Діни мазмұнды шығармалардың тақырыбы мен идеясын саралаңыз, оларды зерттеген ғалымдар шығармаларына шолу жасаңыз


Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының дін тақырыбындағы өлеңдерін саралаңыз, Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с.) хадистерімен байланысын анықтаңыз



бет50/67
Дата07.01.2022
өлшемі171,84 Kb.
#19580
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   67
26Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының дін тақырыбындағы өлеңдерін саралаңыз, Мұхаммед пайғамбар (с.ғ.с.) хадистерімен байланысын анықтаңыз.

«Дін – насихат» дейді хазіреті Мұхаммед (с.ғ.с) пайғамбарымыз. Себебі, діннің көбеюі шын мәнінде үгіт-насихат жұмыстарына тікелей

байланысты. Кеңес дәуірінде діни насихат түгілі жұрт мешітке де ойлана барған. Оның үстіне қылышынан қан тамған атеизм де дінімізді тұқырта қаралап, бірнеше дінсіз ұрпақ тәрбиеленіп те үлгерген. Жұрт ата діннің құндылықтарынан айырылып қалды. Дегенмен де, кеңес үкіметі кезінде қазақ қоғамында жетекші бағыт – ислам діні болды.

М. Көпейұлы  қажылыққа қатысты шығармасы –«Ізбас қажы» деп аталады. Бұл деректі өлеңінде ақын ХIХ ғасыр соңындағы қажылық жағдайын толық ашып көрсете білген. Ізбас қажының Мекке-Мединеден аман оралғанын естіп амандаса барған Мәшһүр Жүсіп қажыдан естіген әңгімесін өлеңмен өріп шығады. Ізбас қажының жолдың қиыншылығын, Меккеге 41 күн дегенде әзер жеткендігін, арасында ауруға ұшырап, қатты қиналса да Қағбаны жеті рет айналып шыққандығын айтады. Оны Мәшһүр Жүсіп былайша келтіреді:



Сонан соң Мекке келіп жеті айналдық

Тәпсі алып, Құран алып, ыңғайландық. 

Жабудан ақша беріп, кестіріп ап,   

Қайтуға енді ел- жұртқа  ыңғайландық .

Бұл жолдардан  бар қажыға ортақ ел-жұрқа апаратын тәбәрік алу дәстүрі де ұмыт қалмағандығын да көруге болады.

Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының шығармасының ең құндысы – «Бес парыз» өлеңі. Онда қажылықтан, жағдайы жеткен жанның қалмауы қажеттігін насихаттайды.

Біреуі бес парыздың- қажыға бару.

Бұл жолға мал мен жанды керек салу.

Шақырған бір Алланың ол жеріне,

Байларға қиын екен бармай қалу!

Пайғамбар: «Байлар қажыға келсін»- депті,

«Үмбетім мені келіп көрсін!» депті,

Шамасы келе тұрып, келмеген жан

«Қауымында кәпірлердің өлсін» -дейті.

Қажылардың игі істерін мақұлдап, кейбір байлардың кемшіліктерін  сынайды. Қажылыққа барушылардың арасында надан байлар, малдарына сенгендердің, қажылықтың мәнісін  түсінбегендер барлығын қынжыла баяндайды .


Ең әуелі әрбір адамның ғылымға ден қоюы. Құранның алғашқы түскен Алақ сүресінің 1- аяты: «Сені жаратқан Раббыңның атымен Оқы!»Ибн Мәжәдан жеткен Пайғамбар Мұхаммед (с.а.с) хадисінде:  «Білім алу- әрбір мұсылманға парыз» - делінген. Мәшһүр Жүсіп «Бес парыз» атты өлеңінде:                                       

«Баланы оқуға бер жас басынан,

    Алланың құр қалдырмай олжасынан.    

   Жұғуы бұл ғылымның: молда, бала, ата-ана,         

  Төртеуінің бірдей болған ықыласынан.»- деп, барша халықты білімнің қайнар көзін алуға шақырған. Әрбір жан діни және зайырлы білім «адамзаттың қос қанаты» болатындығын ұғынуға аталмыш шумақ өлең жеткілікті екені белгілі.

Исламдағы бес парыз. Ибн Омардан (р.а) жеткен хадисте Пайғамбар Мұхаммед (с.а.с): «Ислам бес тіректен құралған: Алладан басқа құдай жоқтығына және Мұхаммед Оның елшісі екеніне куәлік беру, намаз оқу, зекет беру, қажылық өтеу, Рамазанда ораза ұстау» -деген. [Бухари, «Иман кітабы»,24-бет, №8 хадис]

Мәшһүр Жүсіп ақида саласымен қатар, Құран тәпсірін (түсіндірмесін) де жетік меңгерген. Қарапайым халыққа Құран аяттарында келген «мухкам», «муташәбиһ» аяттарды жеңіл түрде айтып, тәпсір тұнығынан сусындағандығын «Жер мен Көк» атты өлеңінде байқауға болады. Ол жерде «Ықылас» сүресінде келген 4 аятқа төмендегіше тоқталған:

«Жоқ деп біл бір Аллада ата-ана,

Және жоқ деп біліңіз қатын-бала.    

Барлығы бір Алланың құдіретінде,    

Ешкімге мұқтаж емес Хақ Тағала»-деген. Бұл жыр-дастандар Құранда келген «Шура» сүресінің 11-аятына да (Оның бірде- бір ұқсасы жоқ. Ол- Сәмиъ (бәрін естуші), Басир (бәрін көруші)) саяды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет