24.Шәді Жәңгірұлының діни дастандарын саралаңыз, шығыс әдеби дәстүрімен сабақтастығын көрсетіңіз.
Шәдінің әдеби мұрасы мол. Ол 30-ға жуық дастан және көптеген өлеңдер жазып, кітап етіп бастырып шығарған. Көлемді шығармаларынан қазірше табылғаны – 18 дастан. Олардың көбі Ташкент қаласындағы Ғ.Х. Ғарифжанов баспаханасынан әр кезде басылып шыққан: «Шәр дәруіш» («Төрт дәруіш», 1913, 1914), «Хикаят Қамарзаман» (1914), «Назым Сыяр Шәриф» (1913), «Хатымтайдың хикаясы» (1914), «Хикаят Халифа һарон-ар Рашид» (1914), «Хикаят Орқа-Күлше» Жарылқасын Боранбаев 12 (1917), «Қарунның жер жұтқан оқиғасы» (1917), т.б. «Тарихнама» атты тарихи дастаны қолжазба күйінде сақталған Шəді медреседе оқыған ислами пəндерінің негізінде дастандар жазып отырса керек. Мысалы, медреселерде оқылатын Мұхаммед (с.ғ.с.) пайғамбардың өміріне (Сиярун-наби) Назым Сияр Шəрифдастанын жазса, ислами фəлсафаға Ахуал қиямат дастанын, шариғат іліміне Фикһ қайдан шығармасын, пайғамбарлар өмір тарихына(Қиссасуыл əнбия) Назым Ибраһим Халиолла, Хазірет Мұса мен Перғауын, Дəуіт уақытындағы рəйіс сияқты дастандарын дүниеге əкелген. Осындай діни дастандар жайында М.Əуезов ...Діни өлеңдердің, қиссалардың, көбінің сарыны шеттік болудан басқа мазмұндары да түгелімен мұсылман ғылымынан келген көшпелі, қыдырма əңгімелер. Сондықтан оларды тексеріп, ұғынып түсіну үшін, жалғыз ғана қазақ топырағындағыкөлеңкесіне қарап тон пішу керек емес, əрқайсысын тудырған жағдай мен себепті əуелгі шыққан ұясынан бастап ұғыну керек. Шəді-Ислам тарихын жетік білген ақын. Əрі оның діни дастандары Алланың қасиетті кітабы Құранмен, Мұхаммед (с.ғ.с.) хадистерінің желісіне құрылған. Ақынның қаламынын туған Хайбар дастаны соның айғағы. Шығыс мұсылман əдебиетіне біржола ден қойған ақынның шығармаларында жомарттық пен сақилықтың іздері де көрініс тауып отырады. Осы жолда ол Харун ар-Рашид пен Атымтай жайлы дастандарын жазған. Атымтай-діни хикаяларда пайғамбар заманынан бірнеше жыл бұрын өмір сүрген Тай тайпасының Жомарт адамы деп беріледі. Ислам əлемінде Хадис ілімінің Əмірі атанған Исмағил Бұқаридің Сақиқул Буқари еңбегінде Ади ибн Хатим деген сақаба көптеген хадистер руаят еткен. Осы Ади жомарт Атымтайдың баласы етіп көрсетіледі. Тіпті Атымтайдың қызы Софана мұсылмандардың қолына түскенде, оның əкесінің атын естіген пайғамбар Əкесі жомарт адамнан жамандық шығуы мүмкін емес деп босатып қоя бергені жайында аңыздар бар.
Шәді Жәңгірұлының көп жыл ізденіп, жазған дастаны – «Назым сияр Шәриф» атты туындысы. Шәдінің пайғамбар тарихына арнаған «Назым сияр Шәриф» дастанынан басқа, оның Ислам ғазауыттарын көрсететін «Хайбар» дастанын да жазған. Ол «Назым Сияр Шәрифтен» басқа бұл салада «Имам Ағзам», «Ибраһим пайғамбардың хикаяты» секілді діни қиссалар жазды. Шәдінің сүбелі шығармасының бірі – «Шер дәруіш» («Төрт дәруіш»). Бұл дастан бір басылымында (1913) «Назым шәр дәруіш» деп те аталған. Шығарма желісі «жеті ықылым жер жүзінің бәрін кезген» төрт жиһангездің басынан кешкен оқиғалары арқылы өрбиді. Ақын дастанында адамның рухани мүмкіндігіне, күш-құдіретіне шексіз сенім білдіреді, адам бойындағы ең асыл қасиеттерді, ақыл-ойды, махаббатты, әділдікті, бауырмалдықты мадақтайды. Бұл дастан сюжеті бұрын да өзге түркі халықтары арасына қисса болып кең тараған. Шәді «Хикаят Халифа һарон-ар Рашид» дастанын да Шығыс аңыз әңгімелерінің сюжетін пайдалана отырып жазған. «Атымтай Жомарт хикаясы» деген атпен қазақ арасына тараған әңгіме мазмұнына құрылған «Хатымтайдың хикаясы» атты дастанда мазмұны жағынан өзара сабақтас төрт хикая бар. Ақын бұларда жұртты адамгершілікке, мейірімді, бауырмал болуға үндейді. Сараңдық пен дүниеқұмарлықты тәрк етеді. Ал «Хикаят Орқа-Күлше» атты лироэпикалық дастанында сүйіскен екі жас арасындағы мөлдір махаббатты жырлады, шынайы достық, ізгі адамгершілікті мадақтады. Бұл дастан оқиғасы да ертеректе Шығыс халықтары арасында кең тараған әңгіме сюжетінен алынған. Шәдінің қиял-ғажайып ертегілері мен аңыз-әңгімелер негізінде жазған «Хикаят Қамарзаман» дастанында қиял-ғажайып оқиғалар адам-дардың өміріндегі әдеттегі реалдық істерімен, күнделікті тұрмыста кезде-сетін көріністерімен ұштасып, тығыз байланысып жатады.
Достарыңызбен бөлісу: |