Динамикалық Қатарлар туралы түсінік және оның түрлері


Маусымдық ауытқу (тұрақсыздану)



бет15/16
Дата09.10.2022
өлшемі474,5 Kb.
#42059
түріҚұрамы
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16
Байланысты:
8 тақырып.1

3. Маусымдық ауытқу (тұрақсыздану)
Әлеуметтік-экономикалық қүбылыстар меи процестер жыл ішінде мезгілдің қайталамалы ауысуына байланысты азды-көпті өзгеруін маусымдық ауытқу деп атайды. Халық шаруашылық салаларының көпшілігінде маусымдық ауытқу кездеседі. Соның ішінде ең жиі кездесетін салаларға жататындары мыналар: ауыл ишруашылығы, құрылыс, көлік, дайындау, сауда және т.б. Мысалы, ауыл шаруашылығында көктем айларынан бастап, орта есеппен, бір сиырдан сауылатын сүттің мөлшері біртіндеп өсіп, өзінің ең жоғары шегіне жететінін, ал маусым айынан бастап, керісінше, бұл көрсеткіш біртіндеп азая бастайтындығын көреміз. Немесе көліктердегі қыс айларына қарағанда жаз айларында жұмсалатын жанармай мөлшерінің аз болатындығын және т.с.с. толық байқауға болады.
Маусымдық ауытқудың өзіне тән жетістіктерімен бірге кемшіліктері де кездеседі, ал ол кейбір салалардың жыл ішіндегі дамуына үлкен кедергі келтіруі де мүмкін. Мысалы, маусымға байланысты еңбек ресурстары мен құрал-жабдықтардың тиімді пайдаланылмай бос тұруы көбейеді, ал соның салдарынан өнімнің өзіндік құны мен шығыны арта түседі.Сондықтан, маусымдық ауытқуды жан-жақты зерттеудің іс жүзіндегі мағынасы өте жоғары. Соның ішінде маусым бойынша қатардың көрсеткіштері арқылы жыл бойына бағдарлама жасауга толық мүмкіндік туады. Демек, жылдық тапсырысты маусымға қарай бөліп, әр айға жеке жоспарлауға болады.
Статистикада маусымдық ауытқуды анықтау үшін және олардың пәрменділігін білу үшін арнайы көрсеткіш қолданылады. Оны маусымдық иидекс деп атайды және оның сандық мәндерінің жиынтығы маусымдық толқынды құрайды. Маусымдық индекс сол берілген көрсеткіштердің мәндеріне байланысты болады жөне соған қарай түрлі есептеу әдістері қолданылады.
Егер қоғамдық құбылыстардың орташа жылдық маусымдық дәрежелерінің даму бағыты жылдан-жылға тұрақты түрде өзгермейтін болса, онда маусымдық индексті жай орташа әдіспен есептеуге болады. Ол үшін алдымен қарастырылып отырған кезеңнің әрбір айының орташа шамасы () анықталады. Содан кейін осы көрсеткіштердің орташа айлық дәрежесін () есептейді де, әр айдың орташа көрсеткіштерін осыған бөлу арқылы маусымдық индексті анықтайды және бұл үшін мына формуланы қолданады:

мұнда - үш жылдың әрбір айының орташа дәрежесі;
- осы көрсеткіштердің орташа айлық мөлшері.
Енді осы тәсілді қолдана отырып, Қазақстанның 1993-1995 жылдар аралығындағы электр қуатын пайдалануы бойынша маусымдық индексті есептейміз:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет