Диплом жұмысы тақырыбы: «Қазақ тіліндегі сөйлеу мәнді етістіктер»


СИНОНИМДІК ҚАТАР ЖӘНЕ ДОМИНАНТ МӘСЕЛЕСІ



бет14/20
Дата06.01.2022
өлшемі0,5 Mb.
#15146
түріДиплом
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   20
Байланысты:
Кулибаев Р.

СИНОНИМДІК ҚАТАР ЖӘНЕ ДОМИНАНТ МӘСЕЛЕСІ

Синонимдік қатар - әрбір ұғым – түсінікті барлық реңктерімен белгілей алатын сөздер тізбесі. Бұл қатардан көнерген сөздер мен кірме сөздерді, диалектизмдерді, байырғы сөздерді де кездестіруге болады. Синонимдердің негізгі басты белгісі – сөздердің бір ұғымды беру үшін мағыналық сәйкестіктерінің болуы. Егер синонимдер әртүрлі ұғымды білдірсе, ондай сөздерді синонимдік қатарға топтастыру мүмкін емес. Ал мағыналық реңкті синоним болудың негізгі шартты белгісі деп қабылдасақ, тілдегі синонимдердің бәрі бірдей экспрессивті реңк бере бермейді.

Зат есім синонимдердің мағыналарында стильдік реңк тудыра алмайтын синонимдер де бар. Мысалы, жауынгер сөзі әскери тәртіпті мойындайтын, соғыс тәсілін меңгерген адамдарға байланысты айтылатыны белгілі. Осы сөздің тарихи романдарда сарбаз, лашқар, әскер, жасауыл тәрізді синонимдік қатарлары да кездеседі. Бұл синонимдік қатардағы сөздер жауынгер сөзіне мағыналық реңк беріп, түрленіп қолданылып тұрған жоқ. Синонимдік қатарының көптігі жауынгер сөзінің қолданылу аясының кеңдігін көрсетеді. Сөзді синоним деп тануда оның бастапқы мағынасына мән беру керек. Бастапқы мағынадағы сөздің синонимдік қатардағы сөздер мен қарым-қатынасқа түсуі арқылы оның мағынасы сараланып, айқындала түседі. Синонимдік қатардағы сөздер туралы да пікір әр түрлі. Мәселен, О.Д.Богословская синонимдік қатар белгілі бір жүйеге бағынған сөздердің ертеден қалыптасқан тобы десе, В.А.Сиротинина синонимдік қатар синонимдік қарым-қатынаста алынған сөздердің тобы деп тұжырымдайды.

Синонимдік қатардағы сөздердің бәрі бірдей болып келе бермейді. Әрбір қатарда бір сөз басқа синонимдерге қарағанда басым айтылып, басқа сөздердің өз төңірегіне топтасуына негіз болады. Ондай сөздер синонимдік доминант немесе басым синоним деп аталады. Синонимдік қатардағы сөздер кейде әр түрлі мағыналық реңк беретін сөздерден тұруы мүмкін. Сондықтан синонимдік қатардан доминант сөзді белгілеу қиындық туғызады. Доминант сөзді белгілеуде сөздердің бастапқы мағынасы басшылыққа алынады. Мысалы, көршілес, қанаттас, қатарлас - көрші тұратын, қонысы бір адамдар. Осы сөзді контекст ішінде алып қарасақ:

«Сарыарқаны ең жайлап, көршілес жатқан екі ұлыстың арасында тағы да ерсілі – қарсылы ат жүгірту көбейді» (Ә.К)

«Сондықтан аталас ағайын іргелерін тым алшақ ұстамай, қанаттас, қатарлас қонғаны мақұл» (Қ.Ж.)

Осы сөздерден доминант сөзді бөлу үшін олардың мағыналарын ажыратамыз.

Көршілес – бұрынан сыралғы, таныс адамдар, бұл сөзде көркемдік реңк жоқ.

Қанаттас – осы ұғымды бергенмен, көркемдік реңк басым.

Қатарлас - сөзінің қатарына іргелес сөзін жатқызуға болады. Бұл сөздерде стильдік реңк жоқ, қатар қону деген мағына береді. Ал контекстегі негізгі ой «жау тырнағынан босаған жерге ел қондыру». Сондықтан қатарлас сөзінің мағынасы синонимдік қатардағы сөздерге ұйытқы болуы нәтижесінде басым болып тұр. Қатарлас сөзі іргелес сөзінің мағынасы мен дәл мөлшерде жиі қолданылады.

Кез келген синонимдік қатардағы доминант сөзді табу арқылы олардың арасындағы мағыналық реңктері мен стилитикалық ерекшеліктерін ажыратуға болады. Белгілі бір ұғымды толық сипаттап беру үшін шығармада екі не үш синоним сөз қатарынан қолданылатын тұстары жиі кездеседі де, қатар қолданылған синонимдер бірінің мағынасын бірі толықтырып тұрады. Бұндай жағдайда доминант сөзді анықтау қиындық тудырады. Сондықтан сөздің тұрақтанып қалыптасқан мағынасы мен контекстік мағынасын дұрыс ажырата білген жөн.

Тіл элементтері арасында парадигмалық байланыспен қатар синтагмалық байланыс та бар. Сондықтан сөз семантикасын синтагматикалық тұрғыдан қарастыру кезінде сөздердің үйлесімділігі мен тіркесімділігіне тоқталып өту қажет. Осы үшін үйлесімділік пен тіркесімділік сөздерінің ара жігін ажыратып алған жөн.

Егер үйлесімділік екі синонимнің синтаксистік байланысқа түсуі кезінде байқалса, ал тіркесімділік сөйлем құрамындағы сөздердің бәріне тән. Кейінгі жылдары сөздердің сөйлем ішінде бір бірімен тіркесу қабілетін көрсетуде валенттілік термині жиі қолданылып жүр. Мәселен, валенттілік пен тіркесімділік туралы сөздіктерде мынадай анықтама беріледі. «Валенттілік – сөздің басқа сөздермен синтаксистік байланыс жасау қабілеті, ал тіркесім – қатынастарды бейнелейтін ең негізгі қасиеттердің бірі.»

«Тіркесімділік – тілдің элементтерінің бір бірімен фонологиялық, семантикалық, грамматикалық ерекшеліктерімен сәйкесіп, сөйлеуде тізбектер құру қабілеттілігі»

Тіркесімділік те сөздің лексикалық мағынасынан келіп шығады да, семантика мен синтаксиске қатысты қарастырылады. Сөздің валенттілігін анықтау барысында жеке сөз мағынасы нақтылана түседі. Мысалы:

«Қымыз үстінде Әбілхайыр ханға жалынған, жалбарынған (М.М.)»

«Төрт айдан бері қажыған, шаршаған»

«Күзде таққа қолы жетпеген Дабашы мен Әмірсана қатты қапаланды, ашуланды» (Қ.Ж.)

Осы сөйлемдердегі жалынған, жалбарынған, қажыған, шаршаған, қапаланды, ашуланды синонимдері бір бірімен байланыста келіп, айтылған ойдың, іс - әрекеттің себебін, мақсатын, нәтижесін білдіреді.

Үйлесімділік сөз бен арасындағы байланыс болса, тіркесімділік сөйлем ішіндегі сөздердің байланысы болып табылады. Сөздердің үйлесімділігі қосарлану арқылы жасалған синонимдер қатарында да кездеседі.

Қос сөздердің үйлесімділік дәрежесі қосылған үйлесімділік және қиысқан үйлесімділік тұрғысынан қарастырылады.

Мысалы: ақыл – кеңес.

Бұл синонимдік жұптың бірінші сыңары «белгілі бір бағыт көрсету» болса, екінші сыңарының мағынасы – «бағытқа жетудің амалдарын сілтеу».

Осы екі сыңардын ішкі мағыналарының бірлікте келуі үйлесімділікке негіз болады.

Атақ – абырой.

Екі сыңарының мағынасы қиыса келіп, адамның еңбегі арқылы белгілі бір сый – құрметке ие болуы деген мағынаны білдіреді.



Қайғы – қасірет.

Бұл сөздің бірінші сыңарының мағынасы «басқа түскен қиыншылық» болса, екінші сыңары «қайғы» сөзінің мағынасынан басым келіп, стильдік мән беріп тұр. Яғни, қос сөздердің үйлесімділігінен қосарланған сыңарлардың стильдік ерекшеліктерін де аңғаруға болады. Мысалы:

«Сойылып жатқан мал сиыр мен қой, сойыс күткен табынды ірі қара, тұяқ» (М.М.)

«Көкше толы мал, мыңдап өрген аша тұяқ, үйірмен жайылған қылқұйрық»

Бұл сөйлемдердегі мал - тектік ұғым. Оған жылқы, сиыр, қой, ешкі, түйе сияқты үй жануарлары жатады. Бұл сөздердің «үй хайуандары», «адамға қызмет ететін», «пайдасы бар» деген мағыналар жинақталып, тектік ұғымға (малға) еніп тұр. Сонымен қатар олардың өздеріне тән ерекшеліктері мен белгілері бар.

Контексте түрлік қатыстағы сөздер ауыспалы мағынасында тұр. Аша тұяқ – сиыр, қылқұйрық – жылқы, тұяқ – қой. Бірақ ауыспалы мағынадағы сөздердің бәрі тектік ұғыммен байланысқа түсе алмайды. Ауыспалы мағынадағы аша тұяқ, қылқұйрық, тұяқ сөздері түр түрлік қатынасқа түседі де, тура мағынасындағы сөздермен (сиыр,жылқы,қой) синоним болады. Сондықтан аша тұяқ, қылқұйрық, тұяқ тектік ұғымға енетін сөздердің тек айырым белгілері ғана болады.

Синонимдік қатардағы сөздердің мағына ортақтығы мен айырым белгілерін анықтау арқылы «тепе-теңдік», орын ауыстырымдылық туралы пікірлерді біршама нақтылауға болады. Мысалы:

«Алда – ұлы мейрам, ұлаң – асыр мереке» (М.М.)

«Әлгінде көзі түсіп еді, кермедегі атына зорға жетіп, әзер аттанып кетті емес пе!» (Ә.К.)

«Екіншісі ата жұртым жау қолынан ада – күде тазарып, азат, еркін ел болғанын көріп өлсем деуші едім» (Қ.Ж.)

Енді осы контекстегі мейрам – мереке, зорға - әзер, азат – еркін синонимдерінің компоненттеріне талдау жасасақ, мейрам – мереке – «алда болатын қызықты, қуанышты күндер», зорға - әзер – «сыртқы фактордың әсері», азат – еркін – «соғыссыз өмір сүру» тәрізді мағына ортақтығы негізінде тең дәрежеде байланысып тұр. Бұл синонимдердің контекст ішінде орындарын ауыстырғанымен, сөйлем мағынасында өзгеріс болмайды.

Тілде вариант және дублет терминдерінің жігін ажыратуда әлі де болса қиындықтар кездеседі. Соған қарамастан олардың өзара айырмашылықтары бар екендігін де ескерген жөн. Егер фонетикалық варианттар бір сөздің түрліше дыбыстық ауытқуынан түзілсе, дублеттер мағыналық тепе-теңдікті білдіретін түбірі мен тұлғасы әр басқа сөздерден жасалады. Дублеттер синонимдермен астарласып жатады. Қарастырылып отырған көркем әдебиетте синонимдерді анықтауда жарыспа тұлғалардың екінші сыңары араб – парсы тілдерінен енген кірме сөздер екендігі байқалды. Мысалы:

«Керемет атады екен- ай - шешек жеңешем» (М.М.)



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет