Орташа нақты (абсолюттік) өсім. Динамикалық қатардың бұл көрсеткіші екі тәсілмен есептеледі.
Бірінші тәсіл. Егер нақты (абсолюттік) өсім тізбектелгентәсілмен есептелген болса, онда олардың орташа дәрежесін табу үшін нақты өсімнің жеке мәндерінің қосындысын олардың санына бөлу керек, ол мына формуламен есептеледі:
Мұнда Δ – тізбектелген тәсілмен есептелген нақты (абсолюттік) өсімнің жеке мәндері
n – нақты (абсолюттік) өсімнің саны.
Мысалы, 11.6-кестенің көрсеткіштері бойынша нақты (абсолюттік) өсімнің орташа дәрежесі мынаған тең болады:
млн. т. Екінші тәсіл. Кейде әр жылдың нақты (абсолюттік) өсімі есептелеуі мүмкін. Ондай жағдайда жұмыс көлемін азайтып, есептеуді жеңілдету үшін және тізбектелген тәсілмен есептелген нақты өсімнің қосындысы тұрақты базалық нақты өсімге тең болады деген анықтамаға сүйене отырып, нақты (абсолюттік) өсімнің орташа дәрежесін мына формуламен табуға болады:
Сонымен, 1990-1995 жылдар арасында Қазақстандағы көмір өндіру орта есеппен жылына 3,2 млн. тоннаға өсіп отырған.
Орташа өсу қарқыны.Бұл көрсеткіш қоғамдық құбылыстар мен процестердің орташа жылдық өзгеру жылдамдығын көрсетеді. Сондықтан оның халық шаруашылық салалары үшін бағдарлама жасау мен статистикалық талдауда атқатарын рөлі өте жоғары. Орташа өсу қарқынының өлшемдері коэффициентпен немесе процентпен беріледі және екі тәсілмен есептеледі.
Бірінші тәсіл. Егер өсу қарқыны тізбектелген тәсілмен және коэффициентпен берілген болса, орташа өсу қарқынының коэффициенті геометриялық орташаның формуласымен есептеледі. Оны есептеудің жолы төмендегідей:
мүнда - орташа өсу қарқынының коэффициенті;
- тізбектелген тәсілмен есептелген өсу қарқынының жеке коэффициентгері;
п - тізбектелген тәсілмен есептелген өсу қарқыны коэффициенттерінің саны.
Осы формуланы қолдана отырып, 11.6-кестедегі берілген мәліметтер арқылы орташа өсу қарқынының коэффициентін есептейміз:
Егер осы коэффициентті 100-ге көбейтсек, онда оның процентін анықтаймыз, ол 101,3%-ке тең:
Өқ =-*100 = 1,013*100 = 101,3%.
Осы қарқынының керсеткіштері процентпен берілген болса, онда оның орташа мәні мына формуламен есептеледі:
Екінші тәсіл. Тізбектелген және тұрақты базалық тәсілмен есептелген өсу қарқыны көрсеткіштерінің арасында өзара байланыстылық бар, яғни тізбектелген тәсілмен есептелген өсудің көбейтіндісі тұрақты базалық тәсілмен есептелген өсу көрсеткіштеріне тең. Онда осы қағида бойынша орташа өсу қарқынын мына формуламен есептеуге болады:
мұнда Уn - қатардың соңғы уақыттағы дәрежесі;
У1 - қатардың бастапқы уақыттағы дәрежесі;
п - қатардың саны.
Қорытынды: 1990-1995 жылдар ішінде республика бойынша көмір өндірудің орташа жылдық өсу қарқыны 1,013 немесе 101,3 процентке тең болған және мұны үлкен жетістік деп есептеуге болады.