Диплом жұмысы тақырыбы: «Қазақ тіліндегі сөйлеу мәнді етістіктер»



бет13/20
Дата06.01.2022
өлшемі0,5 Mb.
#15146
түріДиплом
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   20
Мағыналық-стuльдiк синонимдер. Синоним­дер кейде бiр-бiрiнен не мағынасы жағынан, не стильдiк мәнi жағынан өзгешеленiп, бiрыңғай болып келе бермейдi. Олар өзара epi мағыналық әpi стильдiк белгiлерi арқылы ерекшеленiп, екі жақты қарым -қатынас жасай алады. Мысалы, Kip - лас - сатпақ - қожалақ- салтақ, синоним­дiк қатарын алсақ алғашқы eкi сьңар мағыналық соңғы үш сөз стильдiк синонимдер болып тұр. Басқаша айтқан­да, синонимдiк eкi топ бiр-бiрiмен араласьш кеткен. ел· халық,ж-ұрт-әлеумет-халайьқ синонимдерiнен де осындай сипат аңғарылады. Ел, халык, бейтарап сөздердiң қатарына жатса, қалғандарының өздерiне тән стильдiк бояуы бар. Егер синонимдiк қатарда мағыналық синонимдердiң бiр­ақ сьңары болса, мағыналық-стильдiк топ жасай алмайды. Мағыналық топ құрайтын синонимдердiң стильдiк бояуы бар сөздермен араласьш келуi шарт. Өзара әрі мaғынaлық әрi стильдiк белгiлерi арқылы ерекшеленетiн, белгiлi бiр синонимдiк қатарда аралас топ құра алатын синонимдердi мағыналық-стильдік синонимдер деп атайды

Ал, фонема, сөз тіркесі сөйлемді ондай қасиеттің болуы мүмкін емес.

Осы белгілеріне қарап, сөздің мынадай анықтамасын жасауға болады.

Сөз дегеніміз белгілі бір мағынасы бар, құрылым жағынан тұтас, бір сөз табына тән болып келетін дыбыстар тіркесі.



Сөздің дыбысталуы мен мағынасы жағынан салыстырып қарағанда, синонимдер омонимдерге қарама-қарсы тұрған лексика-семантикалық тілдік құбылыстар. Омонимдер ұғымы басқа, дыбысталуы бірдей бірнеше сөз тобын білдірсе, синонимдер, керісінше, ұғымы бір, әр түрлі дыбысталып айтылатын сөздер тобын қамтиды. Синонимдер бір ұғымды білдіретіндіктен, олар тек бір ғана сөз табына қатысты болады. Синонимдер мен омонимдердің қатарына енген сөздердің сан мөлшері де ала-құла. Қазақ тілінде омонимдік қатарға енген сөздің саны негізінде 4- 5 тен аспайды. Ал синонимдік қатардағы сездердің саны кейде қырықтан да асып жығылады.

Синонимдер мынадай белгілеріне қарай топтастырылады.1.Сөздің дыбысталуында аз да болса, тұлғалық өзгешелігі болуы қажет.2.Сөздер бір ғана ұғымды білдіруі қажет. 3.Сөздер бір ғана сөз табына қатысты болуға тиіс. Бұл үш белгі — сөздерді синоним деп танудағы басты шарт. Сонымен қатар бір сөз табынан болған синонимдер бірыңғай грамматикалық тұлғада келіп, контексте бірін-бірі алмастырған жағдайда бір ғана сөйлем мүшесінің қызметін атқаруы синонимдердің қосымша белгісі болып табылады. Дыбысталуы әр басқа болғанымен, мағынасы жақын сөздер синонимдер делінеді.

Синонимдер сөздердің жалпы мағыналық бірлестігіне қарай топтастырылады. Яғни сөздер бір ғана акиқат шындықты көрсетіп, бір ғана ұғымды білдіретіндіктен, олар синоним деп танылады. Синонимдік қатардың мағыналық бірлігі сөздерді өзара жақындатып салыстыру үшін ғана емес, сонымен қатар оларды бір-біріне қарсы қойып ерекшелеуге де негіз болады. Синонимдер бір ғана ұғымды білдіреді дегеннен олардың мағынасы нақ бірдей, әр уакытта олардың мағынасы тепе-тең болып тұрады деген сыңар жақ ұғым тумаса керек. Сөз бен сөздің мағыналық байланысы алыс та, жакын да, тікелей де, жанама түрде де бола береді. Алыстың да алысы бар, жақынның да жақыны болады. Сөз мағынасының жақындығы деген де тым кең ұғым. Мәселен, той — мейраммереке — думан тамаша дегендер адам баласының қуанышы, қызықты күндерін білдіреді. Бұларды іштей «жалпыхалықтық қуанышты күңдер» (мейрам-мереке) және «жеке отбасының немесе бір ауылдың қуанышты күндері» (думан-тамаша) деп екі топқа бөлуге болады. Мұның ішіндегі той деген сөз қуанышты күндердің екі тобына да жалпылама айтылады. Өйткені бұл сөз кең мағынада да, тар ұғымда да жұмсала береді. Мысалы: Халық Абай тойын қызу қарсы алуга әзір отыр немесе Әшімбек баласының үйлену тойына дайындық жасап жатыр деуімізге болады.

Сол сияқты семіру — шелдену майлану — тойыну —жуан-дау —толу— қоңдану дегендер жан-жануарлардың арық күйден семіз күйге айналғандығын білдіретіндіктен, синоним деп танимыз. Бұларды да мағыналық жақындығына қарай екі жікке бөліп қарауға келеді:

а) адамға қатысты синонимдер (жуандау —толу); ә) басқа жан-жануарларға байланысты айтылатын синонимдер (шелдену майлану—тойыну— қоңдану). Ал семіру сөзі екі топқа да ортақ болып айтыла береді.

Сондай-ақ багалы-құнды-қымбат деген сындық ұғымды білдіретін синонимдердің де әркайсысына тән өзіндік ерекшелігі бар. Мәселен, багалы сыйлық, бағалы киім дегендегі мағыналық реңк құнды, қымбат сөзінде жоқ. Құнды пікір деп айтылғанымен, қымбат пікір деп айтылмайды.

Сонымен синонимдер белгілі бір ұғымды білдіргенімен, олардың арасындағы мағына жағынан толық сәйкестік, тепе-теңдік қасиет болмайды.

Синоним болып жұмсалатын мәндес сөздердің тобын синонимдік қатар немесе синонимдік ұя деп атайды. Синонимдік қатарға енген сөздердің ішінен бір сөз басқаларын мағына жағынан ұйыстыруға ұйтқы болатын тірек сөз деп тандалынып алынады. Бұл тіл білімінде доминант (тірек сөз) деп аталады. Доминант сөз мәндес сөздерді мағыналық жағынан ғана топтастырмайды, сонымен бірге синонимдік қатарларды әліппе жүйесіне келтіру үшін де мәнді қызмет атқарады. Доминант сөзді дұрыс анықтап, белгілеп алмай синонимдерді тәртіпке келтіру мүмкін емес. Сондықтан синоним сөздігін жасауда доминант сөзді іріктеп, сұрыптап алуға айрықша көңіл бөлінеді. Доминант сөзге синонимдік қатардағы сөздердің ішіндегі мағына жағынан ең айқын, стильдік мәні жағынан бейтарап, жалпы халыққа соншалықты танымал дегендері ғана таңдалынып алынады. Синонимдік қатарға топтастырылатын сөздердің шегін олардың логикалық бірлігіне қарап қана ажыратуға болады. Әрбір синонимдік қатардағы сөздер негізінен екі кезеңнен өтеді. Алғашқы кезеңде сөздер жалпы мағыналық бірлігіне қарай, ұқсастыру негізіңде синонимдік қатарға топтастырылады. Ұқсастыру бір ұядан туатын жалпы ұғымға бағыңдырылады. Жеке сөздің қара басындағы өзгешелік бұл кезеңде есепке алынбайды. Мәселен, ас—тамақдәмагам —ауқат дегеңдер адам баласының жейтін қоректік затын білдіретіндіктен, ең әуелі бір синонимдік қатарға топтастырылады. Бұлардың бір-бірінен ажырататын езгешеліктерін саралау—екінші кезеңдегі істелетін жұмыс. Синонимдік қатардағы сөздердің ұқсастығын табудан гөрі олардың бас-басына тән өзгешелігі мен ерекшелігін табу әлдеқайда қиын жұмыс. Синонимдер бір-бірінен мағыналық ренкі жағынан, стильдік мәні және басқадай сөздермен өзара қарым-қатынасқа түсіп, қолданылуы жағынан үш түрлі белгілері арқылы ажыратылады.

Тілдегі синонимдер әр түрлі жолдармен пайда болады. Қазақ тіліндегі синонимдердің келіп шығуының мынадай жолдары бар:

  1. Синонимдер көп мағыналы сөздердің есебінен жасалған.
    Мысалы: көз—жанар — сұқ көз —әйнек; көз жасу, көз—бұлақ бастау —қайнар; артуасу—озу; арту—көбею—молаю; әлді — күшті — мықты —қарулы—әулеттіәндемді; әлді — ауқатты дәулетті — қуатты — бай; тура — тік —түзу — тіке; тура — дұрыс жөн; тура — дәл шақ т. б.

  2. Синонимдер сөзжасам тәсілдері арқылы пайда болған:
    а) аффикстер арқылы: ауыздық — сулық, жемтік — өлімтік, басшы —жетекші, жемқор—парақор, өнім — түсім, ақылды —есті, маңызды мәнді, сүтті — құнарлы, қанагатсыз — тойымсыз, берекесіз құтсыз, дайынсыз, ажарлау өңдеу, ұсақтау майдалау, жоғарылау ілгерілеу, азайту — кеміту, қоштау —мақұлдау т. б.; ә) біріктіру арқылы: ақсақал отағасы, еңбекақы жалақы, қанішер — қанқұйлы — қаныпезер, доғабас айылбас т. б.;

б) қосарлау арқылы: ат-тұрман ер-тоқым; жоқ-жітіккедей-кепшік жарлы-жақыбай; алқын-толқын —аумалы-төкпелі; өліп-өшу — сүйіп-құшу —айналып-толгану, жыгылып-сүріну — сүрініп-қабыну, зым-зия — ұшты-күйді, іле-шала әп-сәтте жалма-жан т. б.; в) тіркесу арқылы: иіс су — иіс май, іш мерез — жылым құрт, көк ет — бауыр ет; г) омонимдер арқылы: тартпа — суырма, тартпа — төс айыл — алдыңгы айыл, табандау —ұлтандау, табандау — сіресу қасарысу —қырсыгу қыңыраю т. б.

3. Синонимдер кірме сездер арқылы пайда болған:

а) араб сөздері арқылы: халайық (халаиқ) — халық, жұрт, көпшілік; ақиқат (хәқиқат) шындық, растық; отан (уэтан)

ел, туган жер; әскер (гәскәр) жасақ, қол, шеру, қосын; уәлаят — (уилаят) өлке, облыс т. б.;



ә) парсы сөздері арқылы: батыр (баһадор) — батыл, ер; дихан (дәһқан) — егінші; шәкірт (шагирд) — оқушы; мейман (меһман) қонақ; зор (зур) — үлкен, дәу т. б.; б) монғол сөздері арқылы: аймақ (аймаг) — өңір — атрап — төңірек — маңай; жасақ (жасаг) — әскер,қол; дарқан (дархин) — жомарт, мырза, кең пейіл; үдере (өдер) — жедел, тоқтаусыз, жаппай; шешен (сәцен) — ділмар — сөзшең т. б.; в) орыс сөздері арқылы: бөтелке (бутъшка) — шыны, шөлмек; шен (чин) — атақ, дәреже, лауазым; бишік (бичик) — өгіз қамшы; кір (гиря) — таразы; сома (сумма)ақша, баға, құн, рет (ряд) —мәртебе. т. б.

4. Синонимдер диалектизмдердің есебінен жасалған. Диалектілік синонимдер әдеби тілдегі сөздермен мағыналас, мәндес
келуіне қарай екі топқа бөлінеді: а) сыртқы тұлғасы (дыбысталуы) бөтен (әдеби тілде кездеспейтін), бірақ әдеби сөзбен
мағынасы үйлес келетін сөздер. Мысалы: аданас аталас,
агайындас; атайман — өте, тым, аса; атымды — қ
ұнарлы,
шығымды; башалау — салалау, жіктеу, жекелеу; дәйіс —
ұятсыз, арсыз т. б.;

ә) сыртқы тұлғасы таныс (әдеби тілде кездесетін), бірақ білдіретін ұғымы басқа сөздер. Мысалы: астана — табалдырық; жар — қабырга; жедел— ерегес, жан-жал; көң қыстау; сым шалбар; сулулату — піштіру, кестіру; талап — жумыс; таға нагашы; тонау сонау, анау; ұрпақ — кебек т. б.

5. Синонимдер табу мен эвфемизмдердің есесінен молайған.
Мысалы: әулие-шешек, ит құс қасқыр; жасыл жай, найзагай;
қолды болу — ұрлану, жоғалу; күн байыды күн батты, кешкірдікөңіл жақын әуей, тамыр; аягы ауыр — жүкті, екі қабат; жасы ұлгаюқартаю; дүние салды — өлді, қайтыс болды т. б.

Қазақ тілінің синонимикасы негізінен өзінің ішкі мүмкіншіліктері арқылы байыған. Сонымен қатар өзінде жоқты өзге тілдерден ауысып алу нәтижесінде де кемелдене түскен.

Тілдегі синонимдер үш түрге бөлінеді: а) мағыналық синонимдер, ә) стильдік синонимдер, б) мағыналық-стильдік синонимдер.

Әрқайсысының өзіне тән мағыналық реңкі бар, стильдік жағынан шектелмейтін, тілдегі барлық салада талғаусыз, жалпылама қолданыла беретін синонимдер мағыналық синонимдер деп аталады. Мысалы: абырой — бедел — қадір, азайту — алу — кеміту — шегеру, батыл — өжет — өткір т. б.

Синонимдер табу мен эвфемизмдердің есесінен молайған.
Мысалы: әулие-шешек, ит құс қасқыр; жасыл жай, найзагай;
қол
ды болу — ұрлану, жоғалу; күн байыды күн батты, кешкірдікөңіл жақын әуей, тамыр; аягы ауыр — жүкті, екі қабат; жасы ұлгаюқартаю; дүние салды — өлді, қайтыс болды т. б.

Қазақ тілінің синонимикасы негізінен өзінің ішкі мүмкіншіліктері арқылы байыған. Сонымен қатар өзінде жоқты өзге тілдерден ауысып алу нәтижесінде де кемелдене түскен.

Тілдегі синонимдер үш түрге бөлінеді: а) мағыналық синонимдер, ә) стильдік синонимдер, б) мағыналық-стильдік синонимдер.

Әрқайсысының өзіне тән мағыналық реңкі бар, стильдік жағынан шектелмейтін, тілдегі барлық салада талғаусыз, жалпылама қолданыла беретін синонимдер мағыналық синонимдер деп аталады. Мысалы: абырой — бедел — қадір, азайту — алу — кеміту — шегеру, батыл — өжет — өткір т. б.

Стильдік синонимдер деп мағына жағынан ұқсас (тең) бола отырып, бір-бірінен стильдік бояуы арқылы өзгешеленетін мәндес сөздердің түрлерін айтамыз. Мысалы: ат — есім — ныспы, бәсеке бақас, жазгыру —күстәналау, жылау — еңіреу, өкпелеу — бұртию, бірсыпыра — біргауым, жуас — бұйыгы, таңертең — азанда, үлкен — дөкей т. б.

Тілдегі синонимдер бір-бірінен не мағыналық жағынан, не стильдік мәні жағынан өзгешеленіп., бірыңғай болып келе бермейді. Олар кейде әрі мағыналық әрі стильдік белгілері арқылы ерекшеленеді. Синонимдердің осындай түрлері мағыналық-стильдік синонимдер деп аталады. Мысалы: іздену — тімтіну, мақтаншақ — бөспе, тақия — төбетей — кепеш, сасу — иістену — мұңку — аңқу т. б.

Сөздің ішкі семантикалық байланысы оның мағынасы мен ұғымының арақатынасынан көрінеді. Сөз мағынасының зат, құбылыс, әрекет жайыңда түсінік, ұғым пайда болғаннан кейін қалыптасады. Егер белгілі бір зат туралы ұғымымыз болмаса, оның мағынасын да білмейміз. Ұғым бар жерде мағына бар. Демек, ұғымның болуы сөз мағынасының ең маңызды шарты болып табылады. Бірақ сөз мағынасының қалыптасуына ұғымнан басқа да себеп болатын жайттар бар. Сөз мағынасы заттық-логикалық ұғымнан басқа айтушының ақиқат дүниеге көзкарасын, әр түрлі көңіл-күйін, сезімін және сөздің грамматикалық сипатын да білдіре алады. Бұдан сөз мағынасының ұғымнан кең екенін көреміз. Мысалы: Тәй тәй, тәй!.. Қаз! Қаз! Қаз! Қарағым!.. апыл-тапыл басқанға мәз (Б.Майлин). Тату боп жүрсең нетті қағыңгыр-ау, Қоймапсың Боранбаймен төбелесті(Б.Майлин). Туу! Ойбай-ай! Құдай-ай! Обал-ай (I. Жансүгіров). Осындағы тәй-тәй, қаз-қаз,қарағым, түу, қагыңгыр-ау, ойбай-ай, құдай-ай, обал-ай тәрізді сөздер калыптасқан арнаулы мағыналарының үстіне адамның қуаныш, сүйініш, күйініш, таңырқау, таң қалу сезімдерін білдіріп, эмоциялық мән беріп тұр. Сөйтіп, сөз мағынасы ойды ғана біддірмейді, сонымен бірге сезім мен ерікті, көңіл күйін білдіру үшін де жұмсалатындығын аңғарамыз. Мұндай қасиет ұғымда кездеспейтіні белгілі.

Сөз мағынасының екі түрі бар: лексикалық мағына және грамматикалық мағына.Сөздің лексикалық мағынасы лексикологияда зерттеледі. В.В.Виноградовтың анықтамасы бойынша сөздің лексикалық мағынасы дегеніміз —«тілдің грамматикалық зандарына сай тұлғаланған, оның сөздігіне тән жалпы семантикалық жүйесінің элементі болып табылатын сөздің заттық-материалдық мазмұны». Сөздің лексикалық мағынасы зат, құбылыс, іс-әрекеттің санада бейнеленіп тұрақталған ұғымның мазмұнын қамтиды. Сөздің лексикалық мағынасын жете түсіну үшін, ең алдымен, сөздің заттық-логикалық мәнін, екіншіден, сөздің лексикалық. мағынасының оның басқа мағыналарымен қандай қарым-қатынаста екенін, үшіншіден, сөздің лексикалық мағынасын соған ұқсас басқа лексикалық мағыналардан ерекшелеп көрсететін белгілерін анықтау қажет. Осы айтылған шартты белгілер тұрғысынан қарасақ, мысалы, сиыр сөзінің анықтамасында мынадай заттық белгілер қамтылуға тиіс: 1) заттық мазмұны жағынан төрт түлік малдың бір түрі екендігі, 2) сырт көрінісі жағынан ірі қара малға жататыны, 3) табиғаты жағынан: а)мүйізді ірі қара мал, ә) айыр тұяқты мал, б) күйіс қайыратын мал екендігі. Міне сиыр сөзінің осыңдай белгілері оның баска мал түрлерінен ерекшелігін білдіреді.





    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   9   10   11   12   13   14   15   16   ...   20




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет