Диплом алды практикасы бойынша портфолио IV курс 5В011200-«Химия білім бағдарламасы»



бет5/9
Дата10.05.2023
өлшемі352,67 Kb.
#91720
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
Äèïëîì àëäû ïðàêòèêàñû áîéûíøà ïîðòôîëèî IV êóðñ 5Â011200-«Õèìèÿ

Қорытынды
Бүкіл адамзат баласының ғылымды игеріп, жаңалықтар ашып, әлемнің жұмбақ сырларын ашқаннан бері де талай ғасыр өтті.
Бүгінде біз, ақпараттық технологияның қарыштап дамыған заманында өмір сүріп жатырмыз. Ақпараттың молдығы сондай, қабылдау мен түйсінудің өзі адам баласына көп күш түсіруде. Ал осындай заманның жас өскінін қалай оқытамыз, халық даналығына бой салсақ, «жақсыға үйретеміз, жаманнан жирендіреміз». Бұл бүгінгі ұстаздар қауымының алдында тұрған үлкен міндет.
Қазіргі таңда функционалдық сауаттылықа негізделіп отырған жаңартылған білім мазмұны оқушыға әр түрлi бiлiк дағдыларын қалыптастырып, ақыл-ой қабiлетiн жан жақты дамытуды мақсат етеді. Осы орайда, бiлiм беруде шәкiртке тек дайын бiлiмдi меңгертiп, оны қайталаумен шектелмей оқушының өзiндiк iзденiсiне, өзiндiк әрекетіне бағдар берiп, өзін және жолдастарының білімін өздігінен бағалай білу дағдыларын қалыптастыру көзделедi.
Сабақ барысында түрлі қызықты әдіс тәсілдерді қолданылуы оқушылардың пәнге деген қызығушылығын, білім сапасын арттыруға үлкен көмекші болды. Оған дәлел PISA тапсырмаларынан құрылған «кіру» және «шығу» тесттерінің нәтижесі. «Кіру» тестінен «шығу» тестінің жоғары болғанын көрсетті. Бұл оқушылардың да жаңашылдыққа, ұйымдастырушылыққа құштар бейім екенін көрсетеді.
Химиядан сын тұрғысынан ойлау әдістерін қолдану оқушыларды озық ойлауға, топпен бірлесе жұмыс жасауға, тез шешім қабылдауға бағдар жасады. «Мұғалім әрдайым ізденісте болса ғана шәкірт жанына нұр құя алады»,-деп Ахмет Байтұрсынұлы айтқандай, қазіргі таңда мұғалім әр тәсілді өзінше тиімді қолданғаны дұрыс. Тәжірибе барысында сын тұрғысынан ойлау әдістерінің көпшілігі қолданылды. Солардың ішінде «Джигсо», «Фишбоун», «Кім тапқыр?», «Инсерт», «Кластер стратегисы», «Эссе немесе еркін әңгіме», «Кинометафора», «Шахмат», «Кубизм», «Ыстық орындық», «Кейсс стади», «Өрмекші», «Т кестесі», «Буклет» , «Галерияға саяхат», «Бэкроним» әдістері тақырыпты түсіну, тақырыпты ашу мақсаттарында қолданылса, «Ақылдың алты қалпағы», «Ашық микрофон», «Бес саусақ», «Екі жұлдыз,бір тілек», «Мадақтау сэнвичі», «Екі түрлі түсініктеме», «Интервью», «Білім қоржыны», «БББ» , «Білім ағашы», «Ет тартқыш, себет, чемодан», «Бірауыз сөз» әдістері арқылы сабақ соңында кері байланыс әдісі ретінде қолданылды.
Зерттеу нәтижесінде білім сапалары 7 сыныпта 50%-56% ға 8 «А» сыныбы 54%-58% , 9 «А» сыныбы 61%-66%, 10 сынып 63%-66% ға дейін арттақанын көрсетті. Нәтижесінде химия пәнінде сын тұрғысынан ойлау әдістерінің білім сапасын арттыруға зор үлесі тиетіні дәлелденді.Оқыту жағдайында жаңартылған әдістер сабақ барысында кеңінен қолданылды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет