға жеткенше күн де ұясына таяды. Не екен 

деп  ынтызар  еткен  ну  —  қалың  қамыс  болып  шықты.  Нудың 

бұл барған жақ шетiнде қос қолдап батыруға жарарлық кiшкене 

арықша жиегiнен бұлақ шығып жатыр. Су шығыс беттегi еңiстеу 

тегiске жайылып кетедi екен. Еңiстiң жан-жағы ит мұрны батпас 

қамыс.  Ұшы-қиырсыз,  созылған  қу  мекиеннiң  қақ  ортасында 

бұлақ ағып жатқанына таңданған Сүлеймен атынан түсiп, суға 

еңкейдi.  Бұлақ  суы  жылымшы.  Iшiп  едi,  бiртүрлi  тұзды  дәмi 

бар екен. Сонда да бiраз iштi. Терi шығып тұрған қарагердi суға 

жақындатпады. Оны жетектей бұлақ басынан сәл ұзап “ендi қайда 

жүрсем екен?” деп тұрғанда, арт жағынан бiреу дауыстағандай 

болды.  Дауыспен  бiрге  қарагер  де  ерекше  бiр  үнмен  күркiрей 

кiсiнеп, тебiнiп-тебiнiп жiбердi. Сүлеймен дереу мойнын артқа 

бұрды. Көзi бiрден ну қамыстың шетiнде тұрған үш кiсiге түстi. 

Үшеуi де бiрдей беттерiн қара орамалмен тұмшалап, байлап алған. 

Бiрiнiң қолында ұзын сойыл, белiне арқан орап алыпты. Ал анау 

шибарқыттан  тiгiлген  жеңiл  шапан  киген  екеуiнiң  қолдарында 

қысқа қайқы қылыш. Елсiз жердегi қамыс арасынан шыға келген 

үшеуге таңдана қараған Сүлейменнiң аузына қапелiмде:



186

Сүлеймен қарақшы

—  Уай,  адамсыңдар  ма,  әлде  жынсыңдар  ма?  —  дегеннен 

басқа  сөз  түспедi.

Үшеуi жауап қатпады. Тек “берi кел” дегендей қол бұлғады. 

Сүлеймен  жүрмедi.  “Қап,  әнеукүнi  ауылдан  шығып  бара 

жатқанда мылтығымды лақтырып кеткенiмдi қарашы. Бейтаныс 

елдiң  көзiне  мылтықпен  көрiнбей-ақ  қояйын  деп  едiм.  Мейлi, 

мыналардың  мылтығы  жоқ  екен.  Тиiссе,  бiр  сойыл  мен  екi 

қылышқа  бiрдеңе  қылармын.  Алдымен  атыма  мiнейiн.  Сосын 

қоржындағы кеше Жошы берген келте шоқпарды қолға алайын. 

Қамыс iшiнде тағы бiреулер болмаса, бұл үшеуiне бой бермеспiн” 

деген Сүлеймен жалт бұрылды да, үзеңгiге аяғын сала бергенде 

ер  ауып  түстi.  Жаңа  бұлақ  басына  келгенде,  аз-кем  демалып 

аламын ғой деп, қарагердiң тартпасын босатып қойғанын есiне 

алмапты. Ауып қалған ермен бiрге өзi де шалқалай құлаған оның 

бiр  аяғы  ат  сауырына  түскен  ердiң  үзенгiсiнде  қалып  қойды. 

“Ой, әкеңнiң…” деп айқайлап жiберген ол, одан тыпырлап аяғын 

шығарам дегенше, анау үшеуi жүгiрiп, бұған таяп келдi. Бағына 

қарай,  олар  қасына  келiп  қалғанда,  аяғы  үзеңгiден  ажырады. 

Содан төңкерулi қоржындағы келте шоқпарды ала салып, атып 

тұрды.  Мұны  құлаған  жерiнде  бас  саламыз  деп  дәмеленген 

аналар  ендi  бата  алмай,  үшеуi  үш  жақтан  қоршай  бастады. 

Шоқпарын сығымдай ұстаған Сүлеймен олардың әрқайсысына 

барлай  қарады.

— Оу, неғылған жансыңдар?

 Бетiн тұмшалағандар жауап берудiң орнына мұның “қай жерiнен 

ұрып құлатсақ екен?” дегендей, қаруларын оңтайлай, бiрте-бiрте 

жақындай  түстi.  Қарсы  алдындағының  көзi  құтырынған  иттiң 

көзiндей қып-қызыл екен. Тiптi жанарында адамдық сезiм де жоқ 

секiлдi.  Бiртүрлi  өлi  көзқарас.  Түймесiз  шибарқыт  шапанының 

ашық  омырау  тұсы  мен  етегiнiң  астынан  көрiнген  денесiнiң 

арықтығы сондай, көзге тiптi қораш шалынады. Қалған екеуi де 

мәз емес. Жел шайқаса құлап қалатындай әлжуаз. Бiрақ соларына 

қарамай, мұны түтiп тастамайынша қайтатын беттерi жоқ тәрiздi. 

Түрлерiне қарап, олардың қатты ашығып жүрген адамдар екенiн 

бiлген Сүлеймен:




187



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   86   87   88   89   90   91   92   93   ...   265




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет