1.жер, көк, адамзат, хайуанат, жын-шайтан, періште, Адам 2.Ата, от, топырақ жайлы түсініктемелер, әңгімелер.
3.пайғамбарлар, әулиелер өмірбаяндары, іс-әрекеттері туралы қисса, ертегі, аңыздар.
шежіре - мүсылман жыл санауы - хижраның алғашқы он жылы ішінде болған тарихи оқиғалар, жыл, ай, күн аттары, назым өлеңдер. Жинақтың алғы сөзі мен қорытындысы өлеңмен жазылған. "Қиссасу-л-Әнбия" алғаш 1914 ж. Қазан қ-ндағы Каримовтар баспасынан жарық көрген (479 бет). Түп нүсқадан көшіріп бастырған И.Салабхин молла Шәріп. "Қиссасу-л-Әнбия" қазақ арасына кең тараған. Сара Біржан салмен айтысканда осы "Қиссасу-л-Әнбиядан" мысал келтіріп сөйлейді
“Қисса-сул әнбия “, бір жағынан, діни аңыз-әңгімелерге, екінші жағынан, халық ауыз әдебиетінің дәстүрлеріне негізделіп жазылған прозалық көркем туынды болып табылады.
Достарыңызбен бөлісу: |