Диплом жұмысы 5В010800 «Дене шынықтыру және спорт»



бет3/12
Дата06.09.2022
өлшемі4,71 Mb.
#38500
түріДиплом
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
фкс дипломдық жоба

Зерттеу нысаны – Жалпы білім беретін мектептердің сыныптан тыс спорт секцияларында спортшылардың техникалық-тактикалық қабілетіне даярлау.
Зерттеу пәні – Жалпы білім беретін мектептердің сыныптан тыс спорт секцияларында спортшылардың техникалық-тактикалық дайындығының белсенділігін арттыру.
Зерттеудің мақсаты: Жас спортшыларға күрес өнерінің техникасы мен тактикасын және жан-жақты дайындықтың арасындағы өзара байланысты жетілдірудің әдістемесі.
Зерттеу міндеттері:
1. Жас палуандарға күрестің әдіс-тәсілдерін үйретудің педагогикалық маңызын көрсету.
2. Ұлттық қазақ күресінің басқа күрес түрлерінің арасындағы өзара байланысын анықтау.
3. Ұлттық қазақ күресінің әдіс –тәсілдерін үйретудің маңызын анықтау.
4. Жас палуандарды төрешілік етуге дайындау.
Зерттеудің ғылыми жаңашылдығы
1. Жалпы білім беретін мектептердің сыныптан тыс спорт секцияларында спортшылардың техника-тактикалық даярлығының негізгі ерекшеліктері анықталды.
2. Спорттық жаттығу кезеңіндегі күресшілердің тиімді оқу-жаттығу процесін ұйымдастыру үшін қажетті және жеткілікті педагогикалық жағдайлар жасап шығарылды.
3. Жарыс әрекетін бағалау технологиясы және оны қамтамасыз ету бағдарламалары негізделді.
Зерттеудің теориялық маңыздылығы. Жалпы білім беретін мектептердің сыныптан тыс спорт секцияларында спортшылардың техникалық әрекетін талдау орындалған. Осының негізінде Жалпы білім беретін мектептердің сыныптан тыс спорт секцияларында жасөспірім жастағы спортшыларды даярлау барысындағы оқыту жұмысының мазмұнына негіздеме берілген. Оқыту процесінің қазіргі технологиялары мен құрылымы қарастырылған.
Зерттеудің практикалық маңыздылығы. Диплом жұмысында алынған ережелер мен қорытындылардың жиынтығы балалармен жұмыс істейтін спорттық профильдегі педагогтың кәсіптік қызметінің тиімділігін арттыруға бағытталған жұмыста қолданылуы мүмкін. Зерттеуде алынған қорытындылар мен ұсыныстар дене шынықтыру клубтары мен спорт мектептері спортшыларына, спорт мектептеріндегі жаттықтырушылар, сонымен қатар дене шынықтыру қызметкерлерінің біліктілігін арттыру тыңдаушыларына арналған арнайы курстарға енгізілуі мүмкін. Бұл материалдар дене шынықтыру мен спорттық жаттықтырудың теориясы мен әдістемесін дамыту үшін, сонымен қатар жасөспірімдер спортының теориясы мен әдістемесі үшін маңызға ие.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет