40
бағалауға қатысқан тұрақты бағалаушылар ұжымын шақырғанда тұтынушылар
бағасының нәтижесі сенімдірек болады.
Тұтынушылық бағалауды жүргізгенде дәм айырушылар бағаланатын
үлгіні есте сақтау бойынша салыстыру арқылы қарапайым әдісті немесе
бақылаушы үлгінің белгілерімен тағамдық немесе дәмдік өнімдердің белгілерін
салыстыруға негізделген бақылаушы үлгі бойынша бағалаудың жетілдірілген
әдісін қолдануға болады.
Тұтынушылық бағалауда көбінесе қолданылатын қажеттілік шкаласын
пайдаланатын қолайлылық және артықшылық жүйесі жақсы сынаманы бөліп
алуға, рецептураның, шарттары мен сақтау мерзімінің, технологиялық
режимнің және т.б. өзгерісі сияқты қандай да бір факторларға тәуелді
қажеттілік дәрежесін бөлуге мүмкіндік береді. Жағымсыздық пайызы әр үлгінің
жағымсыз бағаларының бағалаудың жалпы санына қатынасы арқылы
есептеледі.
Тұтынушылық қажеттілік сапаны бағалаудағы маңызды критерий болып
табылады, бірақ тұтынушының өнімге көзқарасы объективті (экономикалық,
жарнама) де және субъективті (әдет, теріс ұғым және т.б.) де факторларға
тәуелді.
Достарыңызбен бөлісу: