Динамикалық Қатарлар туралы түсінік және оның түрлері



бет8/16
Дата09.10.2022
өлшемі474,5 Kb.
#42059
түріҚұрамы
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16
Өсім қарқыны (темпі). Динамикалық қатардың бұл көрсеткіші нақты (абсолюттік) өсімнің салыстырмалы шамасын көрсетеді. Бұл көрсеткіш коэффициент немесе процент өлшемдерімен өлшенеді және оны анықтау үшін нақты (абсолюттік) өсімнің шамасын базалық ретінде алынған уақыт дәрежесіне бөлу керек. Бұл көрсеткіш те екі тәсілмен есептелінеді. Егер өсім қарқыны тұрақты базалық уақыт дәрежесі арқылы есептелсе, онда оны тұрақты өсім қарқыны, ал егер базалық уақыт дәрежесі өзгермелі болса, онда оны тізбектелген өсім қарқыны деп атаймыз. Өсім қарқынын есептеу үшін төмендегі формулалар қолданылады:
- тұрақты тәсіл;
- тізбектелген тәсіл,
мұнда Тпр - өсім қарқыны;
Δ - нақты (абсолюттік) өсім;
У0 - тұрақты базалық уақыттың дәрежесі;
Уі-1 - ағымдағы уақыттың алдында тұрған дәрежесі.
Енді осы формулаларды жоғарыда (11.5-кестеде) берілген және есептелінген көрсеткіштерге қолдану арқылы өсім қарқынын екі әдіс бойынша есептейміз:

Тұрақты тәсіл, %

Тізбектелген тәсіл, %

1991 4,0/138,0*100=2,9

4,0/138,0*100=2,9

1992 8,0/138,0*100=5,8

4,0/142,0*100=2,8

1993 10,0/138,0*100=7,2

2,0/146,0*100=1,4

1994 13,0/138,0*100=9,4

3,0/148,0*100=2,0

1995 16,0/138,0*100=11,6

3,0/151,0*100=2,0

Егер өсу қарқынының көрсеткіштері есептелініп берілген болса, онда өсім қарқынын анықтау және жұмыс көлемін азайтып, есептеуді жеңілдету үшін өсу қарқынынан 1 (бірді) немесе 100 (жүзді) шегеру арқылы да табуға болады. Ол мына формулалар бойынша іске асады:
Тпр = Тр - 1 немесе Тпр = Тр - 100,
мұнда Тр - өсу қарқыны (коэффициент есебімен); Тр - өсу қарқыны (процент есебімен).
Мысалы, 1985 жылы 1994-жылмен салыстырғанда көмір өндірудің 2,0%-ке (Δ = Тр - 100 = 102,0 - 100 = 2,0) өскендігін көруге болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет