2 cурет а,б,в. Жеңнен және жағадан ұстап арқадан асырып лақтыру
Екі палуан да оң жағымен тұрады. Шабуылдаушы аяқтарын иығының аралығындай алшақ, ал оң аяғын қарсыласының оң аяғына жақын қояды. Сол қолымен қарсыласының жеңінен, оң қолымен жағасынан ұстайды. Солға қарай айнала беріп, сол аяғын оң аяғының қасына қою керек. Арттағы (сол) аяғын қозғаған кезде оң аяғын солға бұрып өкшесін көтеруі тиіс. Денесін солға бұрып, қолдарымен қарсыласының кеудесін өзінің оң бүйіріне, ал оның қолын өзінің кеудесіне мықтап қысып, сол күйде еңкейеді.
Жамбасы қарсыласының жамбасынан сәл төменде, аяқтары бүгіліңкіреп тұрады. Сол қозғалған қолдарымен өзінің астына-төменге қарай жұлқып, еңкейіп барып, денесімен алға, солға айнала беріп, аяқтарын тіктеп алып құлайды. Бұл кезде басын солға бұрады. Тәсілді аяқтай бергенде қолдарымен тағы бір жұлқып, денесін солға барынша бұрып барып, қарсыласын жауырынымен кілемге түсіреді. [6,8,10,11.б. 70,168,143-144]
Қателіктер: қарсыласқа арқасын беріп әбден айналмағандықтан оны кілемнен көтеріп ала алмайды, жамбаспен қаққанда мүлт кетеді, аяғын ерте тіктегендіктен онымен қарсыласын қаға алмайды, қарсыласына арқасын беріп мықтап айналып кетсе, жамбасы қағуға келмей ілгері кетіп қалады, артқа жоғары қарай емес, тек жоғары қарай қағады.
Қорғану: белбеуден ұстап алып, қағатын жамбасын жақындатпау, еңкейіп бүйірімен қарсыласының бүйіріне не жамбасына тіреу, аяғын қарсыласының айналатын жағына қою, шабуылдаушының әр аттас аяғын іштен орап алу(кілемнен көтеріліп кеткенде).
Қарсы амалдар: кеудемен лақтыру, аяқтың басына көтеріліп арттан шалу.
Комбинациялар: іштен іліп, арқадан асырып лақтыру, иықтан асырып-арқадан асырып лақтыру, көтере беріп арқадан асырып лақтыру, алдынан шалып арқадан асырып лақтыру, тобықтан қағып арқадан асырып лақтыру,
3 cурет. Қолды қолтықпен қысып арқадан асырып лақтыру
Шабуылдаушы оң жағымен тұрады. Сол қолымен қарсыласы киімінің оң иығынан арқасына таман ұстап оған арқасына қарап айнала беріп, оң қолын бос күйінде оның басынан асыра жүргізеді де, қарсыласының сол қолын өзінің кеудесіне қысады. Айналып бола бергенде қарсыласының кеудесінің өзінің оң қолтығына қарай қайтарып, оның қолын қабырғасына қысып, кілемге түсіреді.
Тактикалық даярлық: қарсыласы шабуылдаушыны қолтығымен және жағасынан ұстап алды дейік. Оң қолын қарсыласының сол қолының үстімен жүргізе отырып оң қолынан босанып, солға бұрылып оң қолын қарсыласының аттас иығының астынан жіберіп лақтыру керек. Шабуылдаушы қарсыласын алдыңғы жағынан белбеуінен ұстағысы келеді, ал ол қорғанамын деп лақтыруға жағдай туғызады. [14,15,17,18.б. 105,312,136,53-97]
Қорғану: отыра беріп денесін шалқайтып және бос қолын шабуылдаушының кеудесіне немесе беліне түсіру керек.
Қарсы амалдар: денесі мен қолынан ұстап шалқайып лақтыру.
Комбинациялар: арттан шалу- қолдарын білекке салып арқадан асырып лақтыру, іштен аяқпен орау- қолдарын білекке салып арқадан асырып лақтыру.
Әдістемелік нұсқаулар: Арқадан асырып лақтыруды үйрену үшін әуелі тиісті бұлшық еттерді әбден дамыту керек, бұл тәсілдерді қауіпсіз орындау жолдарын үйрену қажет. Арқадан асырып лақтыру тәсілі қазақша күрестің ең тиімді тәсілдерінің бірі. Сондықтан ол қиын болса да басқа тәсілдердің соңые ала оны да оқу-жаттығу сабақтарында, белдесу кезінде үйрену керек.
Күрес кезінде палуан әрекеттерінің көбі қарсыласының қимылына қарсы әрекет болып табылады. Сондықтан спортшының терісімен бұлшық етінің сезгіштігінің үлкен маңызы бар. Өйткені оның қарсы әрекетінің шапшаңдығы едәуір дәрежеде палуаннның осы сезгіштік қасиетіне байланысты.Терісі мен бұлшық еті өте сезгіш, сонымен қатар техникасы жетілген әрі тәжірибелі болса, спортшы күрес кезінде болатын әр түрлі күтпеген жағдайларға дер кезінде жауап беріп, палуанның аса маңызды тактикалық құралы-қарсыласының алдын алып әрекет етеді. Жан-жақты дайындығы, күш, шыдамдылығы, икемі, т.б. жетілген сайын палуанның тактикасында өзгеріп отырады [4].
Тактика туралы білім терең десе, бұл әр балуанның мүмкіндіктерін толық көруге ықпал етеді. Мысалы, егер сіз жекпе-жек кезінде бәсекелестік күштерді тактикалық тұрғыда сауатты қолдансаңыз, сіз шаршамайсыз және ұзақ уақыт күресе аласыз.Қолданудың жылдамдығы және қарсыласқа әсер ету күші спортшының әр күрескен сайын өзгеріп отыратын жағдайды қалай дұрыс бағалай алатындығына байланысты және ең қолайлы сәтте әрекет етуіне байланысты.
Достарыңызбен бөлісу: |