Интервалды динамикалық қатарлар деп құбылыс мөлшерінің белгілі бір уақыт (тәулік, ай, тоқсан және жыл) ішінде қандай шамада болғанын сипаттайтын көрсеткіштерді айтады. Оған мысал ретінде 11.1-кестенің көрсеткіштерін келтірейік:
1-кесте Қазақстан бойынша мұнай өндіру, мың тонна
Жылдар
1990
1991
1992
1993
1994
1995
Өңдірілген мұнай
22839
23681
24461
25556
25388
25220
Интервалды динамикалық қатардың көрсеткіштерін бір-біріне қосып, ұзақ уақыт аралығындағы қорытынды көрсеткіштерді есептеуге болады, оны статистикада "жинақталган жиынтық" деп атайды.
Динамикалық қатарлар уақыт мерзіміне және онда көрсетілген көрсеткіштерге байланысты толық және толық емесболып екіге бөлінеді.
Егер динамикалық қатардьщ көрсеткіштері уақыт мерзіміне қарай бірінен соң бірі үзіліссіз келетін болса, онда ол толық динамикалық қатарға жатқызылады. Бұған мысал ретінде 11.1- кестеде келтірілген көрсеткіштерді алуға болады.
Егер динамикалық қатардың көрсеткіштері уақыт мерзіміне қарай әр түрлі аралықта берілсе, яғни әр түрлі уақыт мөлшері арқылы сипатталатын болса, онда оны толық емес динамикалық қатарлар деп атайды. Бұған мысал ретінде 11.2-кестедегі 1985-1990 жылдар аралығындағы керсеткіштерді айтуға болады.
Экономикалық құбылыстардың өзгеру процестерін зерттеу, талдау және есептеу кезінде бірнеше статистикалық көрсеткіштер қолданылады. Бұл көрсеткіштер нақты (абсолютті), қатысты және орташа шамалармен сипатталады.
Осыған орай динамикалық қатарлар нақты (абсолютті), қатысты жоне орташа шамалар болып үшке бөлінеді.