Детективті хикаят Алматы, 2021



Pdf көрінісі
бет95/265
Дата01.04.2022
өлшемі3 Mb.
#29523
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   265
Сүлеймен қарақшы

жат  елде  үшеуi  ешкiмнен  шет  қақпай  көрмедi.  Аз  уақыттың 

iшiнде  қоқандықтармен  аралас-құралас  болып  кеттi.

 Сүлеймен мұндағы жұртқа да бiрден танымал болды. Ол кезде 

оқығаны аздау елге тез танымал болу үшiн дала заңына лайық 

батыр болсаң жеткiлiктi едi. 

  Сүлейменнiң  өн  бойынан  осындай  батырлықтың  нышанын 

аңғарды ма, әлде қырым артық етi жоқ, тұтас құйыла салынған 

шойындай  iрi  сүйектi  денесiнен,  үнемi  от  шашып  тұратын 

алақандай  көздерi  мен  адам  тiктеп  қарай  алмас  қарақошқыл, 

суық  жүзiнен  ыға  ма,  кiм  бiлген,  әйтеуiр  әншейiнде  бiр-бiрiне 

батырсынып  қырықпышақ  болып  жататын  Қоқан  жұрты  мен 

қарақшылары  мұның  алдында  мыстары  құрып,  момақанси 

қалатын. 

 Алайда нағыз ердi мойындағысы келмейтiн кеудемсоқ, көзсiз 

батырсымақтардың  қай  жерде  де  болатыны  бар.  Өзiңдi  жалпы 

жұрт ойлағандай тұлға етiп көрсетуiң үшiн алдымен солардың 

мысын  басқан  жөн.  Әрине,  Сүлеймен  өз  бетiнше  ешкiмге 

тиiспейдi.  Бiрақ  “әлiн  бiлмеген  әлектер”  бұған  тиiседi.

  Осы  екi  жылдың  iшiнде  ондайлардың  талайымен  күш 

сынасуға тура келдi. Былтырғы жылы шығыс Бұқардың Лоқай 

деген  жерiнен  қызылдардың  бiр  белсендi  қатынын  отбасымен 

қоса  түгел  бауыздап,  осында  қашып  келiп,  атын  өзгертiп, 

жасырынып жүрген Шалпар деген таулық баскесерiмен айқасып 

қалғаны  бар-ды.  Ерегiстiң  басы  бiр  татар  әйелден  басталған. 

  Аязбек,  Төрекелдi  үшеуi  мұнда  келгелi  берi  Пұсырманқұл 

деген қыпшақты сағалап жүрген. Сол Пұсырманқұл бiр күнi бұл 

үшеуiне: 

—  Сыңайларыңа  қарасам,  әзiрше  елдерiңе  қайтатын 

ойларың  жоқ  сияқты.  Атан  бурадай  өңкиiп  жүрген  үшеуiңнiң 

кiр-қоқыстарыңды  қашанға  менiң  қатыным  жуып  бередi.  Әрi 

отыздан асқан еркектiң әйелсiз күнi бола ма? Жат елде жүрмiз 

дегендерiңмен, әйтеуiр бiрдеңе қып, ырзық-несiбелерiңдi тауып 

жүрсiңдер. Сол несiбенi жиып, үйде ас-ауқаттарыңды дайындап 

отыратын  өздерiңе  лайық  әйел  iздейiк,  —  деген.

— Жөн айтасың, Пұсырманқұл. Әсiресе өмiрiмiз қатынсыз өтiп 

бара жатқан мына Аязбек екеумiзге обал болды. Ал Сүлейменнiң 



196

Сүлеймен қарақшы

елде әйелi бар ғой. Әй, бiрақ табылса, бұл да ала салсын. Бұған 

екеу емес, он қатын алса да аздық етпейдi, — деп Төрекелдi елп 

ете қалған.

 Сүлеймен де бұған қарсы болмады. Сөйтiп үшеуi әйел iздеуге 

кiрiскен.  Қоқан  шаһарының  түстiк  жағындағы  үлкен  төбенiң 

үстiнде Құдияр хан салдырған үлкен сарай бар. Сол сарай қазiргi 

жаңа өкiметтiң кеңсесi едi. Кеңсе бергi бөлмелерiне орналасқан. 

Ал сарайдың басқа қаптаған бөлмелерi астық пен мақта жинайтын 

қоймаларға  айналған.  Осы  қоймаларда  ерлерi  басмашылармен 

соғыста шейiт болған көптеген жесiр әйелдер iстейтiн. Әсiресе 

мақта  түтетiн  орында  ондайлар  мол-ақ.  Пұсырманқұл  үшеуiн 

күнде  осы  жерге  ертiп  келiп  жүрiп,  ақыры  бұларға  лайық  үш 

әйел  тапты.  Төрекелдi  мен  Аязбекке  екi  өзбек  әйел  бұйырды. 

Әйелдердiң  туысқандарына  бiраз  пұл  берiп,  ықтиярларын 

алған  соң  Төрекелдi  мен  Аязбек  олардың  үйлерiне  кiрiп  алды. 

Ал Сүлейменнiң көңiлi бөксесiне анау-мынау еркектiң құлашы 

жете бермейтiн дәу татар әйелге ауды. Оның аты — Дилда екен. 

Құрғыр  Дилда  кез  келген  әйелдiң  көңiлiн  жiбiтiп  жiберетiн 

Пұсырманқұлдың  жаушылық  сөзiне  де,  “Әй,  саған  бай,  маған 

қатын  керек.  Бұлдана  бермей  айтқаныма  көнсейшi”,  —  деп 

айтарын төбеден жай түсiргендей зiлдi дауыспен бiр-ақ жеткiзген 

Сүлейменге де көнбей, бiраз қиғылық салып жүрдi. Бiрақ тiлiмен 

“түлкiнi күлдiрiп, қасқырды үргiзетiн” Пұсырманқұл қойсын ба, 

ақыры  оны  бiр  икемге  келтiрдi.  Сөйтсе  Дилда  өз  қарсылығын 

Сүлеймендi жақтырмағанынан бiлдiрмептi. Күллi Қоқанның ұры 

мен  қарақшыларын  бiр  шыбықпен  айдайтын  Исламқұл  бектен 

қорқыпты.  Исламқұл  бұрынғы  Қоқаның  айтулы  хандарының 

бiрi — Әлiмнiң ұрпағы екен. Қоқан орысқа қараған кезде бектiк 

лауазымды  иеленген.  Қызылдармен  соғыс  уақытында  тәжiк 

жерiне  қарай  өтiп,  Жылыкөлдегi  Отанбек  пен  Жұмамұрат 

паруанашылардың қолдарын бiрiктiрiп, үлкен басмашылық топқа 

құрбашылық жасапты. Кейiн басмашылардың тоз-тозы шығып, 

бiрi ауған, бiрi қытай асып кеткенде, бұл Қоқанға қайта оралып, 

жаңа өкiметтiң белсендiлерiмен тiл табысып, бейбiт өмiр сүруге 

байлам етiптi. Алайда “бейбiт өмiр” дегенi сырт көзге ғана. Қоқан 

мен оның айналасындағы болып жататын қилы-қилы ұрлықтар 



197



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   91   92   93   94   95   96   97   98   ...   265




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет