Детективті хикаят Алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет92/265
Дата01.04.2022
өлшемі3 Mb.
#29523
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   265
Сүлеймен қарақшы

тұрысынан көңiлi жайланған Сүлеймен атынан түстi. Оң қолына 

сойылын  ұстап,  өзiнiң  кеудесiнен  келетiн  лашық  iшiне  үңiлдi. 

Ешкiм жоқ. Лашық артын айналды. Қарақшылар тұрақтарының 

күнгей  бетiндегi  қамысты  орып,  ол  тұсқа  жер  ошақ  орнатып 

қойыпты.  Ошақ  маңында  сүйектер  шашылып  жатыр.  Қырнала 

мүжiлген сүйектер малдiкi емес сияқты. Арғы жағына көзi түсiп 

едi, денесi дiр ете қалды. Қорыққанынан емес, мынадай тосын 

жайды  бiрiншi  рет  көрiп  тұрғандықтан  селк  еткен.  Құдай-ау, 

көздерi мен кеңiрдектерiне дейiн түк қалмай шұқылана желiнген 

кәдiмгi  адамның  бес-алты  жалаңаш  қу  бастары  жатыр.  Жаңа 

мынаның “адам жеп жүрмiз” дегенiне онша илана қойған жоқ-

тын. Бекер айтпаған екен найсап. 

— Әй, Зүндiн, берi кел, — деп айқайлады олардан көзiн әкете 

алмаған күйi. — Ол келгесiн: — Сен жаңа “адам жеп жүрмiз” 

дегенiңе сенген жоқ едiм. Шынымен-ақ аш қасқырдай адам жеп 

жүргендерiңе ендi сенiп тұрмын. Бұзыл-ған қорқау неме. Осыдан 

кейiн саған нан берiп, адам етi мен қанына бөккен құрсағыңды 

тойдырады деймiсiң менi. О, тоба! Өмiрiмде қанша пәленi көрiп 

жүрсем  де,  дәл  сендердей  жабайыға  айналған  екi  аяқтыларды 

көрмеппiн. Уай, осы тұрған жерiңде iшiңдi тiлiп, iшек-қарныңды 

өзiңе жегiзiп, өз қаныңды өзiңе iшкiзейiн бе, осы?! 

  Тосын  көрiнiстен  жүрегi  лоблып,  беймаза  күйге  түскен  ол, 

кеудесi мен жандүниесiн қарып өткен жаман сезiмнiң әсерiмен 

Зүндiндi сол бойда жарып-ақ тастар ма едi, кiм бiлсiн, егер анау:

— Ойбай, көке, өлтiрмең, өлтiрмең… Жаңа ғана “өлтiрмеймiн” 

деп едiңiз ғой, — деп аяғына жығылмағанда. 

 Аяғына жығылғанды ұру Сүлейменнiң әдетiнде жоқ. Зүндiн 

басымен мұның аяғын сүзе, етпетiнен түскенде оған тимедi. 

—  Қай  жетiскенiмiзден  адам  жеудi  үйрендiк  дейсiз,  көке. 

Мына құла түзде қаңғып жүргендер, бiз жемесек те, ит-құсқа жем 

болатын едi ғой, бәрiбiр. Қайтемiз ендi, елге барсақ, итжеккенге 

айдатып  жiберетiн  белсендiлерден  қорқамыз.  Қоқаннан  өтiп, 

тәжiк асып кетуге амалымыз болмаған соң жүр едiк, осылай бақа 

шайнап, адам жеп.

  Райынан  қайтқан  Сүлеймен  оның  желкесiнен  көтерiп 

тұрғызды.

— Сенiң мұң-зарыңды тыңдайыншы. Жүр лашығыңа. 




190

Сүлеймен қарақшы

Зүндiн  қуанып  кеттi  ме,  суық  жымиыспен  бiр  езу  тартып, 

лашыққа  беттедi.  Сүлеймен  қарагердiң  үстiндегi  қоржынды 

алып,  оның  соңынан  лашыққа  кiрдi. 

— Қолымды шешпейсiз бе? — дедi Зүндiн Сүлеймен қасына 

отырғанда. 

— Сен алдымен өздерiңнiң кiм екендерiңдi айт. Тiлiне қарасам, 

қазақ сияқтысың. Ал түрiң сартқа келедi. Тумысың кiм? 

—  Әзiрде  өзiңiз  ұрып  тастаған  анау  екеуi  және  мен  — 

тумысымыздан 

Арнасай 

үстiндегi 

Шиырлықұмнанбыз. 

Шиырлықұмды  естуiңiз  бар  ма?  Дызақтың  терiскей  бетiнде 

ғой.  Руымыз  —  қырықпанжүз.  Бiздi  бiреулер  шалақазақ  дейдi. 

Негiзi,  бiз  ертеректе  Бұқар  жақтан  келiп,  қазақтарға  сiңiсiп 

кеткенге  ұқсаймыз.  Жаңа  өкiмет  келместен  бұрын  үшеумiздiң 

де  әкелерiмiз  әмбе  Дызақ  өңiрiне  аты  шыққан  саудагерлер  едi. 

Құл  ұстап,  күң  жұмсайтынбыз.  Кейiн  қызылдар  келiп,  шат-

шәлекейiмiздi шығарды. Әкелерiмiз айдалып кеттi. Ал бiз болсақ, 

Тәшкен  астық.  Бiрақ  жастайымыздан  дайын  ауқат,  көл-көсiр 

асқа үйренiп қалған бiз, онда еңбек таба алмай, әбден қиналдық. 

Шаһарда  ұрлыққа  үйрендiк.  Кiсi  тонап,  үйлерге  түстiк.  Сонда 

жүргенде анау, сiз жаңа бiрiншi құлатқан Тұтқыш бiр қашқарлық 

ұрылармен танысып алыпты. Тәшкенде алай базарының маңын 

қоныстанғандарды  “қашқарлықтар”  дейдi.  Тұтқыш  әжептеуiр 

шежiре бiлетiн. Ата-тек сұрастыра келiп, сол қашқарлықтармен 

туыс  болып  алды.  Ол  туыс  болған  соң,  қашқарлықтарға  бiз  де 

туыспыз  ғой.  Менiң  ұғынуымша,  Тәшкендегi  қашқарлықтар 

қайбiр  заманда  сонау  Қаш-қардан  Бұқарға  ауып  барған  екен. 

Кейiннен Бұқар хандығы құлаған кезде олардың бiразы Тәшкенге 

қоныс  аударыпты.  Ал  бiз  олар  Тәшкенге  келерден  әлдеқайда 

бұрын  Дызаққа  келген  екенбiз.  Тұтқыш  солай  дейтiн.

  Сол  Тәшкеннiң  ортасын  кесiп  өтетiн  Бозсудың  бойындағы 

қаңлылар мекендейтiн махәлләның маңында орыс жандаралының 

кезiнен  келе  жатқан  қыш  құятын  үлкен  қора  бар.  Осы  тұста 

Бозсудың  төменге  қарай  тiп-тiк  құлайтын  сарқырамасының  ең 

табанындағы иiрiмнiң жағасында көлденең көз байқай бермейтiн 

кәттә үңгiр бар. Бiз Тәшкенде жүргенде сол үңгiр сондағы ұрылар 

мен қарақшылардың мекенi болатын. 




191



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   88   89   90   91   92   93   94   95   ...   265




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет