Діни мазмұнды шығармалардың тақырыбы мен идеясын саралаңыз, оларды зерттеген ғалымдар шығармаларына шолу жасаңыз



бет51/67
Дата07.01.2022
өлшемі171,84 Kb.
#19580
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   67
Қосымша : Мәшһүр Жүсіп Көпейұлының діни көзқарасы / А.Д. Шағырбаев ;   Философия, саясаттану және дінтану ин-ты. – Алматы, 2018. – 223 деген зерттеу бар. Қосымша тауып алып оқысаңдар болады.

Көпеев М.Ж. Екі томдық. – Алматы, 1992. – 2 т. – 3–5 бб. Ә. Тәжібаев, филология ғылымының докторы, профессор

Әдеби мұра және оны зерттеу. – Алматы, 1961. – 244–247 бб. Ә. Қоңыратбаев, филология ғылымының докторы, профессор

27.Мәшһүр Жүсіптіңәдеби мұрасын саралаңыз, діни дастандарының мәні мен маңызын дәлелдеңіз.

Мәшһүр Жүсіп Көпейұлы 1875 жылдан бастап біраз уақыт оқытушы болды. «Дала уәлаяты» газетіне өлеңдері мен мақалаларын жіберіп тұрды. 1887-1890 жылдары Самарқанд, Ташкент, Түркістан, Бұхара, т.б. қалаларды аралап, Шығыстың классикалық әдебиетімен жете танысты. Осы жылдары түркітанушы ғалым, академик В.Радловпен танысып, ауыз әдебиеті үлгілерін жинау ісімен айналысты. Жар-жар, аужар, бата, ұлағатты сөздер, ертегі, аңыздар, діни қиссаларды жинап, жариялады. Сонымен бірге «Гүлшат - Шеризат», «Ғибратнама», «Шайтанның саудасы» сияқты Шығыс дастандары үлгісін және бірнеше тарихи жырларды жинап, хаттады. «Көроғлы», «Ер Көкше», «Сайын батыр» жыр-дастандары мен Бұқар жырау, Шортанбай, Орынбай, Шөже, Жанақ, Сақау секілді ақын-жыраулардың әдеби асыл мұраларын хатқа түсірді. Бұқардан қалған сөз маржанын Мәшһүрге дейін хатқа тұтас түсіруші болмаған еді.

Мәшһүр Жүсіп өзі жинаған үлгілерінің көлемін белгілеп отырған. Мысалы, «Ғылым білімі» кітабы 129 сахифадан тұрады дей отырып, оның ішінде 12 аят, 18 хадис, 43 мақал, 114 ауыз өлең бар десе, ал «Әмір» әңгімесі 26 сахифадан, 104 ауыз өлеңнен тұрады дейді. Мұндағы сахифа – араб сөзі, «бет», «парақ» деген мағынаны береді. Бұлардан басқа қолжазбаларда мынадай мәліметтер берілген: «Хазірет Юсуф пайғамбар», «Шайқы Бұрқы әулие мекіре балықтан туған», «Ошақты Қоңырбай қалпе» әңгімесі, «Хазірет Нұхқа 370 жасында пайғамбарлық берілді», «Ақыреттің eгіні», «Құдайым жексенбі күн жер жаратты», «Жер мен Көк» қиссасы және т. б. діни нанымдық мағынадағы деректер бар. Екі діни балладасы – «Шайқы Ысқақ» пен «Надан би» белгілі

М.Ж. Көпейұлы «Жер мен Көк» қиссасында «Eкi күн – жер, екі күн көк жаратты. Төрт күнде бip-бipiнe жұп жаратты. Бip caғатта қылуға құдыреті бар, «Пендеме ғибрат болсын!» – деп жаратты» дей отырып, жаратылыстағы (әдетте диалектикада) «антиномия» аталатындарды қарама-қарсылықтар ретінде емес, бір бүтінді толықтырушы жұптар ретінде қарастырады. Діндар Мәшһүр шығармаларында ажыратушылық емес, біріктірушілік идеялар онтологиялық биіктіктен қоғамға проекцияланып, адами арақатынастар деңгейіне түсіріледі. Діни құндылықтарды насихаттай отырып, жікке бөлінушіліктен, бүліктен бойды аулақ ұстап, қоғамның адамшылық тұрғыдан тазаруын, иман мен рухани нұрға бөленуін уағыздайды.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   47   48   49   50   51   52   53   54   ...   67




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет