Зерттеудің әдіс-тәсілдері:
І тарау
Батырлар жыры – тәрбие көзі
Өзінің ел-жұртын, халқын сүйген, оларға жан-тәнімен беріле адал қызмет кеткен және бұл жолда тамаша ерлік істер жасаған батырлар жайында шығарылған жырлардың бала тәрбиесінде алатын орны орасан зор. Мұны көп ғасыр бойына халықтың ұмытпай сақтап келуінің, сүйе жырлап, сүйсіне тыңдауының өзі-ақ дәлелдей түседі.
Халық өткен кезде батырлар жырын өскелең ұрпақты елін, Отанын сүюге, халыққа адал қызмет етуге тәрбиелейтін құралдың бірі есебінде пайдаланған. Жырдағы батырлардың ел қорғаудағы ерлік істерін жастарға үлгі, өнеге еткен. Бұл ретте де батырлар жырының тәрбиелік мәні болған.
Ертеден келе жатқан батырлар жыры біздің заманымызда да тәрбиелік мәнін жойған жоқ. Ескі мәдени мұраны қадірлей білетін оқулық құрастырушы әдіскерлер бұл жырлардың ең таңдаулысын, идеялық-көркемдік сапасы жоғарыларын пайдалануда. Бұған батырлар жырының ең таңдаулы үлгілерінің бастауыш сынып оқушыларына оқытылуы дәлел. Патриоттық ерлік істерді, Отанды сүюшілікті суреттейтін батырлар жырын халық аса жоғары бағалайды, ескіден сақталған мәдени мұраның – халықтық педагогиканың ең жақсы үлгілері деп таниды.
Достарыңызбен бөлісу: |